ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты



бет32/43
Дата20.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#187218
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43
Байланысты:
жасуша зерт ок

Бақылау сұрақтары:

1. Ядро дегеніміз не?


2. Ядроның нәзік құрылысы?
3. Ядроның негізгі компоненттері?
4. Хроматиндер қандай түрлерге бөлінеді
13 с а б а қ
Тақырыбы: Жасушаның бөлінуі. Митоздық хромосома.


Амитоз, немесе жасушаның тура бөлінуі
Мақсаты: Студенттерге жасушаның тура бөлінуін, оның жасуша тіршілігіңдегі рөлін түсіндіру
Түсінік: Аты айтып тұрғандай, бұл бөлінуде біріншіден бөліну жіпшелері пайда болмайды, екіншіден хромосомалар митоздағыдай ширатылмайды. Көбіне жасуша ядросы созылып барып, ортасы жіңішкеріп, ядро екіге бөлініп кетеді. Артынан цитотомия немесе плазматомия жүреді. Амитоз кейде жасушалар бөлінбей, оның орнына көп ядролы жасушалар пайда болады.
Амитоз дегеніміз күрделі түсінік. Оның генеративті, дегенеративті және реактивті үш түрі болады.
1 Генеративті амитоз қарапайым организмдердс болады. Бұл процесс кезінде хромосомалар бір бірінен шегініп ажырайды да, артынан жасушалар бөлініп кетеді. Нәтижесінде қалыптағы, тендей хромосомалары бар екі организм пайда болады.
Дегенеративті амитоз көбіне бір қызметке маманданып, жіктелгеи жасушаларда, митозға қабілеті жетпейтін жасушаларда жүреді. Мұндай бөлінуде алдымен қарқынды синтез процесі жүреді. Көбіне бүл процесс иәтижеснде көп ядролы жасушалар пайда болады. Цитотомия да болуы мүмкін. Мұндай бөлінуде ДНҚ теңдей бөлінбейді. Арнайы маманданған жасушалардан басқа дегенеративті амитоз, көбіне қартайған жасушаларда кезігеді. Мысалы: ауыспалы эпителий жасушалары осылай бөлінеді.
Реактивті амитоз ұлпадар зақымданған жерде, жасушалар бірден активтенген кезде жүреді. Соның нәтижесінде ядролар жылдам бөліне бастайды. Бұл процесс кезінде пайда болған ядролар да жылдам ыдырап кетіп отырады. Ал жарақаттанған ұлпа реактивті бөлінуден кейін митоз арқылы бөлініп қалпына келеді.




29 сурет. Амитоз немесе жасушаның тура бөлінуі


Орындалатын тапсырмалар:
1. Тұрақты препараттардан микроскоп арқылы жасушаның тура бөлінуін бағдарлау?
2. Құралдағы жасушаның тура бөлінуінің жоба суретін көріп, зерттеп, түсініп соңынан арнайы альбомға жай және түрлі түсті қарындаштармен көшіріп салу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет