Үшінші «Б» заңы БЕЛСЕНДІЛІК Отбасы мен мектептің белсенді ынтымақтастығы Ата-аналар жасайтын төрт негізгі қателік
Бірінші қателік:отбасы мен мектеп арасындағы әрекеттердің келісілмегендігі
Мектептегі келіспеушілікті бала бар жерде талқылауды доғарыңыз.
Мұғалімдер туралы теріс пікірлерге жол бермеңіз.
Мектеп әкімшілігі мен психологтардың, мұғалімдердің ұсыныстарын елеусіз қалдырмаңыз.
«Мектептен де басқа маңызды шаруалар бар» деген ұстанымды ұстанбаңыз.
Екінші қателік: қарым-қатынастардың эпизодтық сипаттамасы
Мектепке келу мәселесі «жайғдайдан жағдайға» ұласып не болмаса төтенше жағдайдың болуына байланысты сиреп кетпеуін қадағалаңыз.
Ата-аналар жиналысын және өзге шараларды елеусіз қалдырмаңыз.
Мектеппен қарым-қатынасыңыздың ауық-ауық және сирек болуының нәтижесі балаңыздың өмірі, оның достары мен қызығатын нәрселері, неге еліктейтіні жайлы өте аз білетініңіз болмақ.
Мұның барлығы түсініспеушіліктің көбеюі, ұстаздың, бала мен ата-ананың бір-бірінен алшақтауы мен ата-ананың ұстаздық мәдениетінің төмендеуіне әкеп соқтырады.
Осының салдарынан бала тәрбиесінде ата-ана мен ұстаз көптеген қателіктер жіберуі мүмкін.