Үшінші кезең (қортынды) - 2020-2021 жж.
- Зерттеу нәтижелерін жүйелеу және өңдеу.
- Теориялық және эксперименталды қорытындыларды нақтылау.
- " Логикалық ойындар" картотекаларын басылымға шығару.
- " Математика әлемі" жинағын шығару ( ойындар, жаттығулар, есептер).
- Әдістемелік және практикалық ұсыныстарды рәсімдеу.
- Жаңа технологиялар элементтерімен ұйымдастырылған оқу қызметтерінің технологиялық карталарының жинағын рәсімдеу.
Күтілетін нәтиже:
Қоршаған ортада көп зат пен бір затты табады, заттар тобын жанына қою және бірінің үстіне бірін қою әдістерін қолдана отырып салыстыра алады, көлеміне қарай екі затты салыстырады, заттардың көлемін, ұзындығын, биіктігін сөзбен белгілейді, шеңберді, шаршыны, үшбұрышты атауды, "жоғары", "төмеңгі", "сол жаққа", "оң жаққа" - ұғымдарын түсінігін, қолданады.
сөздерін түсінеді, тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін: (таңғы уақыт – кешкілік уақыт, күндізгі уақыт – түнгі уақыт) анықтайды.
Бұл жұмыстың нәтижесі балалардың математикалық түсініктер мен дағдыларды меңгеру деңгейін арттыру болады.
Кеңістік, уақыт арқылы бағдарлау, заттарды санау, сызықтар сандар, сандар қатары, математикалық ертегі, логикалық тапсырмалар, қызықты жаттығулар, дидактикалық ойындар, есептер, геометриялық пішіндер туралы танымдық қабілеттерін ойын арқылы дамытуға мүмкіндік береді.
Басқа сабақтармен ұштастыру, математика пәнін жапсыру, сурет, дене тәрбиесі, сөйлеуді дамыту, құрастыру пәндерімен байланыстыра өткізсе, тәрбиешінің балаларға және білім беру еңбегі нәтижелі болады.
Қорытынды:
Осы тәжірбиені жазу барасында мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеумен оқытуда балалардың танымдық белсенділігін жаңа технологиялар Дьенеш блоктары, Кюизенер таяқшалары, Б.П.Никитин, Фрёбель сыйы және дамытушы ойындарды пайдалана отырып, қарапайым математикада ойынның тиімділігін байқадым. Ол балаға зерттеу жасауға, алынған білімді талдауға, танымдық белсенділіктерін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл тәжірбиемнің жұмыс жасау барысында қойылған мақсаттарыма жете аламын. Балалар өз беттерімен шешім қабылдап, ойын арқылы жан –жақты дамиды. Осындай жұмыстарды жүргізу оң нәтижесін берері сөзсіз. Жұмысты қорытындылау барысында баламен бірлесе отырып математикалық ойындар,картотекалар, дамытушы бұрыштар жасалады. Топта танымдық қабілеттерін арттыратын логикалық ойындар жинағы жинақталады. Осы атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы балаларға жүйелі түрде балалардың дамуына оң әсерін береді деген ойдамын. Сондықтанда тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту барысында балалардың танымдық қабілетін дамытуда ойын әдістерін тиімді пайдалану, бала өмірінде маңызы зор. Өйткені баланың таным түйсігі ойыннан бастау алады да, болашақ өмірінде жалғасын табады деген қортындыға келдім.
Достарыңызбен бөлісу: |