Баллонно-кимографиялық әдіс: өңештің қозғалғыш қызметін анықтауға мүмкіндік береді.
Цитологиялық зерттеу: зерттеу материалы болып натрийдің изотониялық ерітіндісімен өңештің жұғындысы немесе баллонды зондтың көмегімен жасанды түрде қабырғадан алған жасуша табылады. Бұл зерттеуді қатерлі ісікке күдік болған барлық жағдайларға жүргізеді.
Асқазанның сөл бөлу қызметін зерттеу – асқазанның сөл бөлу қызметін, яғни асқазанның қышқылдық-пептидтік себеп-шарттар бөліп шығаруын зерттеу болып табылады. Тұз қышқылын жапсырмалы жасушалары түзеді және олардың қызметі күрделі нейрогормоналдық жүйемен байланысты болады.
Асқазанды көп моментті зерттеу оның сипаты туралы көптеген ақпарат береді, сондықтан қазіргі таңда асқазанның сөл бөліқызметін анықтау үшін жіңішке зондпен зондтауды қолданады.
Зондтық зерттеу таза асқазан сөлін алуға, оны секреторлық айналымның әртүрлі кезеңдерінде ұзақ уақыт зерттеуге, асқазан сөлінің тек сапалық қана емес, сонымен қатар сандақ құрамын да наықтауға мүмкіндік береді. Сөлді бөлушінің қоздырғышы зерттеу тапсырмалары мен мақсатына жауап беруі керек.