Отбасындағы дау- дамайлар, олардың бала тәрбиесіне тигізетін теріс әсері


Отбасында ата -ана мен балалар арасында болып тұратын дау –дамайлардың психологиялық себептері төмендегідей



бет4/5
Дата26.11.2022
өлшемі21,43 Kb.
#159923
1   2   3   4   5
Байланысты:
Отбасындағы дау

Отбасында ата -ана мен балалар арасында болып тұратын дау –дамайлардың психологиялық себептері төмендегідей:

  • 1.Отбасындағы қарым-қатынас типтеріне байланыстылығы. Ғалымдар үйлесімді үйлесімі жоқ (гармоничный и дисгармоничный) типтерге бөледі. Үйлесімді типтегі отбасында дау-дамайлар ата -ана мен балалар арасында ақылмен дұрыс шешіледі, ал үйлесімі жоқ отбасында ерлі-зайыптылар арасындағы туындаған дау-дамайлар балаларда қорқыныш, мазасыздану тудырады.

  • 2. Отбасындағы деструктивті тәрбиенің белгілері:

    • Отбасында бала тәрбиесі туралы түрлі көзқарас;

    • Отбасында бала тәрбиесінде жүйеліліктің жоқтығы, қарама-қайшылықтың жиі болып тұруы;

    • Отбасында бала тәрбиесінде шектен тыс қорғаштау, тйым салу;

    • Балаға қатал талап қою,қорқыту, сын айту.

  • 3.Балалардың жастарына байланысты кризистерде дау–дамайлардың туындауы:

    • бір жас кезеңіндегі кризис;

    • «үш жастағы» кризис;

    • 6—7 жастағы кризис;

    • 12—14 жастағы балалардың жыныстық жетілуіне байланысты кризис;

    • 15-17 жас аралығындағы жеткіншек жастағы кризис (Д. Эльконин).

  • 5.Тұлғааралық факторларға байланысты дау–дамайлар. Оған эгоизм, эгоцентризм, жалқаулық, өзін жоғары бағалау т.б. жатқызуға болады.

Отбасында ата -ана мен жеткіншек жастағы балалар арасында болып тұратын дау –дамайлардың психологиялық себептері төмендегідей:

  • ата-ана мен жеткіншек жастағы балалар арасында қатынастардың тұрақсыздығына байланысты туындайтын дау –дамайлар;

  • -баланы шектен тыс қорғаштау;

  • -балалардың құқығын құрметтемеу, еркіндік бермеу;

  • әкенің беделінің басымдығы, баланы еріксіз көндіру.

Ата-аналардың әрекеттеріне балалар төмендегідей реакциялар білдіреді:
• оппозицияда болу;
қарсылық көрсету;
• шындықты ата-аналарынан жасыру, олармен қатынас жасаудан бас тарту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет