2014-2015 оқу жылында “Тіл білімі” кафедрасының аға оқытушысы Ергубекова Жанат Сапарбековна PhD философия докторы дәрежесін алды.
Мемлекеттiк тiлде сабақ жүргiзетiн оқытушылардың саны
Жылдар |
2014-2015 оқу жылы
|
Мемлекеттiк тiлде сабақ жүргiзетiн ОПҚ
|
250
|
Жалпы институт бойынша сабақ жүргізетін магистранттардың саны- 64
Жоғары оқу орнының ӘБҚ-ның (ректор, проректорлар және жоғары оқу орнының құрылымдық бөлімдерінің басшылары мен басқа да қызметкерлері) кафедрада штаттағы қоса жұмыс атқарушылар тізімі:
Аяшев О. – ректор, «Психология» кафедрасының профессоры;
Исабек Б.Қ. – проректор, «Қазақстан және әлем тарихы» кафедрасының доценті;
Кобланов Ж.Н. – проректор м.а., «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» кафедрасының профессоры;
Сапарбаева Қ.Ж. - оқу-әдістемелік басқарма басшысы, «Қазақ және әлем әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы;
Нурлыбекова А.Б. – проректор, «Жалпы педагогика» кафедрасының профессоры;
Сманов И. – сырттай оқу түріндегі білім алатын студенттердің құжаттарын жүргізу жұмыстарына жауапты бас маман, «Жалпы педагогика» кафедрасының профессоры;
Сартаева Х. – тіркеу басқармасының басшысы, «Биология» каф. доценті;
Аширов А.М. - ғылыми зерттеу зертханасының меңгерушісі, «Химия» кафедрасының профессоры;
Кадирбаева Р.И. – ғылыми зерттеу бағдарламаларын сараптау орталығы, «Информатика» кафедрасының доценті;
Ибрагимова Ж.А. – ҒЗЖ мен СҒЗЖ жөніндегі бөлімнің басшысы, «Қазақ және әлем әдебиеті» каф. доценті;
Маликова А.Ә. - «Қазақ және әлем әдебиеті» каф. лаборанты, «Қазақ және әлем әдебиеті» кафедрасының оқытушысы;
Арзымбетова Ш.Ж. – кәсіптік бағдар және бітірушілерді жұмыспен қамту бармасының басшысы, «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының доценті;
Садық Б.Х. – тіркеу басқарма бастығының орынбасары, «Физика-математика» кафедрасының аға оқытушы;
Баубекова М.К. - «Физика-математика» каф. лаборанты, «Физика-математика» кафедрасының оқытушы;
Алтаев У. - ОӘБ іс-тәжірибе жетекшісі, «Биология» кафедрасының аға оқытушысы;
Абишева Р.Д. - менеджмент және мониторинг бөл. басшысы, «Биология» кафедрасының доценті;
Бегалиева Р.Н. – ғалым хатшы, «Тіл білімі» кафедрасының аға оқытушысы;
Байгутова А.М. – «ОҚМПИ хабаршысы» журналы редакциясы, «Тіл білімі» кафедрасының аға оқытушысы ;
Байырбекова Л.М. - АИТО басшысы, «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы;
Бегалиева Г.С. – сәндік өнер бөлімінің басшысы, «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері»
кафедрасының оқытушысы;
Досбаганбетова А.Т. – біліктілікті арттыру және коммерциализация орталығының директоры, «Музыкалық білім» кафедрасының аға оқытушысы;
Наханов К.С. – спорт шеберлігін жетілдіру бөлімінің басшысы «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» кафедрасының доценті.
2014 жылғы ЖОО арасындағы “Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы” атағын
|
|
п.ғ.д., “Физика-математика” кафедрасының профессоры Рахымбек Досымхан алды.
Жалпы 2011 жылдан бері институттың 6 профессор-оқытушы құрамы “Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы” атағына ие болған, одан өзге барлығы 11 “Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы” атағының иегері институтта жұмыс атқарады.
Осы оқу жылында қоғамдық және тәрбие жұмыстарына белсене қатысқан оқытушы-профессорлар мен қызметкерлер құрамының 35-і алғыс хатпен және 410-ы ақшалай марапатталды.
2014-2015 оқу жылында институтта келесі құрылымдық өзгерістер болды:
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының 29.08.2014 жылғы №1 Ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес филология ғылыми мектебі және Ғылыми-әдістемелік инновациялық зерттеу орталығы, Ұлттық педагогика және психологиялық үйлестіру орталығы, шығармашылық оқытудағы инновациялық технологиялар орталығы, филология ғылымы және көптілді білім беру орталығы, спорт шеберлігін жетілдіру бөлімі ашылды;
|
|
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының 15.10.2014 жылғы №2 Ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес офис регистратор және қашықтықтан оқыту басқармасы болып құрылды. Студенттермен тәрбиені күшейту мақсатында тәрбие бөлімі құрылды;
Ғылыми мектептер жоғары мектептер болып өзгертілді.
Институттың өндірістік қажеттілігіне байланысты 2015 жылдың маусым айының 5 жұлдызында жоғары мектептер 7 факультет болып қайта құрылды:
Филология факультеті;
Тарих және педагогика факультеті;
Жаратылыстану факультеті;
Физика –математика факультеті;
Бастауыш білім факультеті;
Жаңа технология және өнер факультеті;
Дене тәрбиесі және әскери дайындық факультеті.
Үш кафедраның атауы келесідей болып өзгертілді:
Ағылшын филологиясы кафедрасы- Ағылшын тілі кафедрасы;
Әлеуметтік пәндер кафедрасы- Қоғамдық пәндер кафедрасы;
Әлем тілдері кафедрасы- Шетел тілдері кафедрасы.
Қайта құрылған және жаңадан ашылған кафедралар:
Психология кафедрасы-Арнайы педагогика кафедрасы;
Жалпы педагогика кафедрасы- Жалпы педагогика және психология кафедрасы;
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы-Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындық кафедрасы;
Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру кафедрасы-Дене шынықтыру кафедрасы;
Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология кафедрасы.
Институт басқару жүйесінің қайта құрылуына байланысты конкурс жарияланып, сол конкурс нәтижесінде кафедра меңгерушілері мен факультет декандары тағайындалды.
| |
Институтта жұмыс атқаратын ғылым академиялары мүшелерінің саны – 3. Олар:
Дүйсенбаев К.А. – Балтық педагогикалық академиясының мүшесі (Санкт-Петербург), психология және кәсіпкерлік менеджмент академиясының мүшесі (Санкт-Петербург), халықаралық педагогикалық академиясының мүшесі (Москва).
Нұрлыбекова А.Б. – Қазақ Білім академиясының мүшесі.
Жапбаров А. - Гуманитарлық ғылымдар академиясының мүшесі (Алматы)
Сапалы білім беруді қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі – профессор-оқытушылар құрамының ғылыми әлеуеті.
2014-2015 оқу жылында 262 профессор-оқытушылық құрам жұмыс атқарды, оның ішінде штат бірлігінде 256, бұл жалпы штаттағы ОПҚ үлесі 98% құрайды. 20 ғылым докторы, 116 ғылым кандидаты, 2 PhD докторы, 64 магистр, 4 спорт шебері, 5 мәдениет қайраткері және 50 аға оқытушы мен оқытушылар жұмыс атқарды. Ғылыми дәрежесі мен атағы бойынша үлесі 57,2 пайызды құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |