ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты


Қараңғы өрістегі микроскопия



бет5/43
Дата20.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#187218
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
жасуша зерт ок
9 лекция, жасуша зерт ок, жасуша зерт ок
Қараңғы өрістегі микроскопия. Қараңғы өрісте препараттарды ерекше конденсатордың көмегімен зерттейді. Жарық өрісінің конденсаторынан қараңғы көмегімен зерттейді. Жарық өрісінің конденсаторынан қараңғы өрістік конденсатордың айырмасы жарық көзінен жанама шеткі сәулелерін ғана өткізеді.
Жарықтың шеткі сәулелері объективке түскендіктен микроскоптың көру өрісі қараңғы күйінде қалады да, ал шашыраңқы жарық түскен объекті байқалатын болады.
Қараңғы өрісте түрлі тірі жасушаларды байқауға болады.
Цитохимиялық әдіс. Бұл әдісте түрлі реактивтерді қолданып, жасушаның құрамындағы заттарға сапалық химиялық реакциялар жүргізеді. Ақуыздарды, нуклеин қышқылдарын, майларды, көмірсуларды, гормондарды, витаминдерді, ферменттерді, металдарды т.б. анықтайтын әдістер бар. Цито – және гистохимиялық әдістер мұздатылған кесінділерді бояу кезінде жиі қолданылады, бірақ та парафинді кесінділерді де бояуға пайдалануға болады. Соңғы жылдары цито – және гистохимиялық тәсілдерді электрондық микроскопиялық әдіспен бірге жүргізу болашағы мол жаңа бағыттың – электрондық цито – және гистохимияның, дамуына әкеліп соқты. Қазіргі кезде сапалық тәсілдермен бірге ұлпалар мен жасушалардағы түрлі заттардың мөлшерін анықтайтын сандық цито және гистохимиялық әдістер қолданылып жүр. Липидтерді зерттеген кезде бекітілген ұлпаны парафиндеуге болмайды, себебі спирттер арқылы өткізген кезде липидтер ериді. Сондықтан оны криостатта мұздатылған күйде кесу керек. Этил спиртінде сусыздандыру ұлпаның көлемін кемітеді. Суды лиофилизация (мұздатылған күйінде кептіру) әдісімен жоюға болады. Ұлпаны тез мұздатады (мысалы: сұйық азотпен), содан кейін төменгі температурада вакуумде сусыздандырады. Лиофилизацияланған ұлпаның бөлігін формальдегид буында бекітеді де парафинге салады. Биологиялық жүйелердің құрылысы мен функциясы жөніндегі толық мәліметтерді алу үшін құрылымдарды тірі күйінде зерттеу керек.
Ұлпаларды қолдан өсіру әдісі. Ұлпалар мен жасушаларды қолдан өсіріп, зерттеуді ағзадан тыс (in vitro) (латынның in vitrim - әйнек деген сөз) және ағзаның өзінің құрамында (in vivo) жүргізуге болады. Ұлпалар мен жасушаларды in vitro жағдайында қолдан өсіру әдісінде жасушалар мен ұлпаларды стерилдік жағдайда арнаулы қоректік ортада шыны камераларда организмнен тыс өсіреді. Осы кезде жасушалар тірі жасушалардың негізгі қасиеттерін ұзақ уақыт (10 жылға дейін, тіпті одан да көп) сақтайды. Тірі жасушаларды кинопленкаға түсіріп алуға да болады. Өсімдіктер ұлпаларын бірінші болып қолдан өсіргендер Фехтинг (1892), Рехтингер (1893) және Габерландт (1902), ал жануарлар ұлпаларын Гаррисон (1907) және Каррель (1911) өсірген.
Микрохирургия немесе микрургия әдісі. Тірі жасушаларды зерттеу мақсатында микрохирургия немесе микрургия әдісінде қолданады. Микроманипулятор деп аталатын құралмен жасушаны кеседі, ішінен бөліктерін шығарып алады. Операцияның барысын микроскоп арқылы байқайды. Микрохирургиялық құралдар өте кішкентай шыны қармақтар, инелер, капиллярлар. Микроманипуляцияны арнаулы камераларда жүргізеді.
Рентгенструктуралық талдау әдісі. Рентгенструктуралық талдау әдісі Рентген сәулелердің дифракция құбылысына негізделген цитоплазма мен ядроның құрамына кіретін ақуыздардың, нуклеин қышқылдарының және басқа заттар молекулаларының құрылысын зерттеу үшін қолданады. Бұл тәсіл молекулалардың кеңістіктегі орналасуын анықтауға, олардың арақашықтарын өлшеуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет