Ағадан – ақыл,
Атадан – нақыл.
Ер бала ата-анаға таяу,
Қыз бала үйге жаққан бояу.
Апам үйі – ақ жайлау.
Баланың ұяты әкеге,
Қыздың ұяты шешеге.
Әкесін сыйламаған кісіні,
Баласы сыйламайды.
Інісі бардың тынысы бар
Ағасы бардың жағасы бар.
Өз үйім - өлең төсегім.
Жалғыз ағаш үй болмас,
Жалғыз жігіт би болмас.
Үш ағайынды жігіттің отарда малы бар,
Екі ағайынды жігіттің мойында талы бар,
Жалғыз жігіттің шығар шықпас жаны бар.
Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны іледі.
Балаға байқап сөйлесең,
Ақылға көнер.
Байқамай шайқап сөйлесең,
Көрсетер бір «өнер».
Жасы кіші ініні
Ақылы артса аға тұт.
Жасы үлкен ағаны
Жақсы сыйлап жаға тұт.
Атасыз үй – батасыз,
Анасыз үй – панасыз.
Жақсы ата – орман,
Жақсы бала қорған.
Өсер жастың алдын кеспе,
Өсер ағаштың басын кеспе.
Өзінің шарқын білген,
Өзгенің нарқын біледі.
Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.
Аға әдепті болса, іні әдепті,
Апа әдепті болса, сіңілі әдепті.
Жас жемісті жұлма,
Жас баланы ұрма.
Ағадан – ақыл,
Ініден – ізет.
Әдепсіз бала
Ауыздықсыз атпен тең.
Ақылды қария
Жазып қойған хатпен тең.
Бала тәрбиесі – бесіктен.
Әжемді тыңдағаным –
Өзімді танығаным.
Ана алдында – құрмет
Ата алдында – қызмет.
Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атаңа ауыр жүк артпа.
Ата – балаға сыншы.
Атаңа не қылсаң,
Алдыңа сол келер.
Баланың бас ұстазы – ата-анасы
Ата – бәйтерек, бала – жапырақ.
Ата тілін алмаған ұлдан без,
Ана тілін алмаған қыздан без.
Атадан жақсы ұл туса, есіктегі басын төрге апарар,
Атадан жаман ұл туса, төрдегі басын есікке апарар.
Анасын сүйгеннің баласын сүй.
Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.
Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.
Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер.
Ана сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды.
Әкенің қадірін балалы болғанда білерсің.
Ана жақсылығын ауырсаң білерсің,
Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің.
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
Адам болатын бала алысқа қарайды.
Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.
Бала - адамның бауыр еті.
Бала - көңілдің гүлі, көздің нұры.
Жақсы бала - еліне бас болады,
Жаман бала - еліне қас болады.
Қарағайға қарап тал өсер,
Қатарына қарап бала өсер.
Қыз ырыс емес пе, ұл қоныс емес пе?
Өз балаң өзекке тепсең де кетпейді,
Кісі баласы кісендесең де тұрмайды.
Тайдың мінгені білінбес,
Баланың істегені білінбес.
Талапты бала – талпынған құстай,
Құмары қанбас аспанға ұшпай.
Ұлың өссе, ұлықтымен ауылдас бол,
Қызың өссе, қылықтымен ауылдас бол.
Ұл – қоныс, қыз - өріс.
Ұяты жоқ - ұл жаман,
Қылығы жоқ - қыз жаман.
Балам – балым, баламның баласы – жаным.
Күнсіз гүл өспес,
Күтусіз ұл өспес.
Атадан ұл қалса - өзі қалғаны,
Қыз қалса – ізі қалғаны.
Адам болатын бала ағайыншыл,
Бай болатын бала айырбасшыл.
Бала күлкіге тоймас, жаман ұйқыға тоймас.
Дүниеде бал тәтті,
Бала балдан да тәтті.
Талапты бала – талпынған құстай.
Қарға баласын аппағым дер,
Кірпі баласын жұмсағым дер.
Жеті атасын білмеген - жетімдіктің белгісі.
Бір жақсы қыз - екі жаман ұлға татиды.
Қыз жоқ жерде - қызық жоқ.
Астың дәмін тұз келтірер,
Ауылдың сәнін қыз келтірер.
Сенің табаныңа кірген тікен менің маңдайыма кірсін.
Алты ұл туған ананы -
Ханым десе болады,
Кезек сыйласқан ағайынды -
Жаным десе болады.
ТИЫМ СӨЗДЕР
Анаңа ауыз сөз айтпа.
Кісіге қарап күлме.
Адамды айналып жүгірме.
Жатқан адамның үстінен аттама.
Адамға қарап керілме.
Адамға қарап есінеме.
Босағаны керме.
Бас киімді теппе.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Абай. Қара сөздер. Поэмалар.- Алматы: Ел, 1992. – 272б.
Адалдық /Құраст. Н. Төреқұлов, Ө.Есназаров.- Алматы: Жазушы, 1964. – 68б.
Бұл жинаққа адалдық туралы шығармалар енгізіліп отыр. Олардың ішінде атақты жазушыларымыз М.Әуезовтың, С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтың, Ғ.Мұстафиннің шығармалары да бар.
Балаларды туған жерді, туған елді, Отанды сүюге баулу, адалдыққа үйрету – міне, кітаптың негізгі мақсаты осы.
Аймауытов Ж. Ақбілек: Роман. - Алматы: «Раритет», 2003.
240б.
Айтматов Ш. Боранды бекет: Роман.- Алматы: Жалын, 1986.- 304 б.
Ақыш Н. Алтынбек Қоразбаев: Деректі повесть. – Алматы: Балауса, 2003. – 140б.
Бұл деректі повесте қазақ халқының талантты ұлы, белгілі әнші-сазгер Алтынбек Қоразбаевтың балалық шағы мен шығармашылық өмірінің кейбір кезеңдері баяндалады. Кейіпкер өмірінің жалпы жұртшылық біле бермейтін қызықты да құпия қалтарыстарын қамтыған Асылов Ұ., Нұсқабайұлы Ж. Әдеп: инабаттылық дәрістері. – Алматы: Рауан, 1998. – 31б.
Асылбеков А. Бала тәрбесіндегі семьяның рөлі. – Алматы: Мектеп, 1966. – 18б.
Ахметова З. Шуақты күндер: Естелік, эссе. – Алматы: Жалын, 1987. – 264б.
Кітап Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында қан майданда әйгілі командирлердің бірі болған, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының өміріне арналған. Ақылы мен адамгершілігі мол, халықтың ер жүрек асыл перзентінің бейнесі келіні жазған бұл шығармада жан-жақты ашылды. Семьялық архивтен алынған суреттер де кітаптың мазмұнын толықтыра түседі.
Әуезов М. Абай жолы: Роман-эпопея.- Алматы: Жеті жарғы, 1997.-
1 кітап.- 320б.
2- кітап. - 352б.
3 –кітап.- 320б.
4- кітап.- 336б.
Әшімұлы А. ... Жан бөлек.- Алматы: Санат, 2001.- 208 б.
Бегалин С. Бала Шоқан. – Алматы: ҚМКӘБ., 1964.- 116 б.
Берік болсын босаға: Деректі әңгімелер, очерктер, мақалалар / Құраст. Ж.Солтиева. – Алматы: Жалын, 1988. – 246 б.
Қабанбаев М. Арыстан, мен, виоланчель және қасапхана: Повесть, әңгімелер. – Алматы: «Жалын», 1977. – 200б.
Жазушы жинағындағы «Арыстан, мен, виоланчель және қасапхана» атты повесі өз уақытында жасөспірімдер мен балаларға арналған шығармалардың республикалық конкурсында үшінші бәйге алған туынды.
Повесть кейіпкері сезімтал да ұшқыр қиялды бала. Негізгі сюжет осы Асан мен көрші үйдегі баланың арасындағы қарым-қатынасқа құрылады. Сонымен қоса шығармада ата-аналардың жас ұрпаққа тәрбие берудегі жаупкершілігі жайлы да сөз қозғалады. Повесть тілі жеңіл, юморға бай.
Қазақ ертегілері (Қиял-ғажайып және тұрмыс-салт ертегілері).- Алматы: «Балауса», 2001.- 262 б.
Құлжанов Б.Ж. Семьялық қарым-қатынастардың мәдениеті.- Алматы: Білім, 1986. – 38б.
Қоянбаев Ж. Балаларды семьяда тәрбиелеу. – Алматы: Білім, 1997. – 44б.
Момышұлы Б. Ұшқан ұя: Шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1975. – 384б.
Жинақтың жас буын мен жалпы қауымға берер өнегесі мол.
Момышұлы Б. Ұяда не көрсең..: Әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1988. – 44б.
Мұқанов С. Сұлушаш: Роман мен повесть.- Алматы: Атамұра, 2002.- 288б
Мұратбеков С. Жабайы алма: Повесть.- Алматы: Атамұра, 2002.- 400б.
Қазақ прозасы хас шеберлерінің бірі Сайын Мұратбековтың «Жабайы алма» атты шығармасы – кезінде қолдан-қолға тимей оқылатын дүние еді… Міне, араға жылдар салып сол шығармасы бүгінгі жас буын және баяғы сақа буын оқырмандарымен қайта жүздесіп отыр. Сонау сұрапыл соғыс жылдарындағы қабырғасы қайысқан балалық шақ пен бүгінгі балалар мен үлкендердің тұрмыс-тіршілігіндегі ұқсас жайттарды көзі қарақты, зерделі оқырман тап басып тани қояры ақиқат. Бұл шығарма бүгінгі кезең шындығымен астарласып жатқанымен де құнды.
Мүсірепов Ғ. Қазақ әйелі: Роман және әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1982.- 416б.
Әйел–ана тағдыры академик–жазушы Ғабит Мүсіреповтің сүйікті тақырыбы. Алып та, батыр да анадан туады ғой. Ана – тіршілік басы ғана емес, адамгершіліктің де өлшемі, қаһармандықтың да үлгісі. Қазақ халқының тарихын терең зерттеген жазушы өз шығармаларында әйел–ананың әлеуметтік рөлін, қоғамдық мәнін, патриоттық биік қасиеттерін зор шабытпен бейнелеген. Бұл кітапқа жазушының «Ұлпан» романы мен «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ақлима» және басқа белгілі әңгімелері тұңғыш рет топтастырылып беріліп отыр.
Мүсірепов Ғ. Өмір жорығы: Әңгімелер. - Алматы: Жазушы, 1964.- 100б.
Қазақ совет әдебиетінің көрнекті жазушысы Ғабит Мүсірепов қысқа әңгіме жазуда да шебер жазушы. Бұл жинағына Ана туралы әңгімелер циклы енді. Ананың мейірімділігі, тапқырлығы, ақпейілділігі суреттеледі.
Назарбаев Н. Туған елім – тірегім /Құраст. М.Қасымбеков, Қ.Әлімқұлов.- Алматы: Рауан, 2001.- 128б.
Бұл кітапқа Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кітаптарындағы, алқалы жиындар мен кездесулерде, ел аумағының әр жерлерінде сөйлеген сөздеріндегі өмірдің сан саласын қамтитын қанатты сөздері топтастырылған.
Нұржекеев Б. Күтумен кешкен ғұмыр: Роман және повестер.- Алматы: Жазушы, 1982.- 408б.
Адамгершілік қасиет, туған жерге деген сүйіспеншілік, адамдар арасындағы қатынас –жинақтағы шығармаларға ортақ өзек болып тартылған негізгі желілер.
Оңғарсынова Ф. Мен саған ғашық емес ем. - Алматы: Білім, 1997.- 168б.
Өтеуова Ж. Семьяда оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің кейбір мәселелері. – Алматы: Мектеп, 1966. – 32б.
Сейдімбек А. Аққыз: Повестер мен әңгімелер. - Алматы: Атамұра, 2002.- 288б.
Жинаққа жазушының оқырман қауым ықыласына бөленген «Күзеуде», «Аққыз»сияқты повестері мен әңгімелері енді.
Бұл шығармаларда халқымыздың рухани биік парасаты, төлтума қасиеттері, мәдени бітімі шыншылдықпен көрініс тауып, ата – бабаның арман–аңсары, адам өмірінің мәні мен сәні сөз болады. Жазушының құнарлы тілі, халықтың тарихы мен өмір салтына жүйріктігі айрықша ден қойғызады.
Соқпақбаев Б. Менің атым – Қожа: Повесть.- Астана: Елорда, 1999. – 468б.
Соқпақбаев Б. Балалық шаққа саяхат: Повесть, роман (Жоғарғы сынып оқушылары үшін). – Алматы: Балауса, 1992. – 528б.
Көрнекті балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың бұл жинағына «Балалық шаққа саяхат» повесі мен «Өлгендер қайтып келмейді» романы енді. Қалың оқырман қауымға белгілі шығармаларында қаламгер жас кейіпкерлерінің жан сезімін, бастан кешкен қиыншылықтарын шынайылықпен баяндап береді.
Тал бесіктен жер бесікке дейін: Қазақтың отбасылық ғұрып-жырлары / Құраст. К.Ісләмжанұлы. – Алматы: Ана тілі, 1995. – 272б.
Шәкәрім Құдайбердиев. Шығармалары: Өлеңдер, дастандар, қара сөздер /Құраст. М.Жармұхамедов; С.Дәуітов.- Алматы: Жазушы, 1988.- 560б.
Х1Х ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі ірі тұлғалардың бірі – Шәкәрім. Ол ұлы Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырған, эпикалық жанрдың дамуына үлкен үлес қосқан ірі ақын және ойшыл болды.
Шәкәрім шығармашылығы өзінің диапазоны кеңдігімен ерекшеленеді. Аталмыш жинаққа ақынның нақты өмір суреттерін, махаббат мәңгілігін, табиғат әсемдігін өзек еткен, сондай – ақ ақылгөйлік, ағартушылық, әлеуметтік-әшкерелеушілік сипаттағы өлеңдерімен қоса «Ләйлі – Мәжнүн», «Қалқаман – Мамыр», «Еңлік – Кебек», «Нартайлақ пен Айсұлу» сияқты ауқымды эпикалық поэма, дастандары мен прозалық шығармалары, қара сөздері іріктеліп, топтастырылып беріліп отыр.
* * *
Акбарова Ж. Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері //Бастауыш мектеп. – 2005. - №4. – Б.44-46
Атайбекова Ғ. Иманды жан - әдепті //Отбасы және балабақша. – 2005. - №5. – Б.14-16
Ахметов С. Ата-ана не үшін өмір сүреді //Тәрбие құралы. – 2005. -№3. – Б.76-77
Әділбекова Ш. Қоғам – отбасы берекесі //Қазақстан географиясы және экология мектепте және ЖОО-да оқыту. – 2005. - №1. – Б. 22 -23
Әубакірова А. Отбасындағы сыйластық //Бастауыш мектеп. – 2005. -№4. – Б.22-23
Бейсенбиева К. Бала – көңіл қуанышы // Отбасы және балабақша.-2000.- №3-4.- Б.3-4
Бейсенбіқызы К. Ұрпақ қамы – ел қамы //Отбасы және балабақша. – 1998. - №1-2. – Б.3-4
Бердібайқызы Қ. Өнеге әуелі - отбасынан //Қазақ батырлары. – 2005. - №4. – Б.22
Ермұханова З. Қазақстан – біздің үлкен отбасымыз //Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде. – 2005. - №3. – Б.107-109
Жәнібекова С. Абай отбасылық өмірі туралы //Қазақстан мектебі. – 2000. - №7. – Б.60-62
Қабылова Қ. Халықтық педагогиканың бала тәрбиесіндегі рөлі //Бала тәрбиесі. – 2005. - №4. – Б.33-34
Қожахметова К. Этнос субъектісін қалыптастыруда отбасының рөлі //Бастауыш мектеп. – 2005. - №2. – Б.24-26
Қосақова Г. Баланың бас ұстазы – ата-анасы //Бала тәрбиесі. – 2005. - №5. – Б.21-23
Миркенова Г. Отбасы тәрбиесінің маңызы //Бастауыш мектеп. – 2005. - №7. – Б.56-57
Мұқашева Ғ. Тәрбиенің бастауы - отбасынан //Бала тәрбиесі. – 2005. - №2. – Б.9-11
Неке және отбасы туралы: Қазақстан Республикасының Заңы //Заң газеті. – 1999. – 13 қаңт.
Нұғыспанова Ш. Отбасындаға бала тәрбиесі //Бастауыш мектеп. – 2005. - №1. –57б.
Оразбекұлы Қ. Отбасы тәрбиесі қанша кезеңге бөлінеді: (Этнопедагогика) //Бастауыш мектеп. – 2005. - №3. – Б.16-17
Отбасы және неке //Ақиқат. – 2001. - №12 – Б.91-96
Сәденов Ж. Балаларды отаншылдыққа тәрбиелеу отбасынан
басталады // Бала тәрбиесі.- 2004.- №5.- Б.18-19
Тастанова Р. Ата- аналардың әдептілігі // Тәрбие құралы.- 2005.- №4.- Б.75-76
Түйетаев Б. Бұл - ұлттық проблема: ( Бүгінгі қазақ отбасындағы бала тәрбиесі) // Түркістан.- 2005.- 1 қырқ.( №35).- Б.6
МАЗМҰНЫ
Отбасы – көркем әдебиетте
Отбасы – ақындар өлеңінде
Ұлағатты сөздер
Мақал-мәтелдер
Тиым сөздер
Құрастырған: Сағатова А.А.
Редакторы: Кенесары Т.
Техникалық редактор: Гольбрайхт М.А.
Шығаруға жауапкер: Кенесары Т.
Ќазаќстанныњ С. Бегалин атындаѓы мемлекеттік
республикалыќ балалар кітапханасыныњ ротапринтінде
басылѓан.
Алматы қ., Төле би көшесі, 27 үй.
Достарыңызбен бөлісу: |