ІV) Иллюстрациялы материалдар: берілген
V) Әдебиет:
негізгі:
қосымша:
VІ) Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
Электрлік көріністерді графикалық тіркеу әдісі қалай аталады?
ЭхоКГ клиникалық маңызын атаңыз
Жүректің қызметі кезінде жүректе пайда болатын дыбыстарды тіркеу әдісі қалай аталады?
№6
І) Тақырыбы: Асқазан-ішек жолы зақымдануының семиотикасы мен зерттеу әдістері.
ІІ) Мақсаты: Асқазан-ішек жолы зақымдануының семиотикасы мен зерттеу әдістерін меңгеру.
ІІІ) Дәріс тезистері:
Ауыру – жедел гастроэнтерологияның ең жиі белгілерінің бірі. Абдоминалды ауыру, ауырсыну сезімінің жалпы заңдылық генезіне сай, клиникалық әркелкілікпен ерекшеленеді. Ауырудың 3 түрін ажыратады: висцералды, соматикалық, берілген (отраженный).
1. Висцералды: зақымдалған мүшенің өзінде және қуыс мүшелері мен өтпелі жолдарының (өңеш, асқазан, ішек, өт жолдары, ұйқы безінің жолдары) тегіс бұлшықеттерінің тарылуынан туындайтын ауырсынулар;
2. Соматикалық:
- перфорациялар, пенетрациялар (перитонеалды аурулар);
Ауру кенет, әртүрлі ұзақтықпен басталып, біртіндеп бәсеңдейді, нақты орналасу орны болады, механикалық факторлар әсерінен (жөтел, жүру, дене қалпын өзгерту) күшейеді және қорғаныс реакциясын тудырады: құрсақ қуысы бұлшықеттерінің қатаюы түрінде, ағзаның жалпы қабыну үдерісіне жауабы ретінде, брадикардия, экстрасистолия, коллапс байқалуы мүмкін.
3. Берілген: асқорыту жолы мүшелерінің және басқа да жүйелер мен мүшелердегі патологияларды ажыратып, анықтауда маңызды орын алады. Өт жолдарының аурулары мен патологиялық үдерістің көкетке өтуіндегі ауырсыну оң иыққа, ұлтабар және ұйқы безі патологияларында – арқаға, бүйрек және несеп шығару жолдарының ауруларында – шап аймағына, өңеш пен асқазанның кардиалды бөлігінің ауруларында – көкірек қуысына беріледі. Берілген ауырсынулар дененің жеке бөліктерінің терісінде байқалуы мүмкін (Захарьин-Гед аймақтары), олардың диагностилық маңызы зор.
Ішті қарау. Ішті қарағанда – оның пішініне көңіл бөлу керек. Іш қалыптыдағыдай болады. Егер іш шемені, іш кебуі болса – үлкейеді. Бауыр ұлғайғанда, іштің жоғарғы жағы ісінеді, ал жатыр ұлғайғанда іштің төменгі жағы үлкейеді. Науқасты ішпен дем алдырып, құрсақ қабырғасы қозғалысын тексереді. Ауыру сезімі пайда болғанда, науқас терең тыныс ала алмайды. Осыдан кейін науқастың басын жоғары көтергізіп, іштің тік бұлшықетінің бір-бірінен бөлінуіне көңіл бөледі. Кіндік үсті аумағында антиперистальтиканың болуы тағамның дұрыс жылжуына кедергі пайда болғанын көрсетеді.
Құрсақ қуысының перкуссиясы. Құрсақ қуысына перкуссия жасау өте қолайсыз, өйткені асқазан мен ішектерден үлкен резонансқа сай тимпаникалық дыбыс естіледі. Сондықтан да әлсіз жеңіл перкуссия жасалады. Бұл әдіс құрсақ қуысындағы патологиялық үдерістермен бауырдың және көкбауырдың төменгі шекарасын анықтауға мүмкіндік береді.
Іштің перкуссиясы асқорыту жүйесінің аурулары туралы көп мәлімет бермейді. Ішектер іштің алдыңғы қабырғасында, орналасқандықтан, перкуссия әдісін қолданғанда әр түрлі тимпаникалық дыбыс шығады және ол әртүрлі дәрежеде болады, себебі ол ішекте түрлі газдар мен қатты заттардың болуына байланысты.
Дисфагия (грекше - қиындаған, қызметінің бұзылысы) тағамның өңеш арқылы өтуінің нашарлауы. Бұл өңеш ауруларында өте жиі кездесетін симптомдардың бірі. Науқас өңешіне астың тұрып қалуы (өңеш түйіліп) мен оның ауырғанын сезінеді. Дисфагия өңештің органикалық немесе функционалдық тарылуынан болады. Алғашқыда қою, сосын жұмсақ, соңында сұйық тағамның да жүруі нашарлайды. Өңешке бөгде зат түскенде, сол сияқты өңештің ішкі қабаты улы заттардың түсуіне байланысты күйгенде, дисфагия лезде пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |