ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты



бет26/43
Дата20.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#187218
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43
Байланысты:
жасуша зерт ок

Орындалатын тапсырмалар:
1. Пластинкалы комплекстің жоба суретін арнайы альбомға жай және түрлі түсті қарындашпен көшіріп салу қажет. Оның нәзік құрылымымен толық танысу.
2. Өсімдік және жануар жасушаларынан дайындалған тұрақты препараттарды микроскоп арқылы алдымен кіші ұлғайтқышымен, кейіннен үлкен ұлғайтқышымен бағдарлап, зерттеу.


Бақылау сұрақтары:

1. Пластинкалы комплекс дегеніміз не?


2. Оның құрылысы қандай?
3. Пластинкалы комплекстің жасуша және организм тіршілігіндегі қызметі қандай?
4. Гольджи аппаратының қандай секреттері болады?
5. Эндоплазмалық торлар қандай түрлерге бөлінеді?
6. Эндоплазмалық торлардың бір бірімен айырмашылығы неде?
7. Түйіршікті эндоплазмалық тордың құрылысы?
8. Тегіс эндоплазмалық тордың нәзік құрылысы?
9. Түйіршікті эндоплазмалық торлардың жасуша тіршілігіндегі қызметі неде?
10. Тегіс эндоплазмалық торлардың жасуша тіршілігіндегі қызметі неде?





2 0 сурет. Гольджи аппараты немесе пластинкалы комплекс


21 сурет. Жыбырлақ эпителийдің пластинкалы комплексі


8 с а б а қ


Тақырыбы: Лизосомалардың құрылысы, қызметтері, түрлері, фагоцитоз, ас қорыту процестеріне қатысу
Мақсаты: Студенттерге лизосомалардың нәзік құрылымын және олардың қызметін таныстыру.
Түсінік: Лизосомалар дегеніміз жасушаның ас қорыту процесімен байланысты нәзік құрылымдар. Ол 1955 жылы Де Дювтің зерттеулері арқылы ашылды. Олар көлемі 0,2-ден 4 мкм-ге дейін, бір қабатты мембранамен қоршалған. Онда негізінен көптеген гидролитикалық ферменттср жинақталған. Оларды гидролаза ферменттері деп айтады. Оларға қышқыл фосфотаза, рибонуклеоаза, катепсин, глюкоринодаза, сульфатаза, т.б. ферменттер жатады.
Лизосомалар полиморфты заттар болғандықтан оларды тек электронды микроскоп арқылы ғана байқауға болады. Олардың көбі пластинкалы комплекс маңына орналасқан. Лизосома Гольджи аппаратында секрет түйірлері сияқты пайда болады. Ферменттер түйіршікті эндоплазмалық торларда рибосомалар арқылы синтезделіп, Гольджи аппаратында лизосомаларға айналады. Екінші лизосомалар фагоцитоз немесе аутолиз процесінің арқасында бірінші лизосомалардан пайда болады. Мұндай жағдайда фагосомалар бірінші лизосомалармен қосылып, ірі екінші лизосомаларға айналады. Фагосомалар дегеніміз ішінде ұсталған қоректік заттары бар вакульдер. Бір лизосоманың өзінде гидролазалардың 60 астам түрі анықталды. Гидролазалар – түрлі биополимерлерді ыдырататын ерекше катализаторлар (протеиназалар, нуклеазалар, глюкозидазалар, фосфатазалар, липазалар). Олардың әрқайсысы химиялық байланыстың белгілі бір типін гана ыдыратады. Ферменттер гранулалық тордың рибосомаларында синтезделеді, ал лизосомалардың өздерінің қалыптасу процесі Гольджи аппаратында жүреді. Лизосома – жасушаға түскен заттардың қорытылатын орны. Лизосомалардың төрт түрін ажыратады: алғашқы лизосомалар, екінші лизосомалар (фаголизосомалар немесе гетерофагосомалар), аутофагосома-лар және қалдық денешіктер (телолизосомалар). Алғашқы лизосомалар құрамында қышқыл фосфатаза бар затқа толы, үлкендігі 50 нм шамасындағы ұсақ мембраналық көпіршіктер. Алғашқы лизосомалар фагоцитоздық немесе пиноцитоздық вакуольдармен қосылып, екінші лизосомаларды құрайды. Екінші лизосоманың құрамына түскен заттар гидролазалармен мономерлерге дейін ыдырайды, кейін лизосоманың мембранасы арқылы тасымалданып, гиалоплазмаға барып, түрлі синтездік және алмасу процестеріне қатысады. Лизосомалар ішіндегі биогендік макромолекулалардың қорытылуы көптеген жасушаларда ақырына дейін жүрмеуі мүмкін. Бұл жағдайда лизосоманың қуысында қорытылмаған өнімдер жиылып, екінші лизосомалар телолизосо-маларға немесе қалдық денешіктерге айналады. Телолизомаларда гидро-лиздеуші ферменттер аз болады. Жануарлар жасушаларында үнемі аутолизосомалар (аутофагосомалар) кездеседі. Морфологиясы жағынан оларды екінші лизосомаларға жатқызады, айырмасы бұл вакуольдардың құрамында цитоплазмалық құрылымдардың бөліктері кездеседі. Мысалы, митохондриялардың, цитоплазмалық тордың, рибосомалардың, гликогеннің түйіршіктері және т.б. Жасуша өзінің құрамды бөліктерін үнемі ыдыратып және қалпына келтіріп отырады. Молекулалық жаңару процесі жоғарғы дәрежеде реттеліп отыратын процесс.
Көп жағдайларда лизосомаларға түскен барлық заттар бірдей қорытыла бермейді. Сондықтанда лизосомалар ішінде қорытылмаған қалып, қалдық заттармен телолозосомаларға айналады. Мұндай құрылымдар я жасушалардан шығарылып жібереді де, я болмаса жасушада ақырына дейін қалып қояды.
Жай микроскоппен лизосомаларды цитохимиялық әдістерін қолдану арқылы ғана байқауға болады. Оның бірі қышқыл фосфотаза реакциясы.
Рибосомалар дегеніміз диаметрі 15-25 нм томпақ денешіктер. Олар ірі және майда бөлшектерден тұрады. Рибосомалар жасушада түйіршікті эндоплазмалық торлардың сыртында, цитоплазманың 3ш3нде бос, кейбір органоидтарды4 матриксінде кездеседі. Информациялық РНК-ларда 5 тен 70-ке дейін орналасқан рибосомалардың түрлерін полисомалар деп атайды. Рибосомалардың 40 проценті РНК-дан, ал 60 проценті белоктардан тұрады.
Рибосомалар жасушада белоктар синтезіне қатысады. Ол әсіресе плазмалық торларда орналасқан рибосомаларда қарқынды жүреді. Рибосомалар түзген тізбектер моншақ тәріздес. Моншақтың жіпшелері информациялық РНҚ-да, моншағы рибосомалар. Бос рибосомалар жасушаның өзіне керекті белоктарды синтездесе, басқа органоидтардағы байланысқан рибосомалар, немесе полисомалар жасушадан шығарылатын белоктарды синтездейді. Олардағы синтез процесі бос рибосомалардағымен салыстырғанда 20 есе жоғары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет