ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты


Флуоресценттiк (люминсценттiк)



бет4/43
Дата20.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#187218
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
жасуша зерт ок
9 лекция, жасуша зерт ок, жасуша зерт ок
Флуоресценттiк (люминсценттiк) микроскопия әдісі де тірі жасушаларды зерттеу үшін қолданылады. Бұл әдіс кейбір заттардың жарық сәулелерінің әсерімен жарық шығаратын қасиетіне негізделген. Қозған жарық толқындарының ұзындығы жарық сәулелерінің әсерімен жарық шығаратын қасиетіне негізделген. Қозған жарық толқындарының ұзындығы жарық көзі толқындарының ұзындығынан артық келеді. Жарық көзі ретінде көк немесе ультракүлгін сәулелерді пайдаланады. Жасушадағы көптеген құрылымдар мен заттардың флуоресценцияланатын (жарық бөлетін) қабілеті болады, мысалы өсімдіктер жасушаларының хлоропластлардағы жасыл пигмент хлорофилдің ашық-қызыл жарық бөлетін қасиеті бар. А және В витаминдер де, бактерия жасушаларының кейбір пигменттері де жарық шығарады. Бірақ та жасушалардағы заттардың көпшілігінің бұндай қасиеті болмайды. Ондай заттар жарық болу үшін оларды флуорохромдармен, люминесценттік бояғыштармен өңдеу керек. Бұған жататындар қызыл-сары акридин, берберин, сульфат, флоксин т.б. флуорохроматтардың көпшілігі жеке жасушалық құрылымдарды жаппай бояй бермейді, таңдап бояйды және белгілі түске. Мысалы қызғылт-сары акридин дезоксирибонуклеин қышқылын (ДНК) жасыл, ал рибонуклеин қышқылын (РНК) қызғылт-сары түске бояйды. Поляризациялық микроскоптың көмегімен зерттелетін анизатропты құрылымдардағы молекулалардың орналасуын анықтауға болады.
Поляризациялық микроскопия. Поляризациялық микроскопия әдісі ұлпалар мен жасушалардың түрлі компоненттерінің поляризацияланған жарықтың сынатын қабілетіне негізделген. Кейбір жасушалық құрылымдар (бөліну ұршығының жіптерінің, миофибриллалардың, жыбырлауық эпителийдің кірпікшелері, көлденең-жолақты бұлшық ет талшығындағы А, I дискілері және т.б.) молекулаларының қатаң дұрыс бір тәртіппен қайталанып орналасуымен сипатталады оны изотропия дейді және оларға қосарланып сәуленің сыну қасиеті тән. Мұндай құрылымдарды анизотропты құрылымдар деп атайды. Микроскоптың конденсорының алдында (жарық шоғырының көзі мен объект арасында) арнайы призма поляризатор, ал препарат (адам көзі арасында) пен объективтің (линза) соңында анализатор қойылады.
Анизотропты құрылымдарды поляризациялық микроскоптың көмегімен зерттейді. Оның биологиялық микроскоптың айырмасы конденсордың алдында поляризатор орналасқан, конденсатор мен анализатор препарат пен объективтен кейін орнатылған. Поляризатор мен анализатор Исландия аппатитінен жасалған призмалар. Поляризациялық микроскопта анизатропты объектілер жараңғы өрісте жарық шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет