Тәжірбие жұмысының өзектілігі: Білім беру стандарттары 5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі кезең - мектеп жасына дейінгі баланың танымдық саласының дамуындағы маңызды белес. Мектепке дейінгі ересек жаста танымдық сала жалпы танымдық дамуда елеулі роль атқара бастайды. Бала бұл өмірде барлық нәрсе бір-бірінен оқшау емес, белгілі бір байланыс пен тәуелділікте, белгілі бір тәртіпте болатындығын түсінеді. Сондықтан, орта туралы жинақталған түсініктерді реттеуге танымдық қажеттілік пайда болады. Мектепке дейінгі балалардың танымдық қорында қоршаған ортаны танудың түрлі құралдары мен тәсілдері бар:
5-6 жастағы баланы танымдық дамыту міндеттері:
- баланың тұтас әлем жөніндегі түсініктерін жинақтайтын, кейбір айғақтардың (уақыт, белгі, белгілік жүйе) қарапайым түрде мәнін түсінуге дайындайтын жаңа мазмұнмен бала санасын байыту;
- логикалық операциялардың (талдау, салыстыру, жалпылау, жіктеу) көмегімен жинақталған және алынған ақпаратты жүйелеу;
- қоршаған ортаға балалардың ұқыпты қарауын, жасампаздық қатынасын қалыптастыруды жалғастыру.
Осы міндеттерді ойдағыдай іс жүзіне асыру үшін:
- баланың танымдық белсенділігінің мазмұнына;
- басшылық түрлері мен әдістеріне;
- заттық-танымдық ортаны құруға назар аудару қажет