ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты


с а б а қ Тақырыбы: Биомембрана құрылысының моделі. Жасуша мембранасына әр түрлі жағдайлардың әсері



бет15/43
Дата20.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#187218
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43
Байланысты:
жасуша зерт ок
9 лекция, жасуша зерт ок, жасуша зерт ок
4 с а б а қ
Тақырыбы: Биомембрана құрылысының моделі. Жасуша мембранасына әр түрлі жағдайлардың әсері
Мақсаты: Студенттерге биомембрананың кұрылысы ерекшелігін түсіндіру. Оның жасушааралық байланыстарын көрсету.
Түсінік: Латынша “membrana” – жарғақ, үлпек деген сөз. Ол қалындығы 6-11 нм жасушаны ішкі ортадан бөліп тұратын майысқақ құрылым. Мембрана кез келген жасуша құрамын қоршаған ортадан бөліп, оның бүтіндігін және жасуша мен қоршаған орта арасындағы байланысын қамтамасыз етеді. Жасушаішілік мембрана клетканы арнайы тұйықталған бөліктерге – компартмент немесе органеллаларға бөледі. Осы құрылым туралы алғашқы болжамды Дж.Даниели мен Х.Давсон жасады (1935 жылы). Ол болжам бойынша, мембрана екі жағынан белокпен қапталған («сендвич») қосқабат липидтен тұрады.

С


урет – 8
1-белоктық компоненттер
2-фосфолипиттер

Кейін 1935 жылы Дж.Робертсон ішкі және сыртқы мембраналардың құрылысы бірдей екендігін көрсетті. Қазіргі кезде биологиялық мембрананың С.Дж.Сингер және Г.Л.Никелсон 1972 жылы ұсынған сұйықтық мозайкалық модель кеңінен тараған. Бұл модель бойынша мембрананың негізін екі қабат фосфолипидтер құрайды, олардың суды сүйетін бастары сыртқа, ал судан сескенетін құйрықтары ішіне қарай бағытталған. Мембрананың майлы қабатының 40-90%–н, глицерин немесе сфингозин туындылары, фосфолипидтер алып жатады.



Сурет-9
Биомембрананың атқаратын қызметін түсіну үшін, оның құрылысын қарастырайық. Әрбір биомембрананың негізгі құрылыс элементі фосфолипидтер. Мембраналардың негізгі қабатын фосфолипидтер 2 қабаты құрайды. Ең алғашқы болып оны дәлелдеген 1902 жылы Овертон деген ғалым. Гидрофильді қабаты – сумен әрккеттессе, гидрофобты қабаты – сумен әрекеттеспейді.
Фосфолипидтер құрамында глицерин болады. Глицериннің екі гидроксил тобына 12-ден 22-ге дейін жұп санды көміртек атомдары бар май қышқылдары байланысады. Глицериннің үшінші гидроксил тобына фосфор қышқылының қалдығы, ал одан әрі қарай фосфолипидтің құрылымын анықтайтын арнайы радикал байланысқан. Мұндай радикалдарға: холин, инозитол, серин жөне этаноламин жатады. Фосфолипидтің жалпы құрылымын қарастырсак, оның май қышқылдарынан құралатын майлы (гидрофобты) бөлігі және фосфор қышқылының қалдығы мен радикалдан тұратын (гидрофильді) бөлігі болады. Фосфолипидтер суда бірден мембрана түзеді. Ол кезде фосфолипидтердің майлы бөліктері сумен байланысқа түспеуге тырысып, өзіне ұқсас фосфолипид бөліктерімен жақындасады. Ал гидрофильдік бөліктері сыртка суға қарай бағытталады. Осындай жолмен бірден екі қабат фосфолипидтен тұратын, екі қабатты мембрана түзіледі. Мембрананың ішкі бөлігі екі қабат май қышқылынан тұрады, ал сыртқы қабатын екі қабаттан тұратын фосфат қалдығы мен фосфолипид радикалдары құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет