ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты



бет3/43
Дата20.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#187218
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
жасуша зерт ок
9 лекция, жасуша зерт ок, жасуша зерт ок
Фазасы қарама-қарсы. Фазасы қарама-қарсы микроскопты тірі жасушаны зерттеуге қолданады. Боялмаған тірі биологиялық объектілер жарықты сіңірмейді, түссіз мөлдір болады, яғни жарық толқынының амплитудасын өзгертпейді, бірақ та оның фазасын өзгертеді. Адамның көзі Фазалық өзгерістерді байқай алмайды. Фазасы қарама-қарсы әдісі осы препараттар бейнесінің айқын көрінуін қамтамасыз етеді. Микроскоптың бұл түрінде конденсорге арнаулы сақина тәрізді диафрагма, объективке фазалық пластинка орнатылады. Микроскоп оптикасының мұндай конструкциясы боялмаған препарат фазасының өзгерістерін, амплитудасы әр түрлі жарық тербелісіне айналдырады. Осының нәтижесінде препараттың бейнесі көзге анық көрінеді.



Сурет-1. Жарық микроскопының құрылысы:
1 – окуляры; 2 – объективтер; 3 – зат үстелшесі; 4 конденсор; 5 микрометрикалық винт; 6 – жарық сәулесі.


Интерференциялық микроскопия. Интерференциялық микрокопиялық әдіс фазалық-контрасты микроскопия әдісіне ұқсас. Боялмаған мөлдір тірі жасушалардың анық көрінісін алуға мүмкіншілік береді. Жарық көзінен шығатын параллель жарық сәулелерінің шоғы екі бұтаққа бөлінеді – үстіңгі және астыңғы. Төменгі бұтақ препарат арқылы өтеді және оның жарық тербелісінің фазасы өзгереді, ал жоғарғы толқын өзгермейді. Объективтің призмасында екі бұтақ қайтадан қосылады да өзара интерференцияланады. Осының нәтижесінде препараттың қалыңдығы әр түрлі участігі түрлі түске боялып жақсы көрінетін болады.Бұл микроскопта фазалардың өзгеруін өлшеп объекттегі заттардың мөлшерін санап білуге болады.
Авторадиография әдісі. Авторадиография әдісі метабализмдік процестердің динамикасын зерттеуге мүмкіншілік береді. Радиоактивтік изотоптармен таңбаланған молекулаларды, мысалы, фосфордың (Р32) көміртегінің (С14), сутегінің-тритийдің (Н3) изотоптарын тағамға қосып немесе инъекция арқылы организмге енгізеді. Сіңген радиоактивтік молекулалар жасушаның белгілі бөлімдерімен химиялық реакцияларға түседі, ал радиоизотоптардың бар жерін авторадиография әдісімен анықтайды. Ол үшін перпаратты фотоэмульсияның жұқа қабатымен жабады. Радиоактивтік изотоптар ыдыраған кезде бөлінетін сәулелер немесе бөлшектер эмульсия арқылы өтіп қара түйіршіктер құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет