Рентгенологиялық зерттеу: өңеш ауруларының диагностикасында маңызды орын алады. Қарсы көрсеткішіне оның қабырғасының бүтін еместігі жатады. Рентген әдісімен зерттеу кезінде науқас контрастты затты жұтады, оның өңешпен өтуі кезінде кілегей қабатының жағдайы, қозғалу қызметі, орналасуы, пішіні, көлемі,контуры зерттеледі. Қазіргі кезде рентген әдісінің мына төмендегідей түрлері қолданылады: контрастты рентгеноскопия мен рентгенография, екі есе күшейтілген контрасттау әдісі, рентгенокимография, компьютерлік томография, және т.б. әсіресе науқастың қалпын әртүрлі өзгертіп отырып рентгенге түсіру көп мәлімет береді.
Достарыңызбен бөлісу: |