Байланысты: Отбасының әлеуметтік және құқықтық негіздері
Отбасына төмендегідей көмек түрлері көрсетіледі : 1. бала туғандағы ақшадай көмек көрсету.
2. еңбек, тұрмыстық, салық, кредит беру,дәрігерлік т.б.
3. отбасына, балаларға дәрі, киім, тамақ тегін беру.
4. балаларға әлеуметтік көмек көрсету( әлеуметтік,психологиялық, педагогикалық, заңнамалық көмек түрлері).
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты халыққа жолдауында: «Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге қазіргі ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын, әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте сақтауға тиіспіз»- деп қазіргі жанұяның әлеуметтік, мәдени, қоғамдық қызметі белсенділігінің маңызын жоғары бағалап, Республикадағы жанұялардың алдына қомақты міндеттер жүктеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2007 жылғы 28 ақпанында қабылданған "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты жолдауында: "Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге қазіргі ұрпақтың келер ұрпақтар алдындағы орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын,
әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте сақтауға тиіспіз" деп қазіргі жанұяның әлеуметтік, мәдени, қоғамдық білім қызметі белсенділігінің маңызын жоғары бағалаған. Жанұя мәселесіне көңіл бөле отырып, мемлекет үшін ең бастысы - маңызды әрі көкейтесті өмірлік қағидаттарды іске асыру үшін қазақстандықтарға:
• отбасын қамсыздандыру;
• тұрғын үй иелену;
• денсаулықты нығайту;
зейнетақыға жинақтаулар қалыптастыру жөнінде барлық қажетті жағдайлар туғызу болып табылады. Мемлекет қоғамның осындай көмекке шынында зәру мүшелерін қолдауға міндетті және сол үшін жауапкершілікті іс жүзінде өзіне алып отыр, олар ең алдымен: балалар, көп балалы аналар, ардагерлер, мүгедектер - деп Н.Ә.Назарбаев ерекше атап өткен еді. Сондай - ақ 2008 жылдың ақпанында қабылданған "Қазақстан халқының әл - ауқатын арттыру мемлекеттік
саясаттың басты мақсаты" атты жолдауында да "әсіресе ауыл тұрғындарының өмір тұрмысын жақсартуға, отбасыларға байланысты
• көмек түріндегі пособиялардың көлемін көбейту;
• 2009 жылдан бастап орташа алғанда 9%
сәби 1 жасқа толғанға дейін төленетін балаға күтім жасауға көмек пособияларын 2007 жылға қарағанда 2010 - 2011 жылдары 2,5 есеге ұлғайту;
2010 жылдан бастап 4-ші немесе одан кейін балаларға біруақтылы көмек көрсетуді 4 есе арттыру;
• бюджеттік сфера жұмысшыларының қаражатын 2009 жылы - 25 %, 2010 - 25%, 2011 - 30%.
Әр жыл сайын жағдайсыз отбасыларға мемлекет тарапынан өмір сүру, тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған түрлі көмек іс - шаралары жүргізіледі. Келешекте жағдайсыз отбасылардың саны азаяды деп сенудеміз.
Мемлекет қоғамның осындай көмекке шынында зәру мүшелерін қолдауға міндетті және сол үшін жауапкершілікті іс жүзінде өзіне алып отыр. Олар ең алдымен: балалар, көп балалы аналар, ардагерлер, мүгедектер, - деп Н.Ә.Назарбаев та жанұя маңызылығын атап өткен.
Сондай ақ , жылда шығатын Президенттің Жолдауларында да отбасы жағдайларына көп көңіл бөлініп отырғаңы белгілі . Мысалы, 2008 жылғы шыққанан Жолдауында баланың тууына байланысты біржолғы жәрдемақы мөлшері 34740 тенгеге дейін немесе 2 есе артылсын... Екіншіден,жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілікті , босануды және аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілсін делінген.т.б.Қазіргі қоғам талабы халық санының көбеюін мүдделеп отыр. Н.Назарбаев өзінің «Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі,қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы » деген Жолдауында «Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе,жұбайлардың бір бірінің алдындағы , ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз » деген.
Бірнеше облыстарда жетім балалар үшін приюттан шықаннан кейін өмірде өз орнын тапқанынша мысалы ,мамандық алып , үйленгенше өмір сүретін орын ол Дома Юношества, отбасы типіндегі ауылдарға орналасуға мүмкіндіктің болуы.