Ғылыми-зерттеу жұмыстары
Институттың ғылым саласындағы миссиясы – Институттың ғылыми әлеуетінің сапалық деңгейін көтеру және ғылыми тұрғыда ойлау қабілеті дамыған, кәсіби қызметіне шығармашылық көзқараспен қарайтын, заманауи білім беру жаңалықтарына бейімделуге қабілетті білікті педагог мамандар даярлау болып табылады.
Институттың ғылыми-зерттеу жұмысы 2013-2015 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарына сай бекітілген ҒЗЖ жоспарына сәйкес жүргізілді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары институттың жоспарына сәйкес келесі ғылыми бағыттар бойынша жүргізілуде:
Жаратылыстану және математика ғылыми мектебі бойынша:
Физика және математика кафедрасында
12-жылдық білім беру жүйесінде физика және математика пәндерін оқыту әдістемесінің проблемалары;
Механиканың қазіргі кездегі өзекті мәселелері;
«Болашақ мұғалімнің педагогикалық құзіреттілігін институт қабырғасында қалыптастыру»;
«Тоқыма жіптерінің қалыптасу және олардың қатты дене бетімен сырғу процесінің математикалық моделденуі»;
Cуда ерігіш полимерлердің коллоидты-химиялық қасиеттері және оларды қолданудың ғылыми негіздемесін жасау;
Химияны оқытудың инновациялық әдістемелері;
Оңтүстік Қазақстан облысында табиғи обьектілердің өндіріс мекемелері және автотранспорт қалдықтарымен ластанудың экологиялық мәселелері;
Оңтүстік Қазақстан облысында ауыз судың экологиялық мәселелері және оны шешудің жолдарын, су ресурстарын тазарту мәселелерін зерттеу;
Биология пәнін оқытудың белсенді түрлері мен әдістері;
Өлкетанудың географиялық, экономикалық және құқықтық концепциясы.
Гуманитарлық және әлеуметтану ғылыми мектебі бойынша:
Әлеуметтік пәндер кафедрасында
Қазақ философиясын зерттеудің өзекті мәселелері;
Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-саяси дамуы
Жалпы педагогика кафедрасында
Болашақ педагогтарды және сынып жетекшілерін кәсіби даярлаудың теориясы мен әдістемесі, технологиясы;
12 жылдық білім беру қарсаңында жаңа тұрпатты болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың педагогикалық негіздері;
Жеке тұлғаны әлеуметтік бейімдеу мен оңалтудың педагогикалық-психологиялық негіздері;
Қазақстан және әлем тарихы кафедрасында
Оңтүстік Қазақстанның Арыс мәдениеті (б.з.д. ІV – б.з. VI ғ.), Қаңлы мемлекетінің археологиялық және жазба ескерткіштері (б.з.д. ІІ - б.з. ІVғ.)
ТМД елдері және Қытайдың мұрағаттық және қолжазба қорлары-ХVІІІ-ХХ ғасырлардағы Қазақстанның оңтүстік өңірі және Орталық Азияның тарихының дереккөзі;
Шығармашылық және жаңа технологиялар ғылыми мектебі бойынша:
Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасында
Жоғары оқу орындарында бейнелеу өнерін оқытудың жаңаша технологиясы мен әдістемесі;
Жоғары оқу орындарында кәсіптік оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың жолдары мен мүмкіндіктері;
Бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасында
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жүйесінде пәндік оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері;
Ауыз әдебиетінің грамматикасы;
Ғаламдану жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға интеграциялаудың инновациялық технологиялары;
Музыкалық білім кафедрасы
«Қазақстанның инновациялық даму контекстіндегі музыкалық және мәдени шығармашылық білімнің фундаменталды және қолданбалы негіздері»;
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» кафедрасында
Мектеп бағдарламасына ұлттық ойындарды енгізу арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу негіздері;
Салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, жастарды спортқа тәрбиелеу;
Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру кафедрасында
Оқушы жастарды әскери дәстүрлерді жаңғырту негізінде елжандылыққа тәрбиелеу;
Дене тәрбиесі сабақтарында болашақ педагогикалық мамандықтар мұғалімдерін құнды сапалыққа тәрбиелеу.
Филология ғылыми мектебі бойынша:
Бүкіл ұлттық идея – Қазақстан халқы тұтастығының рухани негізі;
Қазақ және әлем әдебиеті кафедрасында
Фольклортану және Фольклор мен әдебиеттің өзара байланысы;
Әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері;
Әлем әдебиеті және әдеби байланыстар;
Көптілді білім беру негізінде бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру;
Этнопедагогика: шетел тілінің оқыту әдістемесі;
Ағылшын филологиясы кафедрасында
Педагогика, педагогика тарихы және этнопедагогика;
Салыстырмалы – жалпы, тарихи және салғастырмалы тіл білімі.
2014-2015 оқу жылындағы орындалған ғылыми-зерттеу жұмыстары. Институттың профессор-оқытушы құрамы мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуы 2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуы 2013-2014 оқу жылы 51 пайыз болса, 2014-2015 оқу жылында 57 пайызға өсіп отыр, ПОҚ 2013-2014 оқу жылында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуы 75 пайыз болса, 2014-2015 оқу жылында 80 пайызды құрап отыр. 2013-2014 оқу жылында институт ПОҚ құрамының импакт-факторлы басылымдарда жарияланған мақалалар саны 18 құраса, 2014-2015 жылы мақала саны 57 өсті. 2014-2015 оқу жылында институт бойынша 11 монография, импакт-факторы бар рейтингті шетел басылымдарда жарияланған мақалалар -56, Республикалық рейтингті басылымдарда (ЖАК)-109, басқа журналдарда-170, алыс шет елдерде- 62, жақын шетел елдерде- 62, ҚР халықаралық конференцияларда-793, ҚР республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда-467, Аймақтық конференцияларда-30.Барлығы-1760 мақала жарияланды.
Ғылыми-зерттеу жұмыс жобалары, бағдарламалардың жоспарлануы мен іске асырылуы.
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент Сартаева Х.М.
Зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша «Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі герпетофаунаның биоалуантүрлілігі және экологиялық жағдайы» тақырыбында монография жарық көрді және екінші монография шығу үстінде. Сонымен қатар 15 ғылыми мақалалар шетел, ТМД елдеріндегі ғылыми журналдарда және халықаралық конференцияларда, оның ішінде 1 ғылыми мақала «WASJ» - World Applied Sciences Joournal Thomcon Reuters және Scopus тізбесіндегі индексі нөлден жоғары журналда жарық көрді.
2015 жылы әлеуметтік пәндер кафедрасының аға оқытушысы А.Есимова ғылыми-зерттеу жобасының нәтижесі бойынша, 7,5 млн. теңгені құрайтын мемлекеттік грантқа ие болды.
Институтымызда қазіргі таңда министрлік қаржыландыратын «Қазақстан аймақтарының жағымды имиджін қоғамды біріктіру әлеуеті ретінде қалыптастыру» атты 1 ғылыми жоба бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл тақырып актуальды тақырыптар қатарынан орын алып отыр. Сонымен қатар Химия кафедрасының профессоры А.Аширов ЖШС «Сапа» қорүнемдеу технологиялық ғылыми-өндіріс орталығында аға ғылыми қызметкер ретінде 20 млн қаржыландырылған «Универсальный модуль для электромагнитной стимуляции продуктов обмолота зерноуборочном комбайном» атты жоба бойынша жұмыс жүргізуде . Сонымен қатар профессор А.Аширов Қызылорда қаласының әкімшілігінің қаржыландыруымен «Разработка уранодабывающих предприятии на окружающую среду» атты 30 млн тенгемен қаржыландырылған жоба бойынша жұмыс жүргізуде.
№
|
Тақырыптар аталуы
|
Тапсырыс беруші және қаржыландыру көзі
|
Жетекшінің аты-жөні, тегі
|
1
|
Қазақстан аймақтарының жағымды имиджін қоғамды біріктіру әлеуеті ретінде қалыптастыру
|
ОҚМПИ
ҚР Білім және ғылым министрлігі
|
доцент Есімова А.Б.
|
2
|
Универсальный модуль для электромагнитной стимуляции продуктов обмолота зерноуборочным комбайном
|
ЖШС «Сапа» қорүнемдеу технологиялық ғылыми-өндіріс орталығы
|
Профессор
А.Аширов
|
3
|
Разработка уранодабывающих предприятии на окружающую среду
|
Қызылорда қаласының әкімшілігі
|
Профессор
А.Аширов
|
Оқу ордамызда ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарға сай орындалады. 2014-2015 оқу жылында 3 халықаралық, 1- республикалық-студенттік, 1-онлайн конференция ұйымдастырылып өткізілді. Конференция нәтижелері мерзімді басылымдарда және жинақта басылып шықты.
№
|
Конференция атауы
|
Конференция деңгейі
|
Өткізілілген меррзімі
|
1
|
Қазақстан-2050» стратегиясы – жоғары оқу орындарында педагог кадрларды кәсіби даярлауды қалыптастыру концепциясының негізі
|
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
|
14-15 қараша, 2015ж.
|
2
|
«Қазақ хандығы – мәңгілік ел идеясы: тарихи тағылымы мен тағдыры»
|
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
|
17- 18 наурыз, 2015ж.
|
3
|
«Нұрлы жол» даму бағдарламасы: Жастар және ғылым» атты студенттердің дәстүрлі ІV ғылыми-тәжірибелік конференция
|
Республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция
|
3-4 сәуір, 2015ж.
|
4
|
Межкультурная коммуникация в глобальном контексте
|
Онлайн-конференция
|
14 мамыр
|
5
|
«Байтанаев оқулары – 3: Қазақстан білім кеңістігіндегі жаңа ғылыми технологиялар»
|
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
|
15 мамыр, 2015ж.
|
Студенттердің ғылыми жұмыстарға қатысуы
2014-2015 оқу жылында институт студенттері ғылыми-зерттеу жұмысына белсене қатысты. Жыл сайын өтетін республикалық СҒЗЖ байқауына институттың 130 студенті ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұсынды. 2014-2015 оқу жылында өткен Республикалық VII пәндік олимпиадаға барлық мамандықтар бойынша студенттер қатысып, нәтижесінде Абай атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінде өткен пәндік олимпиадада тарих мамандығының студенттері үй тапсырмасы бойынша 1 орынды иеленсе, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-е өткен пәндік олимпиадада кәсіптік білім мамандығының студенттері 2 орынға ие болды. Информатика, биология, дефектология, Бейнелеу өнері және сызу, Бастапқы әскери дайындық мамандықтары бойынша қатысқан командалар барлығы 3 орынды иеленді. Сонымен қатар Астана қаласында ұйымдастырылған «Ғылым шарайнасы» байқауында 7 студент- 1орын, 1 студент -2 орынға және 2 студент-3 орын иегері атанды. Жүлделі орын алған студенттерге институт тарапынан қаржылай марапат берілді.
Жүлделі орын алған студенттер туралы толық мәліметтер:
Республикалық «Ғылым шарайнасы» байқауынан I-орын алган студеттер:
Жаналиева Аңсаған Сарыбайқызы 121-14 тобының студенті, ғылыми жетекшісі: Мамыт Амангелді Алтыбайұлы.
Бахтыбай Арай Бахтыбайқызы 110-14 тобының студенті, ғылыми жетекшісі: Абдукадиров Бағдат Затыбекович.
Баймирзаева Гулнұр Рустамқызы 105-14 тобының студенті, ғылыми жетекшісі: Жапбарова Гулмира.
Сағынбекова Гулжазира Қуанышбекқызы 105-12 тобының студенті, ғылыми жетекшісі: Жапбарова Гулмира.
Жұманова Шолпан Сәдуақасқызы 112-12 тобының студенті, ғылыми жетекшісі: Арынғазиева Баян Бекмырзақызы.
Ғаниқызы Мадина 114-12 тобының студенті, ғылыми жетекшісі: ғылыми жетекшісі: Айтай Б.С.
Махан Арайлым Айтбекқызы 112-12 тобының студенті, ғылыми жетекшісі: Битемирова А.Е.
II-орын алган студеттер:
Тұрсынбекова Назерке Мұратқызы 120-12 тобының студенті ғылыми жетекшісі: Пошаев Данабек Колдасович.
III-орын алган студеттер:
Ағайдар Әсел Мұхтарқызы 112-14 тобының студенті ғылыми жетекшісі: Мәдібекова Ғ.М.
Қойшыбай Мәдина Сейлханқызы 112-12 тобының студенті ғылыми жетекшісі: Битемирова А.Е.
VII Республикалық пәндік олимпиада I-орын алган студеттер:
Тарих мамандығы бойынша Алматы қаласы, Абай атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университеті Джалилов Асан Махмедович, Ержан Бексұлтан Бахытжанұлы 114-12 тобының студенттері және Назарова Сабина Бахтияровна 114-83 тобының студенті ғылыми жетекшісі: Айтай Б.С.
VII Республикалық пәндік олимпиада II-орын алган студеттер:
Кәсіптік оқыту мамандығы бойынша Шымкент қаласы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ Али Қуаныш Оразбаевич, Тұрсунқұл Самал Әзімқұлқызы, Сабитов Акжан Саматович, Аскербекова Мөлдір Мырзаханқызы 120-11 тобының студенттері ғылыми жетекшілері: Байбатшаева А.Е., Пошаев Д.Қ.
VII Республикалық пәндік олимпиада III-орын алган студеттер:
Информатика мамандығы бойынша Түркістан қаласы, Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Тыныбаев Абылай, Усентаев Нурсұлтан Уринтаевич 111-22 тобының студенттері және Айдын Ермеш 111-14 тобының студенті, ғылыми жетекшісі: Лесбаев А.У.
Информатика мамандығы бойынша Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Усентаев Нурсұлтан Уринтаевич 111-22 тобының студенті, ғылыми жетекшісі: Нурмуханбетова Г.К.
Биология мамандығы бойынша Павлодар қаласы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті Асан Сандуғаш Мұханқызы 113-31 тобының студенті
және Тыныштықбай Балауса Жаппасқызы 113-11 тобының студенті және Сыдықова Жансая Қантбекқызы 113-22 тобының студенті ғылыми жетекшісі: Алпамысова А.Б.
Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Қасмырзаев Бекмырза 107-12 тобының студенті және Мұсабекова Құралай 107-13К тобының студенті, ғылыми жетекшілері: Тәңірбергенов М.Ж., Жолдасбекова Г.Д.
Дефектология мамандығы бойынша Қарағанды қаласы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Тазабекова Айкерим Болатовна 105-83 оқу тобының студенті және Абдуллаева Гулназ Ерғалиқызы 105-12 оқу тобының студенті және Ибрахим Лаура Халилиллақызы 105-12 оқу тобының студенті Қаныт Ақсая Батырбекқызы 105-13 оқу тобының студенті, ғылыми жетекшісі: А.Ш.Баймахова
Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша Қарағанды қаласы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Жұматай Дінмұхамед және Исмайлов Мақсат және Бусинов Даулет 104-13 оқу тобының студенттері, ғылыми жетекшісі: Қадырбаев Ж.А.
Оқу процесіне қолданысқа енгізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы.
Институттың профессор- оқытушылары жыл сайын ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін оқу үрдісіне енгізіп отырады.2013-2014 оқу жылында оқу үдерісіне 36 акт енгізілсе , 2014-2015 оқу жылында институт кафедраларына қарасты мамандықтар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтежиесімен оқу үдерісіне 60 акт енгізілді.
Оқу жылдары
|
Акт саны
|
2013-2014
|
36
|
2014-2015
|
60
|
Барлығы
|
96
|
|