Тәрбие жұмысы
Тәрбие жоспарының негізгі бағыттары:
Ұйымдастыру және жоспарлау бағыттары
Қоғамдық тәрбие бағыты
Адамгершілік-рухани тәрбие бағыты
Салауатты өмір салты бағыты
Эстетикалық тәрбие бағыты
Экологиялық тәрбие бағыты
Ұлттық рухани және патриоттық тәрбие бағыты
Құқықтық тәрбие бағыты
Бұл бағыттар бойынша көптеген іс-шаралар өткізілді.
Оқу жылының басында институттың профессор-оқытушы құрамы мен студенттерінің қатысуымен «Білім күні» және «Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне» арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар тәрбие жұмысы жоспары бойынша барлық оқу топтарының тәлімгерлері «Қазақстан Республикасының рәміздері - ұлттық мақтанышымыз», "Азат елдің ар-намысы - Ата заң", "Ата заңым- айбыным" «Өрле, қарышта – Ата Заң!» атты ашық тәрбие сабақтарын өткізді.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты студенттерінің дүниетанымын кеңейту мақсатында қоғамдық тәрбие бағыты бойынша белгілі тұлғалармен, зиялы қауым өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, ашық сұхбатар, дебаттар, дөңгелек үстелдер өткізді. Сонымен қатар қайырымдылық іс-шаралары, қалалық көлемде ұйымдастырылған мәдени, саяси, тазалық-абаттандыру іс-шараларына студенттер белсене қатысты.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын облыс жастар арасында талқылау және түсіндіру мақсатында Республикалық ақпараттық насихаттық топтың мүшелері ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы – С.Е.Жолдасбаев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты У.Қ. Бишимбаевтың қатысуымен кездесу өткізілді.
Грек-рим күресінен еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыхановпен, белгілі әнші "Жастар" сыйлығының лауреаты Медеу Арынбаевпен және әнші, жыршы, педагог, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Дарын" сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсінің III және IV шақырылым депутаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеуханмен кездесулер ұйымдастырылды. 8-наурыз мерекесі қарсаңында «Алаштың алтын дауысы» атты тақырыпта ҚР халық әртісі Роза Рымбаевамен кездесу-концерт өткізілді.
Қазақстан тілдері мерекесіне орай акт залда «Алтын арқалаған арқалы ақын» атты ақын Әбілда Аймақты еске алу кеші өтті. Кешке ақынның жары, облыстағы әдеби орта өкілдері қатысты.
Астанада Назарбаев Университетінде өткен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты дәрісін көгілдір экран арқылы институт басшылары, ұстаздар қауымы мен студент жастары тыңдап, осы лекцияны насихаттау жұмыстары барлық топтарда жүргізіліп,талдау мақсатында «Тәуелсіздіктің тірегі- білімді ұрпақ» атты дөңгелек үстел өткізіп ой-пікірлерін ортаға салды.
Облыстық қарттар мен мүгедектер медициналық мекемесінде «Қарттарым-асыл қазынам» атты қарттар күніне арнап институт студенттері қайырымдылық концерт ұйымдастырды.
Институтта «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талдауға арналған «Жаңа саяси бағыт – Мәңгілік Ел болу бағдаршамы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл іс шараға оқытушы-профессорлар құрамы, өзге де зиялы қауым өкілдері мен арнайы шақырылған қонақтар қатысып, жолдауға жан-жақты талдау жасалды. Қазақстанның даму, өркендеу жолында атқарылып жатқан жұмыстар, ғылым мен білім саласында алға қойылған мақсаттар, жастар саясатының басымдықтары мен бағыттары, үш тілді жетік меңгеру, т.б. мәселелер туралы жан-жақты сөз қозғалып талқыланды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты», «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты барша Қазақстан халқына Жолдауы, сонымен қатар, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасын халыққа насихаттау, жастармен ашық түрде сұхбат жүргізу мақсатында облысымызға мәжіліс депутаттары, халық қалаулыларымен ашық сұхбат кештері үнемі ұйымдастырылып отырды.
Қаладағы өнерлі, талантты жастарға қолдау көрсетіп, қабілеттерін шыңдау мақсатында қалалық "Дарын" жас әншілер мен суретшілер фестивалі, "Брейк-дэнс" фестивальдерін ұйымдастыруға институт студенттері қатысты.
“Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі”, “Халықтық педагогика арқылы тәрбиелеу ”, «Ұлық болсаң - кішік бол», « Әдепті адам - арлы адам» тақырыбында пікірталас, “Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс”, «Студенттерге адамгершілік тәрбие берудегі отбасы мен ЖОО-ның рөлі», «Студенттің бос уақытын ұтымды пайдалану», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Қазақстан ұлттарының салт-дәстүрлері», «Тәрбие отбасынан басталады», «Менің өмірімдегі өнердің орны», «Менің институттағы студенттік өмірім», «Профессиональная этика педагога», «Береги честь смолоду» тәлімгерлік сағатын, «Әдептілік – адамгершілік бастауы», «Адам санасының жоғарғы формасы - адамгершілік», «Адамгершілік-рухани тәрбиенің маңыздылығы», «Ақылды іздегеннің өзі - нағыз ақылды, Білімді іздегеннің өзі - нағыз білімді» тақырыптары бойынша дебаттар, дөңгелек үстелдер, семинарлар мен тәлімгерлік сағаттар, тәрбие сағаттар өткізілді.
Институтымызда 15 күнге созылған суретші Аңсаған Мұстафаның "Суреттер сөйлейді..." атты көрмесі ұйымдастырылды. Оқу орнымыздың «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 3-курс студенті Қасмырзаев Бекмырзаның «Қазақ хандығына 550 жыл» тақырыбында жеке авторлық көрмесі ұйымдастырылды.
Қажымұқан атындағы облыстық спорт мұражайы күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлына арналған көрмесін оқу орнымызда ұйымдастырды.
«Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Елбасының жолдауын насихаттау мақсатында «Дәулет» спорт кешенінің салтанатты ашылуы болды. ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Дәулет Болатұлы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында арнайы болып, осы спортшының атындағы спорт кешенін ашып берді.
«Тұғыры биік тұңғыш» тақырыбында КСРО-ның Олимпияда чемпионы Жақсылық Үшкемпіровпен кездесу өткізілді.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының мәжіліс залында шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы, Халықаралық дәрежедегі гроссмейстер Әбдімәлік Жансая Даниярқызымен студенттердің кездесуі өтті. Бұл шараға институт басшылары, профессор-оқытушылар құрамы, студент жастар және БАҚ өкілдері, жергілікті баспасөз тілшілері қатысты. Кездесу соңында шеберлік сынып (мастер-класс) ұйымдастырылды.
Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты мемлекеттік жоғарғы оқу орындары арасында «Айтыс» жыр додасы өткізілді, аталған іс–шараға М.Әуезов атындағы ОҚМУ мен ОҚМПИ дің айтыскерлері қатысты.
Студент қыздардың ибалы, инабатты, иманды, зиялы, ынталы, сауатты, өздігінен дамуға қабілетті, жан-жақты тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін жұмыстар жүргізді. Атап айтқанда,
1.«Қыз өссе елдің көркі» тақырыбында лекция;
2.«Идеалды алыстан іздемейік» кездесу, пікір алысу;
3.«Жаһандану кезінде бойжеткен бойындағы құндылықтарды сақтай ала ма?» - дөңгелек үстел;
4. «Көктем келді, бойжеткен, келбетің қандай?» диспут көріністер түрінде. Киім үлгілерінің әр түрі көрсетіліп, қатысушылардың пікірін анықтау мақсатында дауысқа салу, пікірталас түрінде өткізілді.
Аталған іс-шаралар «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» және «Жастар дауысы» атты жергілікті баспасөз ақпарат құралдарында жарияланып отырды.
Жыл сайын Біліктілікті арттыру және коммерциализация орталығына қарасты Мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Ынта» жас орындаушылар мен кеш жүргізушілер байқауы өткізіледі. Институт деңгейінде барлық топ студенттері мен оқытушылар жанкүйер ретінде белсене қатысты.
Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты жоғары мектеп аралық «Бозбала мен Бойжеткен» өнер сайысы өткізілді
Сонымен қатар студенттеріміз “Домалақ ана”, “Ақмешіт әулие” кесенесіне, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне, Отырар ауданы «Арыстанбаб» кесенесіне ОҚО «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған «Киелі мұрамызға тағзым» атты этнографиялық экспедицияға қатысты.
Шымкент Студенттер Альянсы одағының бастамасымен институттың жастар саясаты бөлімі қаладағы «Абай» саябағында «Біз таза қаламыз» атты сенбілік ұйымдастырды Жастардың қалаға деген сүйіспеншілігін арттыру, мәдениеттілікке баулу, патриоттық рухта тәрбие беру мақсатында «Таза қала» атты акциясына барлық жоғары мектеп ұжымы мен барлық оқу топтары іс-шараға қолдау көрсетіп, белсене қатысты.
Қалалық әкімшілік ұйымдастыруымен өткен «Таза қала» акциясында ОҚМПИ «Ең үлгілі, 2015 жылғы акцияға белсенене қатысқан ЖОО ны ретінде бағалы заттармен арнайы «Алғыс хаттармен» марапатталды.
2015 жылдың 2-наурыз және 7-мамыр аралығында Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерейтойына байланысты: “Ерлік жырын жырлаймыз” атты жоғары мектеп студенттерінің соғыс ардагерлерінің қатысуымен өткізген мерекелік іс-шара, Ардагерлерді (төсекте жатқан) үйлеріне барып құттықтау және үй шаруасына көмек көрсету, «Ер есімі – Ел есінде» тақырыбында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.
"1 желтоқсан Тұңғыш президент күніне"оқу орнымызда алғаш рет 7 түрлі өнер-спорт саласы бойынша республикалық және облыстық байқаулар жарияланып, әр сайысқа қомақты жүлде тағайындаған болатын. Толықтай атай келгенде, республикалық деңгейде: "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" атты республикалық студенттер айтысы, жүлде қоры:
1 000 000 теңге. Оңтүстік Қазақстан облысы көлемінде: "Елбасымен біргемін" атты ашық ақындар мүшәйрасы , жүлде қоры: 200 000 теңге. "Елбасы бізге өнеге: спорт-жан сұлулығы" атты баскетбол,волейбол,стол теннисінен спорттық жарыстар, жүлде қоры:
300 000 теңге. Шахматтан блиц-турнир, жүлде қоры: екі жүз мың теңге. "Елбасы - мәңгілік тақырып: қылқалам шеберлері Президент әлемін бейнелейді" тақырыбында суретшілер байқауы, жүлде қоры: 200 000 теңге. Жастардың жігер отын жаққан байқау шарттары, әп-сәтте БАҚ беттерінде бірнеше рет жарияланды.
Оқу орнымызда Қазақстан Республикасында тұратын және алыс-жақын шет елдерден келген 12- ұлттар мен ұлыс өкілдері білім алуда. Жастар тәрбиесінде ұлт бірлігін басты назарда ұстау еліміздің толеранттық саясатының талабы. Осыған орай ұлттар мен ұлыстардың бірлігін насихаттайтын іс-шаралар да аз болған жоқ.«Әлем тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен Ассамблеяның 20 жылдық мерей тойына байланысты «Үш тұғырлы тіл» тақырыбында оқу орнымыздағы өзге ұлт өкілдерінің түрлі өнер сайыстары ұымдастырылды.
Тәуелсіздігімізді айшықтайтын «Тәуелсіздік – ел тірегі», «Болашақты нұрландырған тәуелсіздік!», «Тәуелсіздіктің тірегі- білімді ұрпақ» тақырыбында іс-шаралар өткізілді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23 жылдығына орай 8.12.14 күні Тарих және кәсіби білім жоғары мектептің ұйымдастыруымен тарихи-танымдық, саздық-мәдени іс-шара өтті. Бұл іс-шараның ерекшелігі жоғары мектеп студенттері мен мектеп оқушыларын қатыстыра отырып, мерекелік іс-шараны және кәсіби бағдар жұмысын үйлестіруінде. Аталған іс-шараға жоғары мектептің барлық кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы, жоғары мектеп студенттері көрермендер ретінде қатысты.
Жастардың патриоттық, отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру бағытында өнер саласында да атқарылған жұмыстар аз емес. Алматы қаласында өткен республикалық "Мен жастарға сенемін" атты форум аясында өткізілген патриоттық әндер байқауына қатысқан Шығармашылық және жаңа технологиялар жоғары мектебінің студенті Тәжі Әйгерім Бас жүлдеге қол жеткізіп, Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-де 1 жылдық оқу грантын жеңіп алды. Ж.Шанин атындағы облыстық драма театрында өткен «Қанеки, тілім сөйлеші» атты республикалық сөз шешендерінің байқауына институтымыздың студенттері қатысып, жүлделі орындар иеленді.
Жыл сайын дәстүрге айналған жоғары мектеп аралық "Ынта" жас эстрада әншілері мен кеш жүргізушілері байқауының ережесіне сәйкес, байқау қатысушысы екі ән орындау керек болса, оның біреуі туған жер, туған ел, отан, Қазақстан жайында, яғни патриоттық сезімдегі ән болуы керек. Мұның өзі жастарымызды отансүйгіштікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы деп есептейміз. Облыстық "Арай" жас эстрада әншілері мен кеш жүргізушілері байқауының ережесіне сәйкес, орындалатын екі әннің бірі патриоттық тақырыпта. Институтымыздың абыройын көтеріп жүрген өнерпаз студенттеріміз Тәжі Әйгерім осы облыстық "Арай-2014" байқауынан Бас жүлде иеленсе, "Арай-2015" байқауына қатысқан Мұзаппаров Алмасқожа 3-орын жүлдегері атанды. Барлық мәдени іс-шараларға қатысушы белсенді әрі өнерпаз студенттеріміздің репертуарына патриоттық сезімдегі әндер орындау басты назарға алынған.
«7 мамыр – Отан қорғаушылар» күні мерекесіне орай, облыс басшылығының, зиялы қауым өкілдерінің, қала тұрғындарының қатысуымен 2014 жылы 7 мамыр күні Шымкент қаласы Әл-Фараби алаңында Қазақстан Қарулы Күштерінің Жауынгерлік парадына ОҚМПИ оқытушылары мен барлық оқу топтары қатысты.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай, Шымкент қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Шымкент жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен қаламыздың жастарына Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздердің шығу тарихымен таныстыру, жастардың патриоттық рухын көтеру мақсатында «Менің елімнің рәміздері» атты шеруге де институт жастары бір кісідей ат салысты.
Шымкент қаласының «Тәуелсіздік» саябағы, Мемлекеттік рәміздер алаңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Менің Қазақстаным» патриоттық форумға оқу орынымыздың қызметкерлері мен студент жастары қатысты. Институтымыздың студенттері «Қазақстан» атты ұранымен қазақ еліне деген сүйіспеншілігімен, Қазақстан Республикасының азаматы екендігін мақтан тұтып форумға белсенді түрде қатысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Жалпыға бірдей құқықтық білім беру шараларын ұйымдастыру» туралы 21.06.1995 ж. № 2347 қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.06.1999 ж. № 04-5/9 қаулысына, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі білім департаментінің жалпыға бірдей құқықтық тәрбие беру туралы кешенді бағдарламасына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының Құқықтық тәрбие беру кеңесі құрылды және бұл кеңес құрамына әр жоғары мектептің аға тәлімгерлері енгізілді.
“Жастарға құқықтық тәрбие беру – жаңа қазақстандық азамат қалыптастырудың алғы шарттарының бірі”, “Ұрпақ тәрбиесіндегі басты мақсат – жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу”, “Құқық тәрбиесі –заман талабы” атты тәрбие сағаттары өткізілді “Құқықтық мемлекет және адамның құқықтары” аудандық заң органдары өкілдерімен студенттердің кездесуі ұйымдастырылды.
Құқықтық тәрбие беру кеңесі жұмыстарының жоспарына сәйкес филология жоғары мектебінің ұйымдастыруымен институттың үлкен акт залында Қазақстан Республикасының конституциясының 20 жылдығына арналған "Азат елдің ар-намысы - Ата заң" тақырыбында ОҚО прокуроры Иманов Ибраһим Әлжанұлымен кездесу өткізілді.Қездесуде заң тақырыбы бойынша бірнеше сұрактар қойылып,облыстың бас прокуротурасының жемісті еңбегі жайында мағұлыматтар айтылды.
«Құқықтану және экономика» мамандығының ұйымдастыруымен « Ар намысым – Ата заң» тақырыбында ашық оқу-танымдық кездесу өткізілді.Оған Шымкент қаласының Әль-Фараби аудандық сотының судьялары Е.Тулешов пен Ғани Доғдырбайұлы келді. Кездесуде аталған мамандық студенттері сот процесін айықындайтын көрініс көрсетті. Кездесуге келген қонақтармен сот процесі бойынша пікір-талас ұйымдастырылды.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында студенттердің өзін - өзі басқару органы дұрыс жолға қойылған. Студенттік ректор, студенттік директор сайлау арқылы демократиялық жолмен бекітілген. Әр жоғары мектептің студенттері «Студенттік директоры» сайлауына қатысып, белсенділік танытты. Студенттік ректораттың құрамына студенттік директорлары сайланды.
Мәдениет бөлімінде облысқа, республикаға белгілі, ҚР Мәдениет қайраткері Хадиша Шалабаева, Республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты Асылжан Жүнісқожаев, вокал үйірмесінің жетекшілері Балнұр Жапбарова, Дархан Джумаев және хореграф Қуат Таукеев, саксофонист, әнші Нұржан Баймаханов сынды білікті мамандар жұмыс жасайды.
Мәдениет бөліміне қарасты 5 үйірме бар:
«Кеш жүргізушілер» үйірмесінің жетекшісі Гулвира Зайналова студенттердің көркем сөз оқу мен дауыс интонациясын, сахналық мимикасын дамытуға, сахна тілі, сахна мәдениеті мен концерттерді, мерекелік іс-шараларды жүргізуге үйретеді.
«Эстрада» үйірмесінің жетекшісі Хадиша Шалабаева эстрада жанрының жан-жақты стильдерімен таныстыра отырып, әр түрлі стильдегі орындау шеберлігін шыңдайды және сахналық мимика, қимыл-қозғалысы, дауыс ерекшелігі, микрофонмен жұмыс істеу, фонограмманы пайдалану т.б. шеберліктеріне жаттықтырады.
Көңілді тапқырлар клубының жетістіктері 25 қаңтар – 1 ақпан аралығында Астана қаласында өткен Республикалық «Маусымашар 2015» фестивалінде «До-Ре-Ми ОҚМПИ» КВН командасы сәтті өнер көрсетіп, Республикалық «Әулие Ата» орталық лигасына жолдама алды; 9 – 13 мамыр аралығында «Әулие Ата» орталық лигасында 1/4 ширек финалында сәтті өнер көрсетіп, 1/2 жартылай финалына І орынмен өтті; 11 қараша күні Жоғарғы оқу орындары арасында облыстық «Жайдарман» КВН сайысына қатысып, аталған КВН сайысының жартылай финал ойындарына жетіп «Көрермен көзайымы» атанды; 2 наурыз күні ОҚО КВН филиалының ұйымдастыруымен өткен «Көктем кубогі» КВН сайысына қатысып ІІ орын жеңіп алды.
«Би» үйірмесінің жетекшісі Қуат Таукеев студенттерді халық билерінің элементтеріне, классикалық, академиялық қимыл-қозғалыстарына үйретеді және сахнада топпен синхронды билеуге дайындайды. Студенттерден құралған «Шалқыма» би ансамблі бүгінде көптеген мәдени іс-шараларда өнер көрсетіп жүр. Әлем халықтарының билерінен тұратын репертуарында 10-нан астам би бар.
Дефиле үйірмесінің жетекшісі, халықаралық дәрежедегі дизайнер, ҚР дизайнерлер одағының мүшесі - Марат Ерімбетов. "Дефиле" үйірмесінің жанынан құралған «Ақ баян» студенттік сән театры әлемдік сән индустриясы талаптарына сәйкес параметрдегі қыз-жігіттермен жұмыс істейді. Киім сән үлгілерін көрсету өнерінің жан-жақты қыр-сырларын, үйретеді. Сахналық мимика, сахналық дефиле, жұмыс траекторияларын шыңдайды.
Осы үйірмелерге қатысып жүрген студенттер үйірме жетекшілерінің білікті тәрбие беруі арқасында көптеген республикалық, халықаралық, қалалық байқаулар мен фестивальдарға қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізіп келеді. Атап айтар болсақ:
Үйірмелерге қатысып жүрген өнерлі студенттердің жеткен жетістіктері
1
|
Ресей Федерациясының Чита қаласында өткен «Шанхай ынтымақтастығы ұйымына қатысушы елдердің «Студенттік көктемі» атты Халықаралық фестиваліне қатысқаны үшін марапатталды
|
2014ж
Шілде
|
Фахридинова Хадиша
|
Филология жоғары мектебінің 3-курс студенті
|
2
|
Алматы қаласында өткен «Мен жастарға сенемін»атты патриоттық «Мәнгілік ел мұратым» байқауының 1-орын жүлдегері
|
2014ж
Қараша
|
Тәжі Айгерім
|
Филология жоғары мектебінің 2-курс студенті
|
3
|
Облыстық «Арай-2014»жас эстрада әншілер байқауының бас жүлдегері
|
2014ж
Ақпан
|
Тәжі Айгерім
|
|
4
|
Облыстық «Арай-2014»жас эстрада әншілер байқауының аясында өткен «Кеш жүргізушілер» байқауының бас жүлдегері
|
2014ж
Ақпан
|
Нұрай Жақабай
|
Филология жоғары мектебінің 3-курс студенті
|
5
|
Облыстық «Арай-2014»жас эстрада әншілер байқауының аясында өткен «Кеш жүргізушілер» байқауының 2-орын жүлдегері
|
2014ж
|
Жамәділ Ғазиза
|
Филология жоғары мектебінің 3-курс студенті
|
6
|
Облыстық «Шырқалсын Шардараның әндері» байқауының бас жүлдегері
|
2014ж
Қазан
|
Айдар Ақбота
|
Шығармашылық және жаңа техналогиялар жоғары мектебінің 1-курс студенті
|
7
|
Қалалық «Көктем аруы-2014» байқауының 1-орын жүлдегері
|
2014ж
Наурыз
|
Шәріп Жансая
|
Шығармашылық және жаңа техналогиялар жоғары мектебінің 3-курс студенті
|
8
|
Алматы қаласында өткен Алматы қаласында Республикалық Француз әндерін орындаушылар байқауында 2-орын жеңіп келген
|
2014ж
Желтоқсан
|
Самал Еділбаева
|
Шығармашылық және жаңа техналогиялар жоғары мектебінің 4-курс студенті
|
9
|
Облыстық «Арай-2015»жас эстрада әншілер байқауының аясында өткен «Кеш жүргізушілер» байқауының 2-орын жүлдегері
|
2015ж
Ақпан
|
Мұхтар Аманжол
|
Шығармашылық және жаңа техналогиялар жоғары мектебінің 1-курс студенті
|
10
|
Облыстық «Арай-2015»жас эстрада әншілер байқауының аясында өткен «Кеш жүргізушілер» байқауының «Ең жас жүргізуші» жүлдесімен марапатталды
|
2015ж
Ақпан
|
Оспанова Ләйла
|
Шығармашылық және жаңа техналогиялар жоғары мектебінің 1-курс студенті
|
11
|
Облыстық «Арай-2015»жас эстрада әншілер байқауының аясында өткен «Кеш жүргізушілер» байқауының бас жүлдегері
|
2015ж
|
Сымбат Орынтай
|
Филология жоғары мектебінің 3-курс студенті
|
12
|
Облыстық «Арай-2015»жас эстрада әншілер байқауының 3-орын жүлдегері
|
2015ж
Ақпан
|
Алмасхожа Мұзаппаров
|
Шығармашылық және жаңа техналогиялар жоғары мектебінің 2-курс студенті
|
13
|
Қалалық «Көктем аруы-2015» байқауының бас жүлдегері
|
2015ж
Наурыз
|
Назерке Нұсқабай
|
Гуманитарлық және әлеумет тану жоғары мектебі
|
Көркемсурет, қолданбалы өнер саласы бойынша сәндік өнер бөлімі тұрақты жұмыс атқарып келеді.
Бөлімде заман талабыны сай жаңа тенологиялар бойынша оқытып, үйрететін курстар жұмыс жүргізіліп жатыр:
ши тоқу үйірмесі (барлығы 9 студент);
киіз басу үйірмесі (барлығы 6 студент);
кесте тоқу үйірмесі (барлығы 7 студент);
гобелен тоқу үйірмесі (барлығы 16 студент);
аксессуарлар жасау үйірмесі (барлығы 11 студент);
музыкалық аспаптар жасау үйірмесі (барлығы 8 студент);
дәстүрлі ыдыс аяқтар жасау үйірмесі (барлығы 7 студент).
«Сәндік өнер» бөлімінің негізгі мақсаты - студенттердің арасынан жас шеберлер даярлап дәстүрлі ұлттық өнерімізді насихаттап, жаңаша оқыту, талант көздерін аша отырып, кәсіби қолөнер бұйымдарының озық түрлерін даярлауға насихаттау.
2014 жылдың қараша айында өткен XVI Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі аясында өткізілген байқауда «Бейнелеу өнері» номинациясы Сәндік қолданбалы өнері бойынша тоқыма оқу шебері Дауылбай Мадина екінші орынды иеленіп арнайы сыйлығымен марапатталды.
Облыстық "Жібек жолы айшықтары" атты жас дизайнерлер байқауына қатысқан Сәндік өнер бөлімінің үйірме мүшесі Кәсіптік білім беру мамандығының студенті Әскербекова Мөлдір дипломант атағын иемденді.
Бөлімде сонымен қатар музыкалық аспаптар шеберханасы жұмыс жасайды. Музыкалық аспаптар шебері Самат Утеболатов студенттерге аспаптар мен бұйымдардың жасалу технологиясы мен әдістерін үйретуді де өз қолына алған. Шеберханада ұлттық аспаптар домбыра, қобыз, шертер, сонымен қатар ұлттық ыдыс-аяқтар торсық, кесе, ожау, астау , әр түрлі кәдесыйлар жасалынады.
Араб эмиратында, Шарджа қаласында өткен «Мұрагерлік күндері» атты дүниежүзілік мұсылмандар елдері қатысқан халықаралық фестивальге Қазақстан мемлекеті атынан қатысқан «Сәндік өнер» бөлімшесінің жетекшісі Бегалиева Гүлмира ұлттық қолөнер туындыларын насихаттап, қазақ елінің өшпес мұрасы болған қолөнер бұйымдарын дәріптегені үшін марапатталып, елеулі еңбек сіңіргені үшін алғыс хат пен сертификат табысталды.
Алдағы уақытта сәндік қолданбалы өнер саласы бойынша облыстық, республикалық, халықаралық фестиваль, конкурс, көрмелерге қатысып Қазақстанның, институтымыздың даңқ-мәртебесін көтеру басты мақсат етіп отыр.
Институтта шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы, Халықаралық дәрежедегі гроссмейстер Әбдімәлік Жансая атындағы шахмат клубы жұмыс істейді.
Спорт шеберлігін жетілдіру бөлімі әр түрлі спорт түрлерінен спорттық үйірмелер ашып студенттердің уақыттарын тиімді пайдалануына жағдай жасап отыр:
Институтта білім алып жатқан студенттердің ішінде спорттық секцияларға қатысатындары
|
Спорттық секциялардың атаулары
|
Қатысушы студенттер саны
|
1149 студент 25% спорттық секцияларға қатысады
|
1. Каратэ
|
27
|
Осылардың ішінде:
|
Футбол
|
42
|
Әлем чемпионы 2
|
Қазақ күресі
|
18
|
Корея Инчхон қаласында өткен ХVІІ Азия ойындарының күміс жүлдегері 1, қола жүлдегері 1
|
Самбо
|
20
|
Халықаралық турнир 5
|
Дзюдо
|
21
|
ҚР чемпионы 21
|
Белбеулі күрес
|
21
|
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері 13
|
Баскетбол
|
28
|
Спорт шебері 22
|
Бокс
|
21
|
Спорт шеберлігіне үміткерлер 34
|
Волейбол
|
26
|
|
Спорттық гимнастика
|
16
|
|
Шахмат
|
15
|
|
Тоғызқумалақ
|
16
|
|
Барлығы:
|
271
|
Жалпы спорттық шеберлігімен айналысатын студенттер %
|
|
25 пайыз
|
Соның ішінде дене шынықтырумен айналысатын студенттер саны %
|
|
45 пайыз
|
Жалпы институт бойынша дене шынықтыру және спортпен айналысатын студенттер 70 %
ОҚО қалалық әкімшіліктің ұйымдастыруымен «Денсаулық» фестивальі өткізілді. Бұл аталған фестивальге ОҚМПИ жастары белсене отырып атсалысты.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ұйымдастыруымен өткізілетін ОҚО Жоғары оқу орындары арасындағы ашық жарыс 2014 жылдың 27-28 қарашасы аралығында «Тұңғыш Президент» күніне арналған спорттық іс-шарада төмендегідей көрсетілген спорт түрлерінен жарыстар өткізілді:
1.Волейбол
2.Баскетбол
3. Шахмат
4. Стол теннисі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылары, студенттер және бөлім қызметкерлері арасында «Ұлы Жеңістің 70 жылдығына» және «Қазақ Хандығына 550 жыл» толуына орай спартакиада өткізілді. Спорт пен денсаулықты жақсарту үшін институт жоғары мектептерінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері, бөлім қызметкерлері арасында осындай жарыстар жыл сайын ұйымдастырылып тұрады.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми Кеңес шешімімен жыл сайын ҚР, Азия және Әлем чемпионаттарынан жүлделі орын алған ақылы негізде оқитын спортшы студенттерге институт тарапынан жетістіктеріне қарай пайызбен жеңілдіктер ұсынылады.
Қазақстан Республикасы құрама командасы мүшелерінің тізімі
№
|
Тегі,
аты-жөні
|
Курсы тобы
|
Спорт түрі, көрсеткіші, санаты
|
1
|
Сайдиева Луиза Гайбиллаевна
|
108-82
|
Қазақстан Республикасының чемпионаты, халықаралық турнирдің, Қазақстан Республикасы спартакиядасының және Азия біріншілігінің жеңімпазы.Коряда өткен Азия ойындарының рекордшысы. Садақ атудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері
|
2
|
Түзел Таукехан Нұрғазыұлы
|
108-12
|
Қазақстан Республикасының біріншілігінің және халықаралық турнирлардың жеңімпазы.Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Әлем кубогына қатысушы. Каратэден халықаралық дәрежедегі спорт шебері
|
3
|
Кузьмич Кирилл Александрович
|
108-83
|
Қазақстан Республикасының чемпионаты және Спартакиада жеңімпазы. ҚР ІІІ Жастар спорт ойындары жеңімпазы. Халықаралық жарыстардың жеңімпазы . Оқ (мылтық) атудан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері
|
4
|
Юлдашев Данияр Рустамбекович
|
108-13
|
Қазақстан Республикасының және Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Каратэ-додан халықаралық дәрежедегі спорт шебері
|
5
|
Шамиев Қайырхан Қазбекұлы
|
108-12
|
Қазақстан Республикасының чемпионаты және халықаралық турнирдің жеңімпазы. Халықаралық жарыстардың жеңімпазы Қол күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері
|
6
|
Төлеш Абай
Оразұлы
|
108-12
|
Қазақстан Республикасы чемпионатының және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Бокстан спорт шебері.
|
7
|
Аппазова Балнұр
Нұрлыханқызы
|
108-12
|
Қазақстан Республикасының чемпионатының, халықаралық турнирдің, Қазақстан Республикасы спартакиядасының және Азия біріншілігінің жеңімпазы. Дзюдодан, самбодан спорт шебері
|
8
|
Абдразақ Бағлан
Жаппарбекұлы
|
108-12
|
Қазақстан Республикасының чемпионатының, халықаралық турнирдің, Қазақстан Республикасы спартакиядасының , Азия біріншілігінің және әлем чемпионатының жеңімпазы. Самбодан спорт шебері
|
9
|
Әшірбек Дәулет
Әріпжанұлы
|
108-82
|
Самбо, қазақ күресі, дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты және халықаралық турнирдің жеңімпазы. Самбодан, дзюдодан спорт шебері.
|
10
|
Қасымбекұлы Дәулет
|
108-12
|
Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатының және халықаралық турнирдің жеңімпазы. Әлем біріншілігінің жүлдегері. Самбодан спорт шеберіне үміткер.
|
11
|
Күзембай Жанәділ Нұрланұлы
|
108-13
|
Қазақстан Республикасының чемпионаты және халықаралық турнирдің жеңімпазы. Грек-рим күресінен спорт шеберлігіне үміткер.
|
12
|
Әлімжан Әлібек Алмасханұлы
|
108-13
|
Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы, ҚР КУбогының жеңімпазы, Халықаралық турнирдің жеңімпазы. Велоспорттан спорт шебері.
|
13
|
Бектұрсынов Жолдасбек Қалмаханұлы
|
108-12
|
Қазақстан Республикасының чемпионаты және халықаралық турнирдің жеңімпазы, Әлем біріншілігінің жүлдегері. Самбодан , қазақ күресінен спорт шеберлігіне үміткер.
|
14
|
Жұмаділда Санжар
|
108-14
|
Қазақстан Республикасының чемпионаты және халықаралық турнирдің жеңімпазы. Қазақ күресінен спорт шеберлігіне үміткер.
|
15
|
Тәжібай Бауыржан
|
108-14
|
Жасөспірімдер арасында Ұлттық спорт түрінен Қазақстан Республикасы чемпионатының және Халықаралық жарыстардың жеңімпазы. (Бүркітші) Спорт шебері.
|
Студент жастардың қызығушылығын ояту барысында Қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесіне арналған дәстүрлі жарысында институтымыздың қазақ күресінің құрама командасы жүлделі орынмен оралды, институт ректоры п.ғ.д., профессор О.Аяшев қаржылай бір стипендия көлемінде студенттерді марапаттады.
2014-2015 оқу жылындағы спорт саласындағы жетістіктер: Корея Инчхон қаласында өткен ХVІІ Азия ойындарының күміс жүлдегері 108-82 оқу тобының студенті, мылтық атудан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Лунина Елизавета ОҚО әкімі Асқар Мырзахметовтен қаржылай марапатқа ие болды.
Корея, Швеция, Иран, Ресей мемлекеттерінде өткен ҚР, Азия, Әлем чемпионаттарында және Халықаралық турнирлардың жеңімпазы 108-13к оқу тобының студенті, Қол күресінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Оңғарбаев Қыдырғалиды институт ректоры п.ғ.д., профессор О.Аяшев алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қоса т.б. көптеген жүлделі орын алып келген спортшы студенттер марапатталуда.
108-12 оқу тобының студенті, Кикбокстан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Тұяқбай Аида Венгрияда өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегеріне ие болды.
108-13 оқу тобының студенті, Бокстан спорт шебері Арапбаева Аида Венгрияда өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегеріне ие болды.
108-13 оқу тобының студенті, Каратэ-додан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алпысбай Қайсар 2014 жылы Малаазияда өткен Орта Азия ойындарының жүлдегері.
108-82 оқу тобының студенті, Самбо, дзюдо, Қазақ күресінен спорт шебері Әшірбек Дәулет ҚР чемпионатының жеңімпазы
108-82 оқу тобының студенті, садақ атудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сайдиева Луиза Корея Инчхон қаласында өткен ХVІІ Азия ойындарының рекордшысы.
Достарыңызбен бөлісу: |