ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты



бет24/43
Дата20.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#187218
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43
Байланысты:
жасуша зерт ок
9 лекция, жасуша зерт ок, жасуша зерт ок
Бақылау сұрақтары:
1. Қор заттар дегеніміз не?
2. Қор заттары қандай химиялық заттардан тұрады?
3. Қор заттары өсімдіктерде қайда орналасқан ?
4. Қор заттар жануарларда қайда орналасқан?


16 сурет. Бұршақ жарнақтарындағы крахмал мен алейронт 17 сурет. Картоптың крахмал дәндері


7 с а б а қ
Тақырыбы: Эндоплазмалық тор, оның түрлері. Гольджи аппараты, құрылысы.
Мақсаты: Студенттерді эндоплазмалық тордың түрлерімен, құрылысымен және қызметімен таныстыру.
Түсінік: Эндоплазмалық торлар түйіршікті және түйіршіксіз (тегіс) болып екіге бөлінеді. Түйіршікті эндоплазмалық торларды тағы да базофилді цитоплазма, эргастоплазма деп те атайды. Эндоплазмалық тор әсіресе без жасушаларында және эмбрион жасушаларында, сонан соң қарқынды белок түзетін өсімдік және жануар жасушаларында айқын көрінеді. Түйіршікті эндоплазмалық тордың гиалоплазма жағында диаметрі 20 нм.-дей түйіршіктері болады. Бұл эндоплазмалық тордың мембранасына жабысқан полисома түріндегі рибосомалар. Олар бірімен бірі информациялық РНК арқылы байланысады. Рибосомалардың үлкен бөлігі тордың мембранасына жабысқан.
Рибосомалардың мембранасына жабысуы түйіршікті эндоплазмалық торлардың белоктар синтезінде маңызды роль атқартынын көрсетеді. Тегіс эндоплазмалық торлар да майда бір бірімен қосылған, қосылмаған вакуольдер мен түтікшелерден тұрады. Түйіршікті эндоплазмалық торлармен салыстырғанда бұларда рибосомалар болмайды. Вакуольдер мен түтікшелердің диаметрі 50-100 нм. арасында. Бұл торлардың орналасу жиілігі әр жасушаларда, әрбірден соң бір жасушаның әр жерлерінде әр түрлі. Мысалға: ішек жасушаларында тегіс эндоплазмалық тор жасушалардың сору бетіне жақын шоғырланады. Түйіршікті эндоплазмалық торлар түйіршігінен ажырап тегіс эндоплазмалық торларға айналуы мүмкін. Олардың жалпы құрылысының бірлігіне қарамастан, қызметіне келгенде әр түрлі қызмет атқарады. Тегіс эндоплазмалық тор жасуша метобализмінде қанттар және липидтер алмасуында маңызды родь атқарады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде тегіс эндоплазмалық стероид және липидтер синтезіне, сонымен бірге осы заттардың тасымалдануына қатысатын жасушалар мен ұлпадар да кезігеді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет