ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты



бет33/43
Дата20.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#187218
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43
Байланысты:
жасуша зерт ок

Бақылау сұрақтары:

1. Амитоз дегеніміз не?


2. Амитоздың митоздан айырмашылығы неде?
3. Амитоздың қандай түрлері бар?
4. Генеративті амитоз дегеніміз не?
5. Генеративті амитоз қандай жасушаларда болады?
6. Дегенеративті амитоз дегеніміз не?
7. Дегенеративті амитоз қандай жасушаларда кездеседі?
8. Реактивті амитоз дегеніміз не?
9. Реактивті амитоз қандай жасушаларда кезігеді?


Жасушаның бөлінуі. Митоз
Жасуша тіршіліктің ең кішекене бөлшегі ретінде тірі дүниелерге тән көбею процестерін бөліну арқылы жүзеге асырады. Өсімдік пен жануар жасушасының кобею процесі негізінен күрделі бөліну митоз арқылы жүреді. Бұл бөлінудің мәні - хромосомалар жинақталған генетикалық материалдың, дезоксирибонуклейн қышқылдарының жас жасушаға теңдей бөлінуінде. Сондықтан да жасушалардың екі бөлінуінің арасында, интерфазада ДНК мөлшері мен хромосомалардың саны екі еселенеді. Сонымен бірге митоз кезінде цитоплазма органоидтары да азды көпті теңдей бөлінеді. Митоз - профаза, метафаза, анафаза, телофаза деп аталатын төрт фазадан тұрады. Профаза кезінде жасуша ядросы қайта құрылып митоз аппараты қалыптасады. Бұл сатыда хромосомалар конденсацияланып, диаметрі 20 нм-дей ДНП фибрилаларынан тұратын жуан хромосомаларға айналады. Мұндай жуан, қысқа хромосомалар жай жарық микроскоппен де көрінеді Сонымен бірге ядрошықтар жойылып РНҚ-ның бір бөлігі хромосомалардың матриксінің құрамына кіреді. Жануар жасушаларында интерфаза кезінде екі еселенген жасуша орталықтары жасушаның екі полюсіне ажырай бастайды. Микротүтікшелерден бөліну жіпшелері пайда болады. Ақырында ядро қабықшасы жойылып, хромосомалар цитоплазма ішінде қалады.
Метафаза сатысында хромосомалар экватор аймағына жиналып, олардың кинетохорларына бөліну жіпшелері бекиді. Митоз аппараты толық қалытасады. Метафаза сатысы жас жасушалар хромосомарының ажырап, хромосомалар бір бірімен тек кинетохор аймағында ғана байланысып тұруымеп аяқталады.
Анафаза сатысында хромосомалар бір-бірінен толық ажырап, жаңа жас жасушалар хромосомалары қарама қарсы полюстерге тартыла бастайды. Бұл митоздың ең қысқа сатысы.
Телофаза кезінде митоз аппараты жойылып жасуша денесі бөліне бастайды. Хромосомалар деконденсацияланып, морфологиясын озгертеді. Ақырында хроматин кесектері ғана қалады. Ядро қабықшасы қалпына келеді. Хромосома матрикстерінен ядрошықтар пайда болады.
Өсімдік жасушасы мен жануар жасушасының митозы бір-бірімен өте ұқсас. Айырмашылығы жануар жасушасы бөлінгенде бөліну процесіне жасуша орталықтары қатысады. Екіншіден, жануар жасушасы бөлінгенде жасуша ортасынан плазма мембранасынан ойыс пайда болып, ол үлкейе келе жасушаны екіге бөліп түсетін болса, өсімдік жасушалары бөлінгенде жасушаны бөлетін жақктау жаңа жасушалардың арасында пайда болып, өсе келе жасушаны екіге бөледі.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет