Асқазанның моторлық-эвакуаторлық қызметін анықтау: асқазанның қозғалғыш қызметінің жағдайы туралы асқазан тонусын зерттеу, оның перистальтикасын аш қарынға және тағам қабылдағаннан кейін, асқазанішілік қысым және эвакуаторлық қызметтерін зерттеу негізінде бағалаймыз.
Электрогастрография: асқазанның моторлық қызметін айқындайтын биопотенциалдарды тіркеу әдісі. Активті электродты іштің ортаңғы сызығы бойында, семсер тәрізді өсіндіде, асқазанның антралды бөлігінің проекциясы орнына орналастырамыз. Басқа электродты зерттелушінің тізесіне қояды. Электрогастрограмманы жазуды сынамалы таңға астан кейін жүргізеді.
Эндорадиозондтау: радиотелеметриялық зерттеудің принципі, белгілі бір физиологиялық, физикалық және химиялық көрініске әсер ететін асқорыту жолында орналастырылатын, миниатюрлі өткізгіш – эндорадиозонд белгілерін (сигнал) тіркеу арқылы іске асырады. Эндорадиозонды цилиндр формалы және зерттелетін параметр өзгерістерін (қысым, рН, температура) қабылдаушы датчиктен және сызбасына миниатюрлі қоректендіру көзі де қосылған, жиіліктің электромагниттік тербелістерінің генераторынан тұрады. Зерттеуді науқастың жатқан қалпында жүргізеді.
Рентгенологиялық зерттеу: рентгеноскопия және рентгенография асқазанның формасын, биіктігін, қалпын, қозғалғыштығын, жараның, асқазан ісігінің орналасу орнын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, рентгенологиялық әдіс асқазанның шырышты қабатының рельефін және оның функционалдық жағдайын да анықтай алады.
Гастроскопия – асқазанды гастроскоп көмегімен анықтау әдісі. Қазіргі кезде жұмсақ гастроскоп – виброскопты жиі қолдануда. Гастроскопия асқазанның кілегей қабатының жағдайы туралы толық мәлімет береді: оның түсі, бетінің өзгеруі, гастриттің сипаты және орналасқан жері, эрозивтік және ойық жаралық зақымдануы, өспелердің бар-жоғы. Биопсиялық қысқыштардың көмегімен тіннің шетінен аздаған бөлігі алынады және ол алынған зат морфологиялық зерттеуге бағыттылады, суретке түсіру және бейне суретке түсіруге де болады.
Достарыңызбен бөлісу: |