ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты


Мақсаты: Студенттерд Рибосомалардың түрлері, олардың маңызы, атқаратын қызметі. Жасуша орталығы құрылысымен және қызметімен таныстыру. Түсінік



бет20/43
Дата20.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#187218
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43
Байланысты:
жасуша зерт ок
9 лекция, жасуша зерт ок, жасуша зерт ок
Мақсаты: Студенттерд Рибосомалардың түрлері, олардың маңызы, атқаратын қызметі. Жасуша орталығы құрылысымен және қызметімен таныстыру.
Түсінік:
Рибосомалар дегеніміз диаметрі 15-25 нм томпақ денешіктер. Олар ірі және майда бөлшектерден тұрады. Рибосомалар жасушада түйіршікті эндоплазмалық торлардың сыртында, цитоплазманың 3ш3нде бос, кейбір органоидтарды4 матриксінде кездеседі. Информациялық РНК-ларда 5 тен 70-ке дейін орналасқан рибосомалардың түрлерін полисомалар деп атайды. Рибосомалардың 40 проценті РНК-дан, ал 60 проценті белоктардан тұрады.
Рибосомалар жасушада белоктар синтезіне қатысады. Ол әсіресе плазмалық торларда орналасқан рибосомаларда қарқынды жүреді. Рибосомалар түзген тізбектер моншақ тәріздес. Моншақтың жіпшелері информациялық РНҚ-да, моншағы рибосомалар. Бос рибосомалар жасушаның өзіне керекті белоктарды синтездесе, басқа органоидтардағы байланысқан рибосомалар, немесе полисомалар жасушадан шығарылатын белоктарды синтездейді. Олардағы синтез процесі бос рибосомалардағымен салыстырғанда 20 есе жоғары.
Жасуша орталығы-адам мен жануарлардың барлық және кейбір өсімдік жасушаларында болатын,жасушалардың митоздық бөлінуін қамтамасыз ететін органелла.
Жасуша орталығы- цилиндр тәрізді,бір-біріне тік бұрыш түзіп орналасатын екі денешік. Бұларды центроилдер деп атайды. Центроиль қабырғасы әрқайсысы үш микротүтікшеден түзілетін 9 топтан тұрады.Ортасындағы осы екі микротүтікшеден түзілген.Бұл органойд жасушаның бөлінуі кезінде,бөліну ұршығын түзеді. Бөліну ұршығы хромосомалардың полюстерге ажырауын қамтамасыз етеді.
Жасуша орталығының негізгі қызметі:
1.Жасушаның бөлінуіне қатысады.
2.Цитоқаңқаның тұрақтылығын ұстап тұрады.
Жасуша орталығы екі құрамдас бөліктен тұрады:
1.Центриольден
2.Центросферадан
Центриоль- центросоманы құрайтын майда денешік. Бұл ядролық қабықшаның жанында, цитоплазмада орналасқан органелла. Ол төменгі сатылы өсімдіктер мен жануар жасушасында кездеседі. Центриоль және оны қоршаған цитоплазманың ақшыл мөлдір бөлігі (центросфера) бірігіп, центросоманы (орталық денешік) құрайды. Центросоманың екі центриолі (диплосома) бір-біріне перпендикулалы орналасады. Центриольдің біреуін "аналық", ал бұдан пайда болған екінші денешікті жас центриоль деп атайды. Электронды микроскоппен қарағанда центриольдің ұзындығы 0,3-0,5 мкм, диаметрі 0,2 мкм. Ол цилиндр пішінді құрылым. Цилиндрдің қабырғасы 9 топ микро түтікшелерден құралған. Әрбір топта диаметрі 25 нм 3 микротүтікшелер болады. Центриоль — жасушаның митоздық бөлінуін іс жүзіне асырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет