ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты


сурет. Жасуша орталығы (центриоль) 15 сурет



бет22/43
Дата20.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#187218
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43
Байланысты:
жасуша зерт ок
9 лекция, жасуша зерт ок, жасуша зерт ок
14 сурет. Жасуша орталығы (центриоль)


15 сурет. Микротүтікшенің схема суреті
Олар сыртқы мембранамен қапталған микротүтікшелерден тұрады. Микротүтікшелердің тоғыз жұбы шетіне, ал бір жұбы ортасына орналасқан. Жұп микротүтікшелердің шеңбердің ортасына жақынанда мүйіз тәрізді өсінділері болады. Оны микротүтікшелердің сабы (ручка) деп атайды. Микротүтікшелердің төменгі жағы базальды денешіктермен аяқталады. Жалпы кірпікшелср мен талшықтардың диаметрі 150 нм-дей болады. Прокариоттардың талшықтарының құрылысы қарапайымдау келеді. Олар бір кейде екі диаметрі 20 нм келетін микротүтікшелерден тұрады. Талшықтар мен кірпікшелердің екеуінің де құрылысы бірдей. Олардың табанында базальды денешіктер орналасады. Базальды денешіктердің даметрі 200 нм-дей. Кірпікшелер мен талшықтардың бір-бірінен айырмашылығы олардың саны мен ұзындығында. Кірпікшелер бір жасушада жүздеп саналса, талшықтар біреу не екеу болады. Кірпікшелердің ұзындығы 5-10 мкм-дей болса, талшықтардың ұзындығы 150 мкм-дей болады. Кірпікшелер мен талшықтар бір жасушалы организмдерде олардың сұйықтықта қозғалуын қамтамасыз ететін болса, көп жасушалы организмдерде қоршаған сұйықтықтың және ондағы денешіктердің қозғалуын қамтамасыз етеді. Кірпікшелер тек бір бағытта ғана қозгалады.
Орындалатын тапсырмалар:

  1. Микротүтікшелердің жоба суретімен танысып арнайы альбомға жай
    қарындашпен көшіріп салу

  2. Жасуша орталығының, талшықтардың, кірпікшелердің жоба суреттерін салыстырмалы түрде көшіріп салу.

Бақылау сұрақтары:



  1. Рибосомалар дегеніміз не?

  2. Рибосомалардың жасуша және организм тіршілігіндегі қызметі?

  3. Жасуша орталығының құрылымы?

  4. Жасуша орталығының жасуша тіршілігіндегі кызметі?

  5. Жасуша орталығының негізгі қызметі?

  6. Жасуша орталығы қанша құрамдас бөліктен тұрады?

  7. Микротүтікшелер дегеніміз не?

  8. Микрофибриллалар дегеніміз не?

  9. Микрофиломенттер дегеніміз не?

  10. Олардың әрқайсысының жасуша тіршілігіндегі қызметі?

  11. Жасуша орталығының құрылысы қандай?

  12. Кірпікшелердің кұрылысы қандай?

  13. Талшықтардың құрылысы кандай?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет