ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты



бет2/43
Дата20.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#187218
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
жасуша зерт ок
9 лекция, жасуша зерт ок, жасуша зерт ок
1 с а б а қ
Тақырып: Микроскоптың құрылысымен танысу. Препарат дайындау әдістері.
Мақсаты: 1. Препараттар дайындау әдістерін және микроскоп құрылысын білу.
Құралдар мен жабдықтар: Микроскоптар, микротом, химияляқ реактивтер-формалин (5-10%), этил спирті, парафин, гематоксилин,эозин, глицерин (бальзам), негізгі және жапқіш әйнектер және таблицалар.


Тапсырма 1. Микроскоп құрылысы мен препараттар дайындау әдістері
Цитологияның әдістері. Жасушаның жалпы морфологиясын оқып үйрену, зерттеу әдістерінің дамуына байланысты. Цитологияның негізгі зерттеу әдісі микроскопиялық әдіс. Қазіргі кездің өзінде де жарық микроскопы зерттеу құралы ретінде өзінің маңызын жойған жоқ. Лабораториялық сабақтарда МБЗ-1, «Биолам» атты және тағы басқа оптикалық микроскоптар қолданылады.
Оптикалық микроскопия. Микроскопта келесі бөліктер ажыратылады: 1-оптикалық; 2-механикалық; 3-жарық қабылдайтын бөлік. Оптикалық бөліміне окуляр және объектив жатады. Бұлар негізгі бөлімі,күрделі линзалар жүйелерінен құралған. Окуляр дегеніміз зерттеушінің көзіне бағытталған үлкейтіп көрсететін бірнеше линза.Окуляр 5, 7, 10, 15 есе үлкейтіп көрсетеді. Объектив дегеніміз эерттейтін затқа бағытталған линзалар жүйесі. Объектив 8, 20, 40, 90 есе үлкейтіп көрсетеді. Микроскоптың жалпы неше есе үлкейтіп көрсеткен көрсеткіштерін өзара көбейту қажет. Механикалық бөлімі оптикалық және жарық бөлімдерін байланыстырып тұрады. Механикалық бөліміне штатив, тубус, макро,-микровинт, препарат қоятын орындық, револьвер, конденсор винті жатады. Жарық қабылдайтын бөліктеріне айна (бір жағы ойыс, ал екінші жағы тегіс) мен конденсор жатады. Ең жақсы деген оптикалық микроскоптың шешуші қабілеті айтарлықтай жоғары емес. Микроскоптың шешуші қабілеті дегеніміз жеке көрінетін екі нүктенің ең кіші ара қашықтықтары. Жарық микроскопы екі нүктенің ара қашықтықтарын көрсетеді. Бұл әйнек линзаларының немесе линзалар жүйесі көмегімен іске асады. Әйнек жүйелерінің бірі объектив, қарайтын нәрсенің (объектінің) көрінісін құрайды, ал окуляр деп аталатын екінші жүйе оны қайтадан үлкейтеді. Окуляр көзге жақын орналасқан линза (көзді латынша oculus) дейді. Микроскопта жарықты жинаушы конденсор болады (латынның condensus – жинаушы деген сөзінен шыққан). Оптикалық микроскоптың шешуші қабілеті 0, 2 мкм немесе 200 нм (нанометрге) тең, ал адам көзінің шешуші қабілеті 0, 1 мм. Жарық көзі ретінде ультракүлгін сәулелерді қолданған кезде оптикалық микроскоптың шешуші қабілетінің шегі 0, 1 мкм жетеді, яғни екі есе артады. Ультракүлгін сәулелерді адамның көзі қабылдай алмайтын болғандықтан, жасуша құрылысының көрінісі фотоға немесе экранға түсіріледі.
Микроскоптың үлкейту дәрежесі объектив пен окулярдың үлкейтуіне тәуелді, сан жағынан олардың үлкейту шамаларының көбейтіндісіне тең. Қазіргі оптикалық микроскоптардың үлкейту шегі 1500, 3000 еседен артпайды (Сурет-1).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет