ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты



бет29/43
Дата20.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#187218
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43
Байланысты:
жасуша зерт ок

23 сурет. Матрикс - 100-ден астам ферменттердің қоспасы. Мұнда митохондриялык ДНҚ мен рибосомалар орналасады. Г. Ішкі мембранасынын матрикске қараған бетінде айрықша "элементарлық түйіршіктер" шығып тұрады. Оның басын кұрайтын АТФ-аза ферменті АТФ синтезіне және ұштасу реакцияларына жауапты. Түйіршік тін табанында және ішкі мембрана кұрамында тыныс алу тізбегінін ферменттері ретті түрде орналасқан.


Орындалатын тапсырмалар:

1. Өсімдік және жануар жасушаларынан дайындалған тұрақты препараттардан микроскоп арқылы алдымен кіші ұлғайтқыш арқылы соңынан үлкен ұлғайтқыш арқылы митохондрияларын бағдарлау.


2. Митохондрияның нәзік құрылысы көрсетілген жоба суретпен танысып зерттеп, артынан арнайы альбомға жай және түрлі түсті қарындаштармен көшіріп салу кажет.



24 сурет. Митохондрияның жоба суреті


Бақылау сұрақтары:

1. Митохондрия дегеніміз не?


2. Митохоңдриялар қандай жасушаларда болады?
3. Митохондриялардың басқа жасуша органоидтарынан ерекшелігі неде?
4. Митохондрияның нәзік құрылымы қандай?
5. Бір жасушада қанша митохондрия болады?
6. Митохондрияның көлемі қандай ?
7. Митохондрияның қандай түрлері болады?


10 с а б а қ


Тақырыбы: Пластидтер. Хлоропластардың құрылысы, қызметі.
Мақсаты: Студенттерге пластидтердің құрылысы мен қызметін түсіндіру
Түсінік: Пластидтер балдырлардан бастап жоғары сатыдағы өсімдіктерге дейін тән органоид. Пластидтердің жасушада орналасуы, пішіні, көлемі, саны, оларға түс беретін пигменттердің құрамы, олардың органикалық заттар түзу қабілеті жасушалардың ерекшеліктері мен өсімдіктердің даму сатысына байланысты. Жасыл пластид хлоропластарда бейорганикалық заттар судан, көмір қышқыл газдан және күн энергиясы пайдаланып ассимиляциялық крахмал түзеді. Оларға жасыл түс беретін хлорофил пигменті. Хлорофил пигменті мембрана белоктарымен қосылып хромопротеидтср түзеді. Хлорофил пигментінен басқа хлоропласттарда сарықызыл пигменттер каротиноидтар болады. Қоңыр балдырларда - фукоксантин, қызыл балдырларда - фикоэритрин, көкжасыл балдырларда - фукоциан пигменттері жинақталған. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде пластидтер майда жасушасынынң органоидтары пропластидтерден пайда болады. Олар өсімдіктердің меристема жасушаларында кезігеді. Пропластидтер екі қабат мембранамен қапталған стромадан тұрады. Жасуша жетіле келе ішкі мембранадан қуысша өсінділер - тилокоидтар пайда болады. Хлоропласттардың стромасының қысқа, тиын тәріздес тилокоидтар қат-қатымен сыртқы мембранаға перпендикуляр орналасады. Мұндай тилокоид топтарын грана деп атайды. Граналар бір-бірімен строма тилокоидтарымен байланысады. Кейде граналары жоқ пропласттар да болады. Пигменттер тилокоидтардың мембраналарына жинақталған. Әсіресе пигменттер граналарда мол болады. Хлоропластың стромасында ассимилияциялық крахмал және май түйіршіктері кездеседі. Лейкопластар – түссіз пластидтер. Олар эпидермис пен қор заттарын жинайтын ұлпадарда мол болады. Лейкопластарда цитоплазмада түзілетін қоректік заттар полимерленеді. Олар содан соң қорға жиналады. Лейкопластардың тилокоидтар жүйесі онша дамымаған. Хромопласттар – сары-қызғылт түсті пластидтер. Оларға сары-қызғылт түс беретін каратиноид пигменттері. Хромопласттар көбіне күзде жапырақтардағы хлорофил түйіршіктері жойылған хлоропластардан пайда болады. бұл процесс тилокоидтардың дегенерациясымен және липидтер мен каратиноидтардың жиналуымен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет