«отбасының суреті» тесті


Д. Б. Эльконин әзірлеген Графикалық бақылау



бет6/9
Дата18.11.2022
өлшемі41,46 Kb.
#158874
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Отбасы суреті
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
3. Д. Б. Эльконин әзірлеген Графикалық бақылау 

Мүқият тыңдау қабілетін, үлкендердің нұсқаларын нақты орындауын, бір бет қағазда бағдарлана білуді, өз бетінше үлкендердің тапсырмасы бойынша әрекет жасауын айқындайды. 


Өткізу үшін, бірінің астында бірі орналасқан, төрт нүкте сүретпен салыңған, бір бет клеткалы қағаз керек (дәптердікі). Нүктелер арасындағы қашықтық вертикаль бойынша шамамен 8 клетка болу керек. 
Тапсырма 
Зерттеу алдында ересек адам түсіндіредіт: “Қазір біз өрнек саламыз, олар әдемі және жинақы болып шығаруға тырысу керек. Ол үшін мені мұқият тыңдап, менім айтқандайымдай сүреттеу керек. Мен қанша клеткаға және қай жаққа қарай сен сызықты жасауын керек екенін айтып отырамын. Келесі сызықты сен бұрыңғысы біткен жерге салуын керек. Сенің оң қолың қайда екенін ұмытқан жоқсын ғой? Қолынды ол айтқан жаққа соз? (есікке, терезе қарай, т.б.). Мен сызықты оң жаққа қарай жаса дегенде, сен оны есікке қарай өткіз (кез келген көрнекті бағытты таңдау). Сол қолың қайда? Мен сызықты сол жаққа қарай жаса дегенде, қолыңды есіне ал ( немесе кез келген сол жақтағы бағыт). Ал енді сүрет салып көрейік. 
Бірінші өрнек – жаттығұшы, ол бағаланбайды, бала тек тапсырманы қалай түсінгені тексеріледі. 
“Қарындашты бірінші нүктеге қой. Қарындашты қағаздан ажыратпай сүрет сал: бір клетка төмен, бір клетка оңға, бір клетка жоғары, бір клетка оңға, бір клетка төмен, әрі қарай өзің осындай өрнекті салып жалғастыр.” Айтып отырған кезде, бала алдыңғы тапсырманы орындап үлгеру үшін, пауза жасау керек. Өрнек бүкіл беттің кендігіне жасалу міндетті емес. 
Орындау процессі кезінде оны қайраттандырып қоюға болады, бірақ өрнектің жасалуы бойынша ешқандай қосымша нұсқалар берілмейді. 
“Келесі өрнекті саламыз. Келесі нүктені тап, оған қарындашты қой. Дайынсын ба? Бір клетка жоғары, бір клетка оңға, бір клетка жоғары, бір клетка оңға, бір клетка төмен, бір клетка оңға, бір клетка төмен, бір клетка оңға. А енді өзін сол өрнекті салып жалғастыр.” 
2 минөттен кейін келесі тапсырманы келесі нүктеден жасай бастаймыз. 
“Назар аударыңыз! Үш клетка жоғары, бір клетка оңға, екі клетка төмен, бір клетка оңға, екі клетка жоғары, бір клетка оңға, үш клетка төмен, бір клетка оңға, екі клетка жоғары, 
бір клетка оңға, екі клетка төмен, бір клетка оңға. Енді өзін өрнекті әрі қарай салуды жалғастыр.” 
2 минуттан кейін – келесі тапсырма: “Қарындашты төменгі нүктеге қой. Назар аударыңыз! Үш клетка оңға, бір клетка жоғары, бір клетка солға, екі клетка жоғары, үш клетка оңға, екі клетка төмен, бір клетка солға, бір клетка төмен, үш клетка оңға, бір клетка жоғары, бір клетка солға, екі клетка жоғары. Енді өзің өрнекті салуды жалғастыр.” Келесі өрнектер болып шығуы тиіс: 
Қорытындыларды бағалау 
Жаттығушы өрнек бағаланбайды. Әр келесі өрнекте тапсырманың нақты жаңғыртуы және баланың өз бетінше өрнекті жалғастыру қабілеті қарастырылады. Тапсырма жақсы орындалған болып есептеледі, егер нақты жаңғыртуы болса (сызықтардың қисықтығы, “дірілдеген” сызық, “кір” бағаны төмендетпейді). Егер жаңғырту кезінде 1-2 қате жіберілсе – орташа деңгейде. Төменгі баға, егер жаңғырту кезінде бөлек элементтердің ғана ұқсастығы болса әлде ұқсастық тіпті де болмаса. Егер бала, қосымша сұрақ қоймай, өз бетінше өрнекті салып жалғастырса – тапсырма жақсы орындалды. Баланың жаңсақтығы, өрнекті салуды жалғастыруда жіберген қателіктері – орташа деңгейі. 
Егер бала өрнекті салуды жалғастырудан бас тартса әлде, оны салғанда бір де бір дұрыс сызық сала алмаса – орындаудың төмен деңгейі. 
Мұндай диктанттарды дамытылынған ойынға айналдыруға болады, олардың көмегімен балада ой-өріс, зейін қою, нұсқауды тындау қабілеті, логика дамиды. 
4. Лабиринт 
Мұндай тапсырмалар баллар журналдарында, мектепке дейінгі балалардың жұмыс дәптерлерінде жиі кездеседі. Көрнекі-схемалық ой-өрістің деңгейін (және жаттықтырады) (схемалармен, шартты белгілермен пайдалануды), ықылас-назарды дамытуды анықтайды. Осындай лабиринттардың біз бірнеше түрлерің ұсынамыз: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет