Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет10/18
Дата15.09.2017
өлшемі5,59 Mb.
#33129
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

7.Сабақтың мазмұны:

  • Өз бетімен атқаратын жұмыс (аурулармен атқаратын жұмыс, тәжірибелік дағдыны меңгеру және бекіту, анамнез жинау, клиникалық тексеру және т.б.), диагностика кабинетіндегі жұмыс және т.б.

  • Оқытушымен бірге атқаратын жұмыс ( жеке немесе топпен; өз бетімен өткізген жұмыс қорытындысын талдау, аурулардың клиникалық талдауы және т.б.).

  • Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау (тест, ситуациялық есептер, тәжірибелік дағдылар т.б.).


Тесттер.
1. Перинаталдық гипоксияның дамуына алып келетін себептер:

А) кіндіктің мойынға оралып қалуы

Б) анасының созылмалы аурулары

В) жүктіліктің екінші жартысындағы токсикоз

Г) ұрықтың ауруы

Д) жүктілікті сақтап қалу үшін гормондардың қолданылуы


2. Гипоксиялық асфиксияның себебі:

А) гемоглобин инактивациясына байланысты

Б) қан айналу бұзылуынан

В) оттегі жеткізілуінің тежелуінен

Г) ұлпалық қышқылдану процессі бұзылуынан

Д) ұлпалық сілтілену процессі бұзылуынан


3. Нәрестелер асфиксиясына алып келетін ятрогенді себептерге жатпайды:

А) вакуумэкстракция

Б) активті босандыру

В) дәрілік ұйқы

Г) босануда акушерлік араласулар

Д) тамақтану тәртібінің бұзылысы


4. Циркуляторлық асфиксияның себебі:

А) ұлпалық қышқылдану процессі бұзылуынан

Б) қан айналу бұзылуынан

В) ұлпалық сілтілену процессі бұзылуынан

Г) гемоглобин инактивациясына байланысты

Д) оттегі жеткізілуінің тежелуінен


5. Гемиялық асфиксияның себебі:

А) ұлпалық сілтілену процессі бұзылуынан

Б) қан айналу бұзылуынан

В) ұлпалық қышқылдану процессі бұзылуынан

Г) гемоглобин инактивациясына байланысты

Д) оттегі жеткізілуінің тежелуінен


6. Асфиксияның жеңіл дәрежесіне тән емес:

А) тынысы ретсіз

Б) жүрек соғысы минутына 100-ден жоғары

В) бұлшықет тонусы қалыпты

Г) тітіркендіргішке жауап жоқ

Д) тері қабаттары қызғылт түсті


7. Асфиксиясының ауыр түріне тән емес:

А) бұлшықет атониясы

Б) Чейн-Стокс тынысы

В) жүрек соғысы минутына 100-ден төмен

Г) тітіркендіргіштерге жауап жоқ

Д) тері қабаттарының қызғыш түсті болуы


8. Апгар шкаласы бойынша асфиксияның орташа дәрежесіне ... балл тән.

А) 1-2


Б) 4-5

В) 0-3


Г) 9-10

Д) 6-7


9. Апгар шкаласы бойынша асфиксияның ауыр дәрежесіне ... балл тән.

А) 7-8


Б) 4-5

В) 6-7


Г) 0-3

Д) 9-10
10. “Көк асфиксияға” тән белгі:

А) пульс жиілігі минутына 100 рет және одан көп

Б) жүрек тондары тұйықталған

В) тынысы жоқ

Г) гипотония, гипорефлексия

Д) пульс жиілігі минутына 100 реттен кем
11. “Ақ асфиксияға” тән белгілерге жатпайды:

А) тынысы жоқ

Б) жүрек тондары тұйықталған

В) пульс жиілігі минутына 100 рет және одан көп

Г) гипотония, гипорефлексия

Д) пульс жиілігі минутына 100 реттен кем


12. Асфиксияда мидың зақымдану ауырлығына байланысты байқалатын синдромдарға жатпайды:

А) тежелу синдромы

Б) пролиферациялық синдром

В) қозғыштық синдромы

Г) бас сүйек ішілік гипертензия

Д) құрысу синдромы


13. Нәрестелерде асфиксияның ажырату диагностикасын жүргізбейді:

А) сепсиспен

Б) құрсакішілік инфекциямен

В) бас сүйек ішілік жарақатпен

Г) жүректің тума ақауларымен

Д) бүйрек үсті безінің жедел жетіспешілігімен


14. Гипоксиямен туылған балаға бірінші кезекте қолданылатын шаралар:

А) жүрек препараттарын енгізу

Б) жедел түрде нәрестенің алғашқы тазалауын жүргізу

В) тыныс аналептиктерін енгізу

Г) оттегі емін қолдану

Д) диуретиктерді енгізу


15. Оксигенотерапия асқынуларына жатпайды:

А) тыныстың басылуы

Б) ретинопатия

В) есіту қабілетінің төмендеуі

Г) сурфактант тапшылығы

Д) бронх-өкпелік дисплазия


16. Нәрестелерді асфиксияның ауыр түрінен шығару тактикасына жатпайды:

А) гормонотерапия тағайындау

Б) бала басының босану жолдарынан пайда болғанынан бастап, ауыз және мұрын

қуысынан кілегейді сорып, алып тастау

В) трахеяны интубациялау, трахея, бронх ішіндегі сұйықтықты сорып, алып тастау

Г) өздігінше тыныс болмағанда—жасанды өкпе вентиляциясы

Д) зондпен асқазан сұйықтығын алып тастау, метаболикалық бұзылыстарды

коррекциялау


17. Асфиксияның ерте асқынуларына жатпайды :

А) өкпе гипертензиясы

Б) менингит

В) шок


Г) бас сүйек ішілік қан құйылу

Д) мидың ісінуі


Ситуациялық есептер.

Есеп № 1. Ася жүктіліктің 39 апталығында 4000 г. салмақпен туылды. Туылғаннан

1 минуттан кейін тыныс алуы бір тегіс емес болды, жүрек соғуының жиілігі -1 минутына 60 рет. Қапшық және бетперде жәрдемімен реанимациялық шаралар жүргізгеннен 2 минут кейін тыныс алуы қалпына келмеді, жүрек соғуының жиілігі 1 минутына 100 ретке дейін жоғарылады.


Сұрақ: 1. Осы жағдайдағы сіздің әрекетіңіз?

Есеп № 2. Александр жүктіліктің 37 апталығында 1800 г. салмақпен туылды. Нәрестеде

цианоз, гипотония, бір тегіс емес тыныс алу байқалды, жүрек соғуының жиілігі1

минутына 90 рет болды. Терісіне меконий жағылған.
Сұрақ: 1. Нәрестенің жағдайын қалай жіктейсіз?

Кардиоревматология

1.Тақырыбы: Жедел ревматикалық қызба (ЖРҚ).

2.Оқу сағат саны 7,2 сағат.

3.Тақырып өзектілігі. Жасөспірімдерге «жедел ревматикалық қызба» диагнозын қою оңайға түспейді. ЖРҚ-ны тану үшін дәрігерлерде бірде-бір спецификалық тестердің қолдарында болмағандықтан, сондықтан науқастарды зертеуде синдромдық әдістерді қолданады.

Педиатор А.А Киселев нұсқаған ЖРҚ-ның 5-негізгі синдромын бөліп көрсетті (полиартрит, хорея, аннулярлық эритема, ревматизмдік тері асты түйіндер, кардит).

Дәрігер-педиатор ЖРҚ-ның клиникасын, негізгі диагностикасын, емін және профилактикалық шараларын білу керек.

4. Сабақтың мақсаты:

Дәрігер-интерн білуге тиіс:


  • Қалыпты және патологиялық жағдайдағы қан айналым жүйесі мүшелерінің анатомиясы мен физиологиясын;

  • Жедел ревматикалық қызбаның этиологиясы, патогенезі, негізгі синдромдары мен симптомдары, асқынуларын;

  • ЭКГ, ЭхоКГ, жүректі рентгенологиялық зерттеуге, ангиографияға, АҚ тәуліктік монитерлеуге көрсеткішін;

  • Буындарға жүргізілетін рентгенологиялық компьютерлік-томографиялық, МРТ зерттеу әдістеріне көрсеткішін;

  • Жедел ревматикалық қызбаның емінде қолданылатын негізгі дәрілік заттардың көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері және жанама әсерін;

  • Жедел ревматикалық қызбасы бар науқастарды диагностикалау мен емдеу хаттамасын;

  • Жедел ревматикалық қызбаны болжауды.

Дәрігер-интерн істей алуға тиіс:

  • Әртүрлік жастағы балалардың артериялық қысымын есептеуді;

  • Электрокардиографиялық зерттеуді;

  • Тірек-қимыл аппараттарын зерттеуін;

  • Буын функцияларының бұзылыстарын анықтауды;

  • Биохимиялық қан анализінің көрсеткішін бағалауды (СРБ, белоктық фракциялар, КФК, ЛДГ, АСЛ-О, ревмофакторлар, LE-клеткалар, АНФ, ФНО-альфа);

  • ЭКГ, ФКГ, ЭхоКГ-ні бағалауды;

  • Көкірек клеткасының рентгенографиясын бағалауды;

  • Буындардың рентгендік, магнитті-резононсты компьютерлік томографиялық тексеру нәтижелерін бағалауды;

  • Буынды ультрадыбыстық тексеруін бағалауды;

  • Жедел ревматикалық қызбаныны диагностикалауды және емдеуді.


5. Сабаққа дайындалу сұрақтары:

- негізгі білім бойынша:

1.Балаларда жүрек қантамыр жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері.

2. Кардит, миокардит, эндокардит, перикардит, панкардиттің клиникасы.

3.Тума және жүре пайда болған жүрек ақаулары. Диагностикалық және емдік методика.



- осы сабақ тақырыбы бойынша:

  1. Соңғы жіктелуі.

  2. ЖРҚ-ның негізгі және қосымша белгілері.

  3. Қазіргі жағдайдағы ревматикалық қызбаның клиникалық ағымының ерекшеліктері.

  4. Диф.диагностика.

  5. Емі.

  6. Біріншілік және екіншілік алдын-алуы.


6.Ақпараттық-дидактикалық блок

Жедел ревматикалық қызба (ЖРҚ)

Жедел ревматикалық қызба – тонзиллиттің (ангинаның) немесе фарингиттің, А-тобының в- гемолитическалық стрептококкты (БГСА) инфекциясының асқынуларынан кейін болады. Бұл дәнекер тіннің жүйелі қабынуы, оның ішінде әсіресе жүрек қантамыр жүйесін (ревмокардит) зақымдайды, буындарды (ревматикалық полиартрит), жүйке жүйесін (кіші хорея) және (сақиналы эритема, ревматикалық түйін).

Бейімделген адамдарда ғана дамиды, негізінде жастардың (7-15 жаста) ағзаларының стрептокктың антиненіне аутоиммундық жауаппен байланысты және тіннің зақымдалуының аутоантигеннің реактивті қиылысының ұқсамасы. Ревматизм балалар жасындағы патологиясында ең алдынғы орын алады, 80% біріншілік ревматизм ауруы 15 жастағы балаларда болады, ал ересектерде осы ауру балалық шақтағы аурудың жалғасы болады.

Барлық жер шарына ауру таратылады, сотүстік және оңтүстікте жилігі бірдей таралады, 2-3% оқушыларды зақымдайды.
Ревматизмнің патогенезі


Стрептококктің

А тобы





Генетикалық бейімделу



Токсиндер, ферментер, компонентер, қоздырғыштар




Иммунитетің клеткалық тобының бұзхылысы




Токсичндеодің әсері




Иммунологиялық реактиві



Адмдардың тінін, клеткасын, мембранасын зақымдау





Адмдардың аутоантигендерінің құрылуы немесе антигендердің қиылысуына әсер ететін





антигендердің қиылысуына әсер ететін






антигендердің қиылысуына әсер етпейтін



Тінің токсикалық зақымдалуы





Антидене қиылысына әсер ететін бірге стрептоккоты антигенмен және кейбір адам ағзасының тінінің аутоиммундық жауапты құрайды




Антистрептококкты антидене АСЛ-0, АСК, АСГ ағзада айналады және пайда болуы жоғары





Тінді аутоиммунды зақымдайды





Иммунды комплекстің пайда болуымен айналады




Стептококкпен антдене байланысып және оны бұзады



Ревматизімнің клиникалық көрнісі

Патоморфологиясы

Дәнекер тіннің патологиялық процессінің дауы 4 сатыдан тұрады:


  1. Мукоидты ісіну (қайтымды түрі).

  2. Фибриноид шығуы.

  3. Грануломатоз ( Ашоф- Талалаев гранулемалаларының пайда болуы).

  4. Склероз және гиалиноз.

Ревматизімнің жіктелуі (А.И. Нестеров, 1964 ж. ұсынған)


Фаза және белсенділігінің дәрежесі

Клинико-анатомиялық зақымдалудың мінездемесі

Ағым сипаты

Қанайналыс бұзылысы

Жүрек

Басқа жүйелер мен ағзалар

Өршіген

Ревмокардит біріншілік қақапақшалар ақаусыз

Полиартрит, серозиттер (плеврит, перитонит, абдоминалдық синдром)

Жедел

ҚБ0

Өршіген дәрежесі I, II, III

Ревмокардит қайталанған (қандай) қақпақша ақауы

Хорея, энцефалит, менингоэнцефалит, церебралдық васкулит, нерв-психическалық бұзылыс

Жеделдеу, Созылмалы

ҚБI

ҚБIIа

ҚБIIб


Өшкен

  1. Ревматикалық миокардиосклерез

  2. Жүрек ақауы (қандай)

Жүректен басқа өзгерістердің салдары мен қалдықтары


Толассыз қайталау,

Жасырын



ҚБIII

Жедел ревматикалық қызбаның (ЖРҚ) жіктелуі (Росияда ревматологиялық съезд, 1996 ж.)




Клиникалық синдромы

Бесендік дәрежесі

Ағымы

Соңы (өшкен фазасы)

Қанайналыс бұзылысының дәрежесі

Негізгі

Қосымша

Біріншілік ревмокардит

Сақиналы эритема

III

Жедел

Жүрек ақаусыз

0

Қайтымды ревмакардитжүрек ақаусыз және жүрек ақауымен

Ревматикалық түйін,

артралгия,

абдоминалды синдром және т.б. серозиттер


II

Созылмалы




I

IIа


Артрит жүрекпен байланысыз және жүрекпен байланысты

Стрептококкты инфекцияның қосмша жүруі










IIб


Ревматикалық хорея- 12-15% балалар, жиі жасөспірімдер (25%), көбінесе қыздар аурады. Хореяға пеноде симптомдары тән: гиперкинез, бұлшық еттің дистаниясы, артық қимылының болуы, қантамыр дистаниясы, психикасының бұзылысы. ОНЖ зақымдалуынан басқа васкулитте жатады.

Терінің зақымдалуы – сақиналы эритема (4-5%) және ревматикалық түйін (0,5-1%).

Ревматикалық полисерозит- перикардит, плеврит, перитонит экссудативті, құрғақ болуы мүмкін, көбінесе басқа да ревматизім белгілерімен бірге жүреді. Абдоминалды синдром перитонит болып көрінеді.

Өкпенің зақымдалуы - ревматикалық пневмония немесе өкпелік васкулит, көбінесе пан кардит фонында кездеседі.

Бүйректің зақымдалуы -өте сирек кездеседі (нефриттің келіп кетуі- аз ғана протеинурия және гематурия).
ЖРҚ ағымының түрі.

Жедел ағымы. Шабуылының ұзақтығы 2-3 ай, басталуы жедел, қызуының жоғарлауы, эксудативті қабыну, еміндегенде тез оң нәтижелі, клиникасында полиартерит,перикардит,плеврит, абдоминалды синдром.

Жеделдеу ағымы. Ұзақтығы 3 айдан 6 айға дейін, белгісі айқын немесе аз ғана. Клиникалық симптомдарының айқындығы және көрнісі аз, жедел түрге қарағанда.

Созылыңқы ағымы. Ұзақтығы 6 айдан жоғары. Өршіген дәрежесі жиі 2, ағымы біркелкі, клиникалық симптомдары жәй жылжиды. Емге әлсіз жауап береді.

Жасырын ағымы. Кардитке байланысты жүре пайда болған қақпақшаларының ақаулары кезінде анамнезі айқын болмаған жағдайда диагноз қойылады (гистологичялық және хирургиялық коррекция кезінде).

Толассыз қайталайтын ағымы– (жылына 2 шабуыл) жыл аралығында өршіген белгілерінің сөнбеуі.


Өршігендіктің дәрежесі.

Аурудың клиникалық көрінісі ревматикалық қабынуының өршігендік дәрежесіне байланысты. Өршігендіктің 3 дәрежесі болып бөлінеді: минималды(I), аз ғана (II), максималда(III).

Минималды өршігендіктің клиникалық белгілерінің айқындығы әлсіз, кардит кезінде ЭКГ және ФКГ аз ғана өзгереді, лабораторлы көрсеткіштері өзгермейді, ЭТЖ 10-14 мм/сағ.

Аз ғана өршігендіктің белсенділігі субфебрилитетпен, аз ғана кардитпен, полиартритпен, хореямен мінезделеді. Лабораторлы көрсеткіштері аз ғана өзгереді, ЭТЖ 20дан 40 мм/сағатқа дейін.

Максималды өршігендіктің дәрежесі– қызуы жоғары, полисерозит, полиартрит, панкардит, лабораторлы тестер қалыпты жағдайдан жоғары.
ЖРҚ диагностикасы.

Бір үлкен және екі кіші немесе екі үлкен эпидемиологиялық көрсеткіштермен бірге жүретін, БГСА- инфекциюсының алдын- ала бар екенін дәлелдейтінін белгі, ЖРҚ екенін айтуға болады.




Үлкен критерийлер

Кіші критерийлер

БГСА- инфекциясының алдын-ала бар екенін дәлелдейтін белгі

Кардит

Полиартрит

Хорея

Сақиналы эритема


Теріасты ревматикалық түйіндер

Клинические артралгии қызба
Лабораторлық көрсеткішінің жоғарлауы

Жедел фазалы реактанты: ЭТЖ, С-реактивті белок.

ЭКГ-да PQ интервалының ұзаруы


Позитивті БГСА-культура, көмейден табылуы немесе БГСА-антигенін тез анықтайтын тестің оң болуы
Стрептококкқа қарсы антиденелердің титрінің жоғарылауы


Ревматизхімнің емі

Аурудың жедел түрінде төсекті режим. Режимді жайалап кеңейтеді, функционалды тексерістің бақылауымен. Диета– тағамдардың құрамында кали санының көп болдуы керек (картошка, капуста, жеміс жидектер, гречкалық ботқа, ірімшік). Қанайналымының жетіспеушілігі кезінде арнайы диета тағайындау керек (тұз бен сұйықтықты шектеу керек).

Стрептококкты инфекциямен күресу керек:



  1. Тәулігінде пенициллин 20 000 – 50 000 кг массасына 7-10 күн

  2. 3 апта сайын бициллин – 5

Қабынуға қарсы ем:

  1. стероидты емес дәрі: тәулігінде аспирин 50-70 мг/кг массасына , 2,0г жоғары емес, тәулігінде индометацин және вольтарен дозасы 1-3 мк/кг.

  2. Стероидты гормондар: тәулігінде преднизолон 0,5 – 2 мг/кг

  3. Баяу ағымды процесс кезінде хлорохинді топты дәрілерді (резохин, делагил) қолданады, тәулігінде есеппен 5-10 мг/кг массасына ұзақ.

Жүрек қызметінің бұзылысы кезінде: гликозидтер, антриаритмиялық дәрілер, витаминдер.

Ревматизімнің негізгі емі этапты жүйеден тұрады- аурухана- емхана - курорт.

Ауруханада қабынуға қарсы белсенді ем жүргізеді, бициллинмен алдын алу шараларын жүргізеді және реабилитациялық, науқастың жұмыс қабілетін бақылайды. Ревматикалық процесстің белсенділігінің төмендеуі және науқастың көңіл күйі жақсарғанан кейін екінші этапқа өтеді, жас нәрестелер мен жас өспірімдерді арнайы ревматологиялық санаторияларға жіберу керек. Екінші этаптың негізгі бағыты- қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен емін жалғастырады (ауруханада жеке тағайындаған), аминохинолинді тектеспен (ревматизімнің созылмалы ағымы кезінде), бициллин-5, реабилитация.

Үшінші этапқа кіретін диспансерлі бақылау және алдын- алу шараларын жүргізу ревматизімді науқасқа. Диспансердің мақсаты: 1) емдік шараларын жүргізу, бағыты ревматизімнің белсенді процессін жою; 2) жүрек ақауы бар науқатардың қанайналуының бұзылысы кезінде симптоматикалық ем жүргізу керек, ақаулардың хирургиялық коррекциясын кардиохирургтармен бірге бұл сұрақты шешу керек; 3) реабилитация сұрағын шешу керек, жұмысқа қабілетігін және жұмысқа орналасуын; 4) ревматизімнің біріншілік алдын- алу шараларын жүргізу және аурудың қайталамасының екіншілік алдын- алу шараларын жүргізу керек.

Емдік бағдарлама максималды жеке болу керек, түрінің ағымына және өршігендік дәрежесінің процесіне, кардиттің дәрежесіне, жүрек қақпақшасының ақауының мінездемесіне, қанайналымының бұзылысының дәрежесіне және басқа да көп көрсеткіштерге байланысты болу керек. Көрсеткіші ауруханаға жатқызумен бірге төсектік режимді 4=6 апта сақтау керек.

7. Сабақтың мазмұны:

- Өз бетімен атқаратын жұмыс (аурулармен атқаратын жұмыс, тәжірибелік дағдыны меңгеру және бекіту, анамнез жинау, клиникалық тексеру және т.б., диагностика кабинетіндегі жұмыс және т.б.)

- Оқытушымен бірге атқаратын жұмыс ( жеке немесе топпен; өз бетімен өткізген жұмыс қорытындысын талдау, аурулардың клиникалық талдауы және т.б.).

- Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау (тест, ситуациялық есептер, тәжірибелік дағдылар т.б.).


Тестілер

1. Ревматизімдік полиартритпен ауыратын науқасқа тән:

А) таңғы құрысу

Б) саусақтың майда буындарының зақымдалуы

В) буын синдромының тұрақтылығы

Г) қабынуға қарсы емге тез жауап береді

Д) буындардың деформациясы
2. ЖРҚ -ның даму қауыптілігінің факторы :

А) ер азаматар

Б) ұзақ физикалық күш

В) жиі ангина

Г) артық салмақ

Д) 7-15 жасындағы


3. Ревматоидтық полиартритке ауырсыну синдромы тән:

А) түнгі, кешкі ауырсыну

Б) тұрақты, салмақа күшейеді

В) ұшқыш, аз уақытық

Г) таңғы құрысу
4. Ревматизімдік буындық синдромға тән симптомдар:

А) аяқтың I саусағының II ф/а буынында тұрақты синовит

Б) синовийдің үдеуі, Кринко типтес ісікпен көрсетіледі

В) созылмалы ағымды синовит буындардың шар тәрізді деформациясы, бұлшық еттің атрофиясы

Г) аз уақыт аралығында ұшқыш,қатерсіз

Д) геморрагиялық тері көрністер буын аймағында кездеседі, қатерсіз


5. Кіші хореяға жататындар:

А) ересектер мен жасөспірімдерде жиі кездеседі

Б) парездер мен параличтер

В) семиотикалары мен кординациаларының бұзылуы

Г) дәрілерді қабылдауымен байланысты

Д) жоғарыда аталғандардың бәрі


6. Анулярды эритемаға қандай белгілер жатады:

А) тұрақты синовит, бөртпелер

Б) тері қышымасы

В) терінің ісінуі

Г) басқанда ауырсыну

Д) аллергиялық, сақиналық, симметриялық бөртпе


7. Түйінді эритеманың негізгі себебі:

А) саркоидоз

Б) стрептококктік инфекция

В) ЖРҚ


Г) ревматикалық артрит

Д) бруцеллез


8. БГСА-тонзиллиттің еміне қай антибактериальды дәрі дәрмектерді қолданады:

А) котримоксазон

Б) хлорамфеникол

В) цефуроксим

Г) амоксициллин

Д) сульфадиметаксин


9. ЖРҚ кезінде 1-шабуылдағанда қабынуға қарсы қандай ем қолданған жөн:

А) триамцимолон

Б) дексаметазон

В) диклофенак

Г) аспирин + пенициллин

Д) ибубруфен


10. Белсенді ревматизімге ем қалай жүргізеді:

А) сатылы

Б) айына

В) жыл бойы

Г) санаторлы- курорта

Д) әр- кварталда


11. ЖРҚ ауырып кеткен, митралды қақпақшаның ақауымен, екіншілік профилактикасының ұзақтылығы қанша:

А) 3 жыл


Б) 5 жыл

В) 7 жыл


Г) 10 жыл

Д) өмірбақи


12. ЖРҚ ауырып кеткен, жүрекке түсіретін аққаулары жоқ(кіші хорея, полиартрит), екіншілік профилактикасының ұзақтылығы қанша:

А) 1 жыл


Б) 2 жыл

В) 3 жыл


Г) 5 жыл

Д) өмірбақи



Каталог: kafedra -> pediatr dets xir -> internatura
kafedra -> Побічна дія ліків
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пәні: «Тіршілік қауіпсіздік негіздері» Пән коды: tkn мамандық : «Дәрігерлік емдеу ісі»
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0304000 «Стоматология»
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3220 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының
internatura -> Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы
internatura -> Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы
internatura -> ЖҰмыс бағдарламасы балалар хирургиясы пән бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет