ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты


сурет. Митоз Орындалатын тапсырмалар



бет34/43
Дата20.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#187218
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43
Байланысты:
жасуша зерт ок

30 сурет. Митоз


Орындалатын тапсырмалар:

1. Митоз процесі қамтылған өсімдік және жануар жасушаларынан дайындалған тұрақты препараттардан микроскоп арқылы алдымен кіші, кейіннен үлкен ұлғайтқыштар ақылы бағдарлау.


2. Құралда көрсетілген жасушаның күрделі бөлінуінің жоба суретін түсініп, артынан жай қарындашпен арнайы альбомға көшіріп салу қажет


Бақылау сұрақтары:

1. Митоз дегеніміз не?


2. Митоз қандай қысқа сатылардан тұрады?
3. Митоз қанша уақытқа созылады?
4. Созылу уақыттары бойынша митоз сатыларының арақатынасы қандай?
5. Өсімдік жасушаларының митозының өзіндік қандай ерекшеліктері бар?
6. Жануар жасушаларының митозының өзіндік ерекшеліктері бар?
7. Профазада жасушада қандай өзгерістер болады?
8. Метафазада жасушада қандай өзгерістер болады?
9. Анафазада жасушада қандай өзгерістер болады?
10. Телофазада жасушада қандай өзгерістер болады?


Митотикалық хромосоманың құрылысы
Хромосома деген термин 1888 жылы Вальдейердің ұсынысы-мен бірінші рет атала бастады. Ол хромо- бояу, сомо - дене деген сөздерден шыққан.
Хромосома дегеніміз - нуклеопротеидтер. Олардың көлемі үлкен, оларды жай микроскоппен де зерттеуге болады. Хромосомалар негізінен ДНК-лардан, гистондардан және РНК-лардан тұрады. Одан да басқа олардың құрамына аздаған белок қалдықтары, липидтер, кальций, магний, кейде темір де кездеседі. Дезоксирибонуклеин қышқылдарының, белоктардың және рибонуклеин қышқылдарының арақатынасы 1:1, 3:0,2-нің қатынасындай. ДНК-ның молекуласы екі қатарлы спирал тәрізді таспадан тұрады. Мысалға: ішек таяқшасының ДНК-сының ұзындығы 1200 мкм-дей, молекулалық салмағы 2,8 млрд. Кейде ДНК-ның ұзындығы 0,5 мм-ден 2 см-ге дейін жете береді. Хромосоманың негізгі құрамы – дезоксирибонуклео-протеидтер.
Хромосоманың морфологиясын миоз кезінде, әсіресс метафазаның ақыры мен анафазаның басыңда жақсы байқауға болады. Осы кезеңде хромосома барынша жинақталады. Алғашқы тартылу хромосомаларда жақсы байқалады.
Хромосомаларды тартылу иіидеріне қарай мета орталықты - олардың екі иіндерінің ұзындығы бірдей, немесе соған жуық болады. Акро орталықты - мұндай хромосомалардың екінші иіні жоққа жуық, өте қысқа болады. Теле орталықты – мұндай хромосомалардың екінші йіні болмайды. Хромосомалардың алғашқы тартылу аймағын хромосома орталығы немесе кинетохор деп атайды.
Әрбір хромосоманың өзіндік пішіні, өзіндік генетикалық мазмұны болады. Хромосомалар жасуша циклі кезінде өзінің геитикалық мазмұнын сақтай отырып, ұзындықтары мен пішінін өзгертіп отырады. Олар интерфаза кезінде максималды түрде ұзындық шегіне жететін болса, митгоз кезінде, әсіресе метафазада ең қысқа шегіне жетеді. Митоз кезінде әр түрлі жануарлар мен өсімдіктердің хромосомаларының санын, пішінін билуге болады. Адамда 46, сиырда 60, жылқыда 66, итте 78, үй тышқанында 40, коянда 44, құрбақада 26, дрозофилада 8, жүгеріде 20, катты бидайда 42, қара бидайда 14, күріште 24, алмада 51, қара өрікте 48, мақтада 52, картопта 48, күнбағыста 34 хромосома болады.
Кейбір хромосомаларда ядрошықтары түзетін нуклеорлы локустары болады. Мұндай локустарға РНҚ, гитондар және фермееттер жинақталады. Хромосоманың мұндай дисталды бөлігін серіктері деп атайды. Негізінен хромосомнан түзетін заттарды хроматин деп атайды. Дене хромосомалары бәрі де жеті жұбымен болады. Бір жұптағы хромосомалар бір-біріне өте ұқсас келеді. Мұндай хромосомаларды аналог немесе гомолог хромосомалар деп атайды. Адамның 46 хромосомасы 23 жұп құрайды. Хромосоманың жұп болуы, олардың бірі анасынікі де, екіншісі әкесінікі. 23 жұп хромосоманың бір жұбы жыныс хромосомалары болып табылады. Сүтқоректілер мен адамда ұрпағының жынысын анықтайтын хромосомалар әкесінде болса, құстарда және көбелектерде ондай хромосомалар шешесінде болады. Мұндай ұрпағының жынысын анықтайтын хромосомалар гетерогенді болады. Олардың шешесінен келетінін Х, ал әкесінен келетінін Ү хромосома деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет