|
Іс-тәжірибе базалары.
Студенттердің іс-тәжірибеден өтуі білім беру процессі кезіндегі негізгі компоненттердің бірі екені белгілі. Іс тәжірибе жоғары оқу орынында білім алған студенттің практикалық дағдысының қалаптасуына, теориялық білімін бекітуге, озық білім беру тәжірибелерін игеруге бағытталған.
ОҚМПИ-дің студенттері оқыту процессіндегі іс-тәжірибенің барлық түрлерін өтті, яғни оқу-таныстыру, оқу, тілдік, педагогикалық және диплом алды іс-тәжірибе. Қазақстан Республикасындағы педагогикалық жоғары оқу орындарына тән бағдарламаға сәйкес студенттердің іс-тәжірибеден өтуі ұйымдастырылып, академиялық күнтізбе мерзіміне сай өткізілді. Барлық қажетті рәсімдеу жұмыстары жүргізілді. Оқу жылы басталмас бұрын Оңтүстік Қазақстан облысының аудандарының мектептерімен, Шымкент қаласының үздік лицей, гимназия, орта мектептері, педагогикалық колледждері, химия-биология және физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектептері, дарынды балалар оқитын мектеппен келісім шарттар жасалынды. 2013-2014 оқу жылында Назарбаев зияткерлік мектептерімен меморандумға қол қойылды және физика, математика, шет тілі, қазақ тілі, химия, биология мамандықтарының студенттері осы зияткерлік мектеаптерде іс-тәжірибеден өтті.
|
Базалық мектептер және мекемелер туралы мәлімет
|
Материалдық база және оқулықтармен қамтамасыз етілуі
|
Институттың 3 оқу корпусы мен 2 студенттер үйінде Wi-Fi орнатылған, студенттерге тегін ғаламтор қолжетімді. Оқу корпустарында арнайы демалыс бұрыштары бар. Барлық оқу корпустары мен студенттер үйінде электронды оқу залы жеткілікті деңгейде электронды оқулықпен қамтамасыз етілген.
Кәсіптік білім мамандығын өндіріс жағдайымен пара-пар ету және дуальды білім беруде тәжірибе жинақтау мақсатында тігін, ағаш, темір, дәнекерлеу шеберханалары ашылып, олар толық жабдықталды.
Институт кітапханасының негізгі басты міндеттері: кітапхана қорын толықтыру, оқу және ғылыми үрдістерді оқу, ғылыми, көркем әдебиеттермен және мерзімді басылымдармен қамтамасыз ету, пайдаланушылардың сұраныстарына қарай қажетті ақпараттарды алуларына мүмкіндік жасау. Кітапхана қоры - ақпараттық ресурстардың құрамдас бөлігі болып табылады және оған келесі басылым түрлері жатады: барлық білім салалары бойынша оқу әдебиеттер; оқу-әдістемелік әдебиеттер; ғылыми әдебиеттер, мерзімді басылымдар . 2014-2015 оқу жылы кітапханада келесі негізгі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілді: кітапхана қорын толықтыру, анықтама-ізденіс аппаратты ұйымдастыру, оқырмандарға қызмет көрсету, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу.
|
Бас ғимараттығы оқу залы - кітап қорында оқу әдебиеттер мен энциклопедиялар, анықтамалар барлық сала бойынша басылымдар жинақталған.
Ғылыми оқу залы профессор-оқытушылар құрамының, студенттердің ғылыми зерттеу жұмысына ақпараттық қызмет көрсету мақсатында ашылды. Ғылыми оқу залында институттың профессор-оқытушылар құрамының еңбектері (монографиялар, диссертациялар, авторефераттар), реферативті және ғылыми журналдар, конференциялардың жинақтары, мерзімді басылымдар жинақталған.
Электронды оқу залында Интернет желісіне қосылған. Пайданушыларға сапалы ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету үшін электронды оқу залында – Интернет ақпараттық ресурстарымен; электрондық оқулықтармен; электронды каталогтармен; мәлімет базаларымен толықтырылған мәтінді деректер қоры: «ПОЛПРЕД» (http://polpred.com) қамтамасыз етілген
Оқырмандарға толық және сапалы қызмет көрсету мақсатында А.С.Пушкин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Шымкент орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ақпараттық білім беру орталығы мен келісім шарт жасалған.
2014-2015 оқу жылында мынадай тақырыптық папка ұйымдастырылған:
ҚР Президентінің Жолдаулары, Тұңғыш Президент күні,
Тәуелсіз Қазақстан,
ОҚМПИ баспасөз беттерінде,
Қазақ хандығына - 550 жыл,
Қазақстан халқы Ассамблеясына - 20 жыл,
Қазақстан республикасының Конституциясы - 20 жыл,
Ұлы жеңіске 70 жыл.
Тақырыптық көрмелер ұйымдастырылған:
«Қазақстан жолы 2050. «Мәңгілік ел»;
«Бір мақсат. Бір мүдде. Бір болашақ» (Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа кезекті жолдауы);
Егемен елдің кемеңгер басшысы (1-ші желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күні);
Тәуелсіздік жолы – нұрлы жолы;
Ұлы дала дүбірі (Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл);
Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы (Қазақ хандығының – 550 жыл);
Дені сау ұрпақ - қоғамның қуаты. (Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні 7 сәур);
Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран (Ұлы жеңіс күні – 70 жыл);
Тәуелсіздік тірегі – Ата заң (30 тамыз ҚР конституциясы күні 20 жыл);
ОҚМПИ оқытушы-профессорлар құрамының еңбектері;
Интернет әлем өрмегі.
|
Аккредитация
ОҚМПИ институционалдық аккредиттеу бойынша №360 16.09.2014 ж., мамандандырылған аккредиттеу бойынша №361 22.09.2014 ж. Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігімен (БСҚТА) келісімшартқа отырды. Институционалды және мамандандырылған аккредиттеуге байланысты өзін-өзі бағалау есептерін дайындау мақсатында басқару комитеті және жұмыс топтарының құрамы мен жетекшілері бекітілді (14.10.2014 ж. № 4-99 бұйрық; 14.10.2014 ж. № 08 өкім). 2015 ж. қыркүйек айынан бастап институционалдық және 23 мамандық бойынша мамандандырылған арнайы аккредиттеу аясына сәйкес өзін-өзі бағалау есептерін дайындау жұмыстары жүргізілді.
Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің (БСҚТА) ұйымдастыруымен 10.10.2014 ж.-12.10.2014ж. күндер аралығында Институт қызметкерлеріне семинар-тренинг жүргізіп, сертификаттар берілді (институционалды аккредиттеу бойынша - 48 сертификат, ал мамандандырылған аккредиттеу бойынша – 49 сертификат).
ОҚМПИ институционалдық және 23 мамандық бойынша мамандандырылған аккредиттеу аясында БСҚТА жүргізген сыртқы аудиттен сәтті өтуіне байланысты 5 жыл мерзімге, яғни 24.04.2020ж. дейін ұзартылған куәлікке ие болды (куәліктің тіркеу нөмірі: IА № 0057), бакалавриат білім беру бағдарламасы бағытында төмендегі 23 мамандық аккредиттелді:
Кластер 1:
5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
5В010200- БОПӘ
5В010600-Музыкалық білім
5В010700-Бейнелеу өнері және сызу
5В010800-Дене шынықтыру және спорт
Тіркеу нөмірі: SA № 0052/1
Кластер 2:
5В010400-БӘД
5В012000-Кәсіптік оқыту
5В010300-Педагогика және психология
5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
5В010500-Дефектология
5В011400-Тарих
Тіркеу нөмірі: SA № 0052/2
Кластер 3:
5В010900-Математика
5В011000-Физика
5В011100-Информатика
5В011200-Химия
5В011300-Биология
5В011600-География
Тіркеу нөмірі: SA № 0052/3
Кластер 4:
5В011500-Құқық және экономика негіздері
5В011900-Шет тілі:екі шет тілі
5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті
5В012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
5В011800-Орыс тілі мен әдебиеті
5В012200-Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
Тіркеу нөмірі: SA № 0052/4
Институционалды және 23 мамандық бойынша мамандандырылған аккредиттеу сыртқы эксперттерінің БСҚТА ұсыныстарын жүзеге асыру және ескертулерін жою мақсатында іс-шаралар жоспары жасалынып, институт сайтына ендірілді.
Мониторинг
Институттың білім беру үдерісінде тұтынушының, профессор-оқытушы құрамы мен студенттердің ЖОО-да оқыту сапасына қанағаттанушылығын бағалаулар жүргізіледі. Жоспарлы әлеуметтік сауалнамалар мынадай тақырыптар бойынша жүзеге асырылады:
Жоғары оқу орнындағы оқытушылардың еңбекті ұйымдастырушылығына қанағаттанушылығы;
Білім беру қызметімен сыртқы тұтынушылар арасында оқу орнымыздың бітіруші түлектерінің кәсіби деңгейін анықтау;
Оқытушы студенттер көзімен;
Студентті қанағаттандыру барысында жеке даму және білім үшін жағдай жасау;
Педагогикалық іс-тәжірибе жұмысының ұйымдастырылуы;
ОҚМПИ қолдау көрсетілуіне студенттердің қанағаттанушылығы;
Студенттердің оқу және оқудан тыс өмірі (кітапханалардағы қызмет көрсету, ғаламторға қосылу мүмкіндігі, тамақтану сапасы, жатақхана жағдайы, студенттердің бос уақытын тиімді өткізуі);
Оқу процесін ұйымдастыру сапасына студенттердің қанағаттанушылығы;
Шетел профессорлары мен олардың жүргізген лекцияларының маңыздылығын анықтау;
Жемқорлыққа студенттердің көзкарасы.
2014-2015 оқу жылындағы жаппай жауап алу әдіспен «Жоғары оқу орнындағы оқытушылардың еңбекті ұйымдастырушылығына қанағаттанушылығы» саулнамасында институттың 279 ОПҚ қатысты. Сауалнаманың негізгі бағыттар бойынша ОПҚ оқу үрдісінің келесі бағыттарды жоғары бағалады: ғылыми-әдістемелік біліктілік, педагогикалық шеберлігігінің арттыру, қызмет көрсету және еңбек жағдайының қолайлығы. Сарапшылардың (79,5%) басым көпшілігі оқу орнының еңбек шарттары мен ұйымдастыру жұмыстарына қанағаттанушылық білдіреді.
«Білім беру қызметімен сыртқы тұтынушылар арасында оқу орнымыздың бітіруші түлектерінің кәсіби деңгейін» анықтауға 174 сарапшы қатысты, соның ішінде: 6 мектеп директорлары, 13 оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, 132 мұғалім, 24 білім беру жүйесінің қызметкерлері (мемлекеттік қызметкерлер). Сарапшылардың бағалау нәтижесі бойынша ОҚМПИ түлектерін оқытып шығаруда арнайы тиімді оқытудың инновациялық технологиясы мен оқу-әдістемелік іс-тәжірибелері жоғары деңгейде қолданылады.
2014-2015 оқу жылындағы «Педагогикалық іс-тәжірибе жұмысының ұйымдастырылуы» сауалнамаға 4 курстың 80 студенті қатысты. Педагогикалық іс-тәжірибенің өту кезіндегі сапасына қанағаттанудың деңгейінің көрсеткіші 97,5% көрсетті. Жалпы алғанда, студенттер педагогикалық шеберлік пен тәжірибе жүзінде машықтануын жоғары бағалауда.
2014-2015 оқу жылы «Шетел профессорлары мен олардың жүргізген лекцияларының маңыздылығын анықтау» сауалнамасының барысында 320 студент 5 шетел профессорларға баға берді. Сауалнамадағы студенттерге қойылған сұрақтарға берілген жауаптарды жалпылама талдау бойынша респонденттердің 70% астамы мамандық бойынша оқу құралын, монография және халықаралық деңгейде мақала жариялаған жетекші профессорларды шақыру керектігін белгілеген. Сонымен бірге, респонденттердің 26,4% ТОР 500 кіретін шетелдік профессорлардың лекцияларының маңыздылығын атап өткен.
«Жемқорлыққа студенттердің көзкарасы» сауалнама бойынша 1105 студенттерден жауап алынды. Сауалнама компьютер арқылы жүргізілді. 2014-2015 жылғы сауалнама қорытындысы бойынша 100% студенттер ЖОО-да парақорлық жоқ деп белгілеген. Сонымен бірге, 98,5% студенттер, ЖОО-ның жемқорлыққа қарсы дебаттар, мемлекеттік басқару органдары мамандарымен кездесуі сияқты іс шараларды белсенді өткізетіндігін көрсетті.
Рейтингтің негізгі мақсаты - оқытушылар, кафедралар, институттың жоғары мектептері қызметтерінің, соның ішінде оқу процесіне жеке және ұжымдық атқарған еңбектері ескере отырып, қызмет нәтижелерінің толық ақпараттық мәліметтер базасын орнату.
Достарыңызбен бөлісу: |