ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты



бет12/43
Дата20.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#187218
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43
Байланысты:
жасуша зерт ок
9 лекция, жасуша зерт ок, жасуша зерт ок
Эукариот жасушалар прокариоттардан ядросы, мембраналы оргаиоидтары және де баска микротүтікшелері сияқты құрылымдары болатындығымен ерекшеленеді. Ядроның негізгі компоненті - ДНҚ, дезоксирибонуклеин қышқылы. Оның молекуласы өте үлкен, адамның ДНҚ-ның ұзындығы 7,5 см-ге жетеді. Бұл молекулалар прокариоттармен салыстырғанда полирепликонды және екі қатар болып келеді. Сонымен бірге эукариоттардың ДНҚ-сы белоктармен және РНҚ-лармен қосылып күрделі дезокминуклеопротеидтер ДНП-лар түзеді. Өсімдік жасушасы сыртынан плазма мембранасымен қоршалған, оның сыртында прокариоттардағыдай жасуша қабырғасы орналасқан. Жасуша сөлі ішінде орналасқан органоидтарымен және де басқа құрылымдарымен цитоплазма деп аталады. Жоғарыда айтылғандай өсімдік жасушасының ең басты органоиды генетикалык информация жинақталған ядросы. Цитоплазма ішін мембрана түтікшелерінен тұратын және бір бірімен байланысқан эндоплазмалық торлар алып жатады. Олар түйіршікті және тегіс болып екіге бөлінеді. Өсімдік жасушаларының қуысшалары ірі, бірнеше қуысшалардан тұратын, шашыраңқы орналасқан пластинка комплекстері, немесе диктисомалары болады. Өсімдіктер жасушасының гиалоплазмасында екі қабатты мембранадан тұратын митохондриялар мен пластидтер орналасқан. Диктиосомалардың активтілігіне қатысты өсімдік органоидтарының бірі – лизосомалар. Оларда әр түрлі гидролитикалық ферменттер жинақталған.
Өсімдік жасушаларында фотосинтез процесіне тығыз байланысты әр түрлі крахмал және май түйіршіктері болады.



Сурет-4. Электронды микроскоп арқылы алынған өсімдік жасушасының ульрақұрылысы


Орындалатын тапсырмалар:
1. Пияздың жұқа қабықшасынан препарат дайындап микроскоп арқылы бағдарлау. Ол үшін пияздың бір қабатын алады да, оның ішкі қабықшасынан лабораториялық инелердің көмегімеи 0,5 см. квадраттай бөлігін алып бетіне су тамызылған препарат шынысына орналастырып бетін жабын әйнекпен жабады. Алдымен оны микроскоптың аз ұлғайтқышымен кейіннен үлкен ұлғайтқышымен бағдарлап, зерттеу керек.
Жасушалар көп бұрышты, көлемдері әр түрлі. Олардың ішінен ядрошықтары бар ядролар айқын көрінеді. Цитоплазмасынан вакуольдерді, оған кристалданған тұздарды, эфир майының тамшыларын байқауға болады. Бағдарлағыштан байқаған көріністі арнайы альбомға жай және түрлі түсті қарындаштармен, ұқыпты түрде суретін салу керек.
2. Құралда көрсетілген өсімдік жасушасының нәзік құрылымының жоба суретін арнайы альбомға жай қарындашпен көшіріп салу керек.


Сурет-5. Пияз жуашығының ішкі эпидермис қабатындағы жасушалар: А – жасушалардың жалпы көрінісі; Б – плазматикалық жасушалар.
1- ядро; 2- кіші ядро; 3- цитоплазма; 4- вакуольдер; 5- оксалат кальций кристалы; 6- цитоплазма жіптері; 7- май тамшылары; 8- түтікшелер; 9- қуыс аппаратының соңғы жасушалары; 10- қуыс ашығы; 11- хлоропластар; 12- жасуша қабықшасы; 13- плазмалемма; 14- Гех жіптері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет