ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты


Сурет-2. А – жарық және Б – электронды микроскопиялауға гистологиялық препараттар дайындау. Бақылау сұрақтары



бет7/43
Дата20.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#187218
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43
Байланысты:
жасуша зерт ок

Сурет-2. А – жарық және Б – электронды микроскопиялауға гистологиялық препараттар дайындау.
Бақылау сұрақтары
1. Цитология да қолданатын негізгі әдіс?
2.Препарат дегеніміз не?
3. Гистологиялық препаратты бекітудің мақсаты неде?
4.Қандай бояулар қолданады?
5. Микроскоптың құрылысы?
6. Микроскоп неше бөлімнен түрады?
7. Микроскоппен жұмыс істеу ережелері
8. Микроскопта окуляр және объектив дегеніміз не?
9. Гистологиялық препарат дайындау кезеңдері
10. Жарық микроскоп түрлері, құрылысы. Жай микроскоп канша ұлғайтады?
11. Жарық және электрондық микроскоптардың ұқсастық пен айырмашылықтары.
12. Тұрақты препараттарды жасау кезендері. Оның технологиясын ашкан кiм?
13. Бояулардың түрлері.
14. Микроскопта қолдатанатын метірлік өлшем бірлігі (жасушалардың өлшемi).
15. Прокариот және эукариот жасушалардың айырмашылықтары.

2 с а б а қ


Тақырыбы: Жасушаның химиялық құрамы. Жасушалық қосылыстар (белоктар, көмірсулар, липидтер) құрылымы мен цитоплазмадағы орналасуы.
Мақсаты: Студенттерге Жасушаның химиялық құрамы. Жасушалық қосылыстар (белоктар, көмірсулар, липидтер) құрылымы мен цитоплазмадағы орналасуы және ерекшеліктерімен таныстыру және талдау
Түсінік: Клеткалар бір-бірімен жанасқан кезде олардың плазмалеммалары өзара байланысқа түседі. Бұл байланыстар кезінде клеткааралық косылыстар түзіледі. Клеткааралык косылыстар эмбриональды даму барысында көпжасушалы ағзалардың және ұлпалардың түзілуі кезінде пайда болады. Клеткааралык косылыстар қарапайым жэне күрделі деп бөлінеді. Қарапайым косылыстар кезінде көршілес клеткалардың плазмалеммасы тіс тэрізді өсінділер береді. Бір клетканың осындай тісшесі екінші клетканың тісшелерінің арасына барыпқадалады (тісшелі қосылыс) немесе өзара байланыскан интердигитациялар, яғни, саусақты қосылыстар түзеді. Көршілес клеткалардың аралығында эрдайым 15-20 нм клетка аралық кеңістік болады. Күрделі қосылыстар өз ретінде адгезиялы, түйықтағыш жэне өткізгіш деп бөлінеді. Адгезиялы косылыстарға десмосома, жартылай десмосома және тіркестік белдігі (таспа тэрізді десмосома) жатады. Десмосома көршілес плазмалеммаларга катысты, өзара 25 нм-дей клеткааралық кеңістікпен бөлініп, гликопротеин тәрізді жұка фибрилді затпен толтырылған екі электронды тығыз бөлшектерден тұрады. Десмосома пластинкаларының цитоплазмаға қараған беттеріне, шаш шпилькаларына ұқсас кератин тонофиламенттері жабысады. Сондай-ак, клеткааралық кеңістік арқылы екі пластинканы байланыстыратын клетка аралық талшықтар өтеді.
Жартылай десмосома - тонофиламенттері бар бір пластинкадан тұрады, клетканы базальді мембранаға қосады. Тіркестік белдігі немесе таспа тэрізді десмосома - клетканың апикальды бөлімінің жанынан клетканың барлык бетін жауып тұратын “таспа”. Талшықты затпен толтырылған клеткааралық кеңістіктің ені шамамен 15-20 нм. “Таспаның” цитоплазмалық беті тығыздалған және актинді филаменттердің жиырғыш шоғымен бекітілген. Тығыз қосылыстар немесе бекіту зоналары клетканың апикальды беті аркылы ені 0,5-0,6 мкм белдік тәрізді өтеді. Тығыз косылыстар кезінде көршілес клеткалардың плазмалеммаларының арасында клеткааралық кеңістік пен гликокаликс мүлдем болмайды. Екі мембрананың ақуыз молекулалары өзара байланыстар жасайды, сондықтан тығыз қосылыстар арқылы молекулалар өте алмайды. Бір жасушаның плазмалеммасында эллипс пішінді ақуыз бөлшектерімен жасалған мембрананың ішкі моноқабатында орналасқан айдаршалар торы болады. Өткізгіш косылыстарға нексус немесе саңылаулы байланыс және синапс жатады. Олар арқылы бір клеткадан екіншісіне суда ерігіш кіші молекулалар өтеді. Осындай байланыстармен адамдар мен жануарлардың көпшілік клеткалары біріккен. Нексус қосылысы кезінде көршілес екі клеткалардың плазмалеммасының арасында ені 2-4 нм кеңістік болады. Екі плазмалемма өзара әркайсысы 6 ақуыз суббірліктерден қүрылған пішіндері 9 нм қуыс гексагональді ақуыз қүрылымдары - коннексондар аркьілы байланысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет