ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты



бет30/43
Дата20.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#187218
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   43
Байланысты:
жасуша зерт ок
9 лекция, жасуша зерт ок, жасуша зерт ок
Орындалатын тапсырмалар:

1. Хлоропласттың жоба суреттерімен танысып, оны арнайы альбомға жай және түрлі түсті қарындаштармен көшіріп салу.


2. Хлоропластың нәзік құрылымымен жүгері жапырағынан электронды микроскоп арқылы түсірілген микрофотосымен танысып, оның суретін альбомға түсіру.
3. Элодея жапырағынан ассимиляциялық крахмалды табу. Ол үшін уақытша препарат дайындап, оған йодты калий ерітіндісін 1-2 тамшы тамызады. Препаратты микроскоп үстелшесіне қойып, алдымен кіші ұлғайткышта, кейіннен үлкен ұлтайтқышта қарайды. Ондағы хлоропласттың ішінен қара көк немесе қара күлгін түстегі ассимиляциялық крахмалды табу керек.
Бақылау сұрақтары:
1. Пластидтер дегеніміз не?
2. Пластидтар қандай түрлерге бөлінеді?
3. Пластидтердің әр түрі несімен ерекшеленеді?
4. Пластидтердің көлемі және саны неге байланысты?
5. Жасуша тіршілігінде пластидтердің ролі?
6. Тіршілік үшін пластидтердің қандай маңызы бар?




25 сурет. Хлоропласттың нәзік құрылымы


26 сурет. Хлоропласт құрылысының жобасы
11, 12 с а б а қ
Тақырыбы: Ядроның құрылысы. Хроматин: құрылымы мен қызметі
Мақсаты: Студенттерге эукариот жасушалардың басты органоиды – ядроның құрылысын және оның жасуша тіршілігінде атқаратын қызметімен таныстыру.
Түсінік: Ядро жасушаның генетикалық материалының негізі жинақталған органоиды. Ең маңыздысы ядрода генетикалық материалдың өзі көбейіп ол жасушаның бөлінуіне немесе ондағы синтетикалық прцестің өсуіне жағдай жасайды. Гснетикалық информацияның жүзеге асуының алғашқы сатысы осы ядрода жүреді. Онда белоктар синтездейтін РНК-ның барлық түрлері жасалынады.
Ядро қабықшадан, хроматиннен, ядрошықтан және ядро сөлінен тұрады. Ядро сөлін кариплазма деп атайды. Айтылған компоненттер әр түрлі қызмет атқаратын болғандықтан олардың нәзік құрылысы да, биологиялық кұрамы да әр түрлі. Дегенмен бұл кұрылымдардың барлығының да қызметі хромосома материалдарының генетикалық қызметін іске асыруға, ДНК редупликациясына және РНК синтезіне бағытталған.
Ядроның пішіні, көлемі әр түлі жасушаларда алуан түрлі болып келеді. Өсімдік жасушалары мен лимфоциттерде ядро дөңгелек болса, фибробластар мен гистоциттерде - сопақша, нейтрофилдер мен мегакарициттерде бунақ-бунақ пішіндес болады. Ядро қабықшасы екі қабатты липопротеидті мембранадан тұрады. Оның әрқайсысының қалыңдығы 7 нм-дей. Екі қабаттың арасындағы қуыстың орташа ені 40 нм.-дей. Тесікшелер шын мағынасында тесік болмайды. Оның диафрагма деп аталатын қалыңдығы 10 нм.-дей аморфты фибриллярлы белокты заттардан тұратын пердеше жауып тұрады. Сыртқы қабықшаның цитоплазмаға қарай, ал ішкі қабықшаның пренуклеорлы қуысқа қараған бетінде де, кариплазмаға қараған бетінде де өсінділері болады. Ядро хроматинінің екі түрі бар. Олар конденсацияланған және диффузиялы хроматиңдер. Сонымен бірге ядрода ядрошықтары да болады. Жануар жасушаларында конденсацияланған хроматин қабықшаның бетіне орналасады. Олардың әр түрлі кесекшелері ядроның барлық жерлерінде кездеседі. Кейбірі ядрошықтың маңына орналасады. Конденсацияланған немесе диффузиялы деген атаулар хромосома фибриллаларының жинақталу түріне қарай ғана айтылады. Ал қызметіне қарай келетін болсақ диффузиялы хроматин дегеніміз активті эухроматин. Кондексацияланған хроматииді конститутивті және факультативті деп екіге бөледі. Конститутивті хроматин дегеніміз осы типті жасушаларда ғана кезігетін пассивті хроматин. Хромасома фибриллаларының диаметрі 20-30 нм.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет