ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты


сурет. Теңіз жұлдызының амбулакральды аяғының жасушасының қышқыл фосфотазаға реакциясы Бақылау сұрақтары



бет28/43
Дата20.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#187218
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43
Байланысты:
жасуша зерт ок
9 лекция, жасуша зерт ок, жасуша зерт ок
22 сурет. Теңіз жұлдызының амбулакральды аяғының жасушасының қышқыл фосфотазаға реакциясы


Бақылау сұрақтары:
1.Лизосомалар дегеніміз не?
2.Лизосомалардың нәзік құрылымы?
3.Лизосомалардың жасуша және организм тіршілігіндегі кызметі?


9 с а б а қ
Тақырыбы: Митохондрия құрылысы, матриксі, қызметі. Зат алмасудағы АТФ-ң маңызы.
Мақсаты: Митохондриялардың нәзік құрылысын және олардың жасуша, организм тіршілігіндегі қызметін студенттерге таныстыру.
Түсінік:Митхондриялар эукариот жасушалардың бәрінде де болатын органоид. Митохондриялар өткен ғасырдың ақырында ашылып, көптеген жасушалардан түйірік және жіпше түрінде табыла бастады. Оларды қай микроскоппен де көріп зерттеуге болады. Көптеген зерттеулердің арқасында олардың пішіні, көлемі, әр жасушада болатын саны, жасушаларда орналасу тәртібі анықталады. Жасушадағы активті не пассивті жағдайына қарай митохондриялардың көлемі мен пішінінің өзгеріп отыратындығы анықталды. Жасушада жіпше түріндегі митохондриялар түйіршіктерге бөлініп, ал түйіршік түріндегі митохондриялар таяқша түріне ене береді.
Митохондриялардың ені көбіне тұрақты, орташа 0,5 мкм. Ал ұзындығы әр түрлі, орташа 1-2 мкм, кейде ірілері 7 мкм-ге дейін жетеді. Митохондриялардың бір жасушаны өзінде активтілігіне қарай көлемі әр түрлі. Санына келсек - ол жасушалар типіне байланысты. Мысалға, хломидомонада да я сперматидте барлығы тарамданған бір митохондрия боса, ал бауыр жасушаларында 1500-ден 2500-ге дейін митохондриялар болады. Митохоидриялардың саны мен көлемінің өсуі жасушаның активтілігін көрсетеді. Митохондриялар жасушада бірқалыпты таралған. Олардың жасушада орналасуы негізінен жасушаға керекті АТФ және алынатын энергияға байланысты. Тағы да зат тасымалдау жұмыстары мен жұмыс істейтін субстратқа байланысты.
Митохондриялар екі қабат мембранадан тұратын бірден бір органоид. Атап айтсақ, ішкі және сыртқы мембраналардан тұрады. Оларда екі мембрана болғандықтан сыртқы мембраналардан тұрады. Оларда екі мембрана болғандықтан сыртқы мембрана мен ішкі мембрананың арасында сыртқы камера, ал ішкі мембрананың ішінде тығыз түйіршікті матриксі бар ішкі камера түзіледі. Митохондриялардың мембраналары екі тығыз беткі қабаттардан олардың арасында орналасқан тығыздығы аздау ішкі қабаттардан тұрады. Ортаңғы қабат электронды микроскоппен қарағанда жарық болып көрінеді. Мұндай құрылым басқа да мембраналарда осындай болады. Сыртқы мембрана тегіс, қалыңдығы 6 нм. Сыртқы мембранадан молекулалары кіші көптеген заттар өте береді. Сыртқы мембрана ішкі жұмыс бөлімін гиалоплазмадан ажыратып тұрады. Сыртқы мембрана митохондрия ішіне субстраттардың еніп және іштегі заттардың тысқа шығуын реттеп отырады. Ішкі мембрана сыртқы мембранамен салыстырғанда біршама қалың. Ол ішіне қарай керіліп қыртыстар түзеді. Ол Кристтер деп аталады. Ішкі камера кристтермен ақырына дейін бөлінген емес, матриксті тұрақтығы сақталады . Ішкі мембрананың матрикске қараған бетінде майда элементарлы бөлшектер орналасқан, олардың саны бір миллионға жетеді. Элементарлы бөлшектерде тотықтыру фосфорландыру реакциясына қатысатын дегидрогеназа ферменттері де бар. Митохондрияда кристтер саны көбейген сайын олардың активтілігі арта түседі. Сонымен ішкі камера екінші мембрана арқылы жасалынады. Сыртқы камерада май алмасуына қатысатын ферменттер бар. Ішкі камерадан митохондрия матриксінде нуклеин қышқылдары олардың алмасуына керекті ферменттер болады.
Митохондриялардың ішкі мембранасындағы өсінділерде белгілі тәртіппе ферменттер орналаасқан. Ол ферменттер жасушаның тыныс алу процесстеріне қатынасады. Митохондриялар екi қабат мембранадан тұратын бiрден-бiр органоид. Атап айтсақ iшкi және сыртқы мембраналардан тұрады. Оларда екi мембрана болғандықтан сыртқы мембрана мен iшкi мембрананың арасында сыртқы камера, ал iшкi мембрананың iшiнде тығыз түйiршiктi матриксi бар iшкi камера түзiледi. Митохондриялардың мембраналары екi тығыз беткi қабаттардан, олардың арасында орналасқан тығыздығы аздау iшкi қабаттардан тұрады. Ортаңғы қабат электронды микроскоппен қарағанда жарық болып көрiнедi. Мұндай құрылым басқа да мембраналарда осындай болады. Сыртқы мембрана тегiс, қалыңдығы 6 нм. Сыртқы мембранадан молекулалары кiшi көптеген заттар өте бередi. Түзілген АТФ сол жасушаның секторлық қызметін, қозғалысын, өсін және басқа да тіршілік әрекеттерін қамтамасыз ететін энергия көзі.
Митохондриялық матрикс- митохондрия қуысын толтыратын, жүзден астам ферменттерге ие гомогенді және ұсақ толтыратын , жүзден астам ферменттерге ие гомогенді және ұсақ түйіршікті, ортасында ДНҚ молекуласының жіпшелері бар сұйық зат. Сонымен, басқа органоидтармен салыстырғандағы митохондрияның ерекшеліктері оларда 37 гендерден тұратын өз геномы болуы. Бұл генетикалық материал репродукцияға, транскрипцияға, трансиляцияға ұшырап, матрикстегі рибосомаларда митохондриялық ақуыздардың 5-6 пайызы ғана синтезделеді. Ал, оладың қалған бөлігі гиалоплазмадан түседі.
Сонымен қатар митохондрияларда кейбір стероидтық гормондар мен глутамин аминқышқылы синтезделеді. Түрлі жасушаардағы митохондриялардың саны сол жасушалардың қызмет атқару қарқындылығына байланысты түрліше. Қызметі жоғары жасушалада саны едеуір артық (150-1500 , кейде одан да көп)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет