ІV) Иллюстрациялы материалдар: берілген
V) Әдебиет:
негізгі:
қосымша:
VІ) Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
Өңешті рентгенологиялық зерттеуге қарсы көрсеткіштерін атаңыз.
Асқазанның қозғалыс (моторлық-эвакуаторлық) қызметінің жағдайын қалай бағалайды?
Фиброэзофагоскопты қолдана отырып өңешт зерттеу әдістерінің қай түрі маңыздырақ?
№8
І) Тақырыбы: Несеп шығару жүйесі зақымдануының семиотикасы мен зерттеу әдістері.
ІІ) Мақсаты: Несеп шығару жүйесі зақымдануының семиотикасы мен зерттеу әдістерін (шағымдары, қарау, пальпация, перкуссия) меңгеру.
ІІІ) Дәріс тезистері:
Бүйрек және несеп шығару жүйесі аурулары бар науқастарды сұрастыру.
Науқастар ісіну, бас ауруы, бас айналу, көрудің нашарлауы, жүрек аймағының ауыруы, ентігу, тәбеттің болмауы, жүрек айну, құсу, бел аймығының ауырсынуы, несеп бөлудің бұзылуы, дене температурасының көтерілуі, жалпы мазасыздық, әлсіздікке шағымданады. Бірқатар жағдайда бүйректің кейбір ауруларында ұзақ уақыт бойы ешқандай бүйректік симптоматикасынсыз жүреді.
Бүйректің көптеген ауруларында несеп бөлудің бұзылысы байқалады, олар несептің жалпы және тәуліктік бөліну ырғағының бұзылуымен сипатталады.
Несептің белгілі бір уақыт аралығында бөлінуі диурездеп аталады.
Диурез оң мәнді – науқас тәулік бойы қабылдаған сұйықтықтан бөлінетін сұйықтықтың көп бөлінуінде; теріс мәнді – оған қарсы қатынаста болуы мүмкін. Теріс диурез ағзада сұйықтықтың ұсталып қалуында байқалады. Оң диурез – несеп айдағыш дәрілерді қабылдағаннан кейін, ісінулердің тарауында кездеседі.
Несеп бөлудің бұзылуы дизурия деп аталады – жиілеуі, ауырсынуы, қиын бөлінуі. Қуықтың қабыну ауруларында, тас, ісік пайда болуында кездеседі. Тәуліктік несеп көлемі 2 л асса полиурия деп атайды. Ол бүйрек және бүйректен тыс текті болуы мүмкін.
Жоғары салыстырмалы салмақтағы ұзақ полиурия қант диабетіне тән. Қант диабеті кезіндегі полиурия глюкозаға бай несептің жоғары осмостық қысымы нәтижесінде бүйрек өзекшелерінен судың қайта сіңірілуінің нашарлауынан туындайды.
Қантсыз диабеттегі полиурия гипофиздің артқы бөлігімен бөлінетін антидиуретикалық гормонның қанға жеткіліксіз түсуі себебінен кездеседі.
Төменгі тығыздықты несептің бөлінуімен жүретін тұрақсыз полиурия - гипоизостенурия – бүйрек ауруының белгісі болып табылады: созылмалы нефрит, созылмалы пиелонефрит, бүйрек өзекшелерінде реабсорбцияның төмендеуі және бүйрек жеткіліксіздігі дамитын бүйректік артериосклероз.
Бір тәулікте несептің 500 мл аз бөлінуі олигурия деп аталады.
Олигурия бүйректік және бүйректен тыс сипатта болуы мүмкін –сұйықтықты аз қабылдау, жоғары тер бөлгіштік, көп құсу, тоқтаусыз іш өту, жүрегі ауыратын науқастарда декомпенсация сатысында.
Несептің бөлінуінің толық тоқтауы анурия деп аталады. Бірнеше күнге созылған анурия уремия туындауы мен науқастың өліміне дейін әкелеуімен қауіпті.
Анурияның себептері: секреторлы анурия (бүйректермен несептің бөлінуінің бұзылуы) – жіті нефриттің ауыр түрінде, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде, нефронекрозда – сулемамен және т.б. нефротоксикалық улармен улану, сәйкес емес қан құйғанда, жүрек жеткіліксіздігінің ауыр түрінде, шок, массивті қан жоғалтуда, ұзақ жаншылу синдромы - ҰЖС.
Кейбір жағдайларда несептің бөлінуі бұзылмаған, бірақ ол несеп шығару жолдарында, несепағарда немесе несеп шығару түтіктерінде – тастың тұрып қалуы, шырышты қабатының қабынулық ісінуі, қатерлі ісіктің өсуі секілді кедергілердің болуынан шықпай қалуы мүмкін. Мұндай анурияны экскреторлы деп атайды және ол бүйректік шаншумен сипатталады.
Науқас естүссіз күйде жатып, қуықты босата алмайтын жағдайдағы несептің ұсталуын ишурия деп атайды.
Несеп шығарудың жиілеуі поллакиурия деп аталады, және де бұл кезде несепті тек күндіз ғана емес, түнде де бөлінеді.
Тәулік бойы бірдей уақыт аралығында бірдей көлемде несептің бөлінуі изурия деп аталады – бұл созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде кездеседі. Диурездің түнгі уақытта көп бөлінуін никтурия деп атайды, ол созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде, созылмалы гломерулонефритте, пиелонефритте, жүрек декомпенсациясында кездеседі.
Изостенурия - бірдей уақыт аралығында бірдей көлемде төменгі тығыздықты несептің бөлінуі, мысалы: 1,009-0,010.
Ауру тарихы
Алдын инфекциямен байланысының болуы (баспа, отит, ЖРА) жіті гломерулонефритке тән. Тұрмыстық және өндірістік уланулармен байланысының болуын да анықтау керек (сулема, фосфор қосылыстары, қан тобы сай келмейтін қанды құю).
Ауру ағымының сипатын анықтау: баяу, өршу кезеңдерімен өршімелі.
Достарыңызбен бөлісу: |