Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы №83 А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі



Дата18.03.2017
өлшемі31,06 Kb.
#11698
түріСабақ

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы №83 А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі

  • “Үлгерімі төмен оқушыларды қолдау және олармен жүргізілетін жұмыс барысы”
  • Дайындаған: Игенбаева Динара Маратовна
  • Шығармашылық жұмыс

Мақсаты:

  • Үлгермеушіліктің негізгі себептерін анықтау.
  • Үлгермеушілікке әсер етуші жағдайлар мен оларды болдырмаудың әдістері мен түрлерін нығайту.
  • Нәтижелі тәрбие берудің 10 ережесі.

Кіріспе.

  • Еліміздің білім беру саласында соңғы жылдары ірі реформалар мен өзгерістер орын алып отыр.
  • Білім саласына қойылатын талап күшейіп, оқытудың жаңа технологияларына бет бұрған кезде, оқушының оқу үлгерімін жақсарту, оқуға қызығушылығын арттыру мәселесі туындайды. Дегенмен жан-жақты тұрғыдан алып қарағанда сабақ үлгермеушілік проблемасы әлі жеткілікті зерттелген жоқ. Бұл проблеманы зерттеу мұның себебі мен нашар оқитын оқушының жекелеген типтерін анықтауға мүмкіндік береді.
  • Үлгерімі төмен оқушыларды зерттеу
  • барысындағы үлгермеушіліктің
  • 3-категориясы
  • Оқушының барлық пәннен
  • бірдей ұзақ уақыт үлгермей
  • оқудан жалпы кенжелеп
  • қалуы
  • Сабақты ішінара негізгі
  • пәндерден үлгермейтін
  • оқушы
  • Оқушы сабаққа анда-
  • санда ғана үлгермейді
  • Сабақ үлгерімі төмен оқушыны
  • психологиялық жағынан
  • қарастырғанда 5-топқа бөледі.
  • Оқуға деген көз қарасы дұрыс емес балалар.
  • Еңбектене білмейтіндер
  • Сабаққа дайындалу әдеті қалыптаспағандар.
  • Білуге және оқуға құштарлығы жоқ оқушылар.
  • Материалды қиналып ұғатындар.

Үлгермеушіліктің негізгі себептері

  • Мұғалімдердің сабақтарының сапасыздығы, жаңа материалды толық түсіндіре алмауы, бекіту жұмысының әлсіз жүруі, оқушы білімінің есепке алудың болмауы, мұғалімнің тиісті дәрежеде талап етпеуі.
  • Үй тапсырмасын орындау жұмысын дұрыс ойластырмау және тыңғылықты тексерудің болмауы, танымдық қызығуын дамыта алмау.
  • Мектепте үлгермеушіліктің алдын-алу жөнінде жүйелі жұмыстың болмауы.
  • Бағалаудағы біржақтылық.
  • Оқыту мен тәрбие үрдісінің байланысты болмауы.
  • Сабақтан қалу, оқушының ауырып қалуы.
  • Отбасындағы мәдениеттіліктің аздығы, мектеппен байланыстың жоқтығы.
  • Отбасындағы сәтсіздік.
  • Балаға дұрыс қарым-қатынас жасамау.
  • Білім алуға баланың дайындығының жоқтығы.
  • Балаға психологиялық көмек беру.
  • Оқушының қызығушылығының, биімділігінің негізге ала отырып дамыту.
  • Үлгерімін жақсарту
  • бағытындағы жұмыстар
  • мыналар:
  • Оқу-тәрбие үрдісіне ата-аналардың белсенді және міндетті түрде араластыру.
  • Сыныптағы оқу-тәрбие жұмыстарын жоғары сатыға көтеру.
  • Бірінші жарты жылдық барысындағы мұғалімнің қойған бағаларын нормаларға сәйкестігін талдау: дәптер,журнал, күнделіктегі бағалар.
  • Қателермен жұмыс жүйесі оқушылардың жаднамасымен саналы түрде жұмыс істей білу.
  • Мұғалімнің балаға қойған бағасынан білім деңгейі анықталады.
  • психологтың білім деңгейін анықтаудағы тестің нәтижесінің сәйкестігі.
  • Үлгермеушілікті болдырмаудың
  • әдістері
  • Оқушының оқу үлгеріміне әсер етуші жағдайлар
  • Қоғамның әлеуметтік жағдайы
  • Ата-ана, жанұя
  • Ұзтаздар
  • қызметі
  • Қоршаған
  • орта
  • Оқу-әдістемелік
  • құралдар
  • Оқушының оқу
  • үлгерімі
  • Оқытудағы
  • ақпараттық
  • технологиялар
  • Педагогикалық-
  • Психологиялық
  • ахуал
  • Денсаулығы
  • Ынта-жігер,
  • талабы
  • Оқушының пәнге
  • қызығушылығы

Оқушылардың үлгерімін жақсарту бағытындағы жүргізілетін жұмыс түрлері:

  • Әлеуметтік жағдайы төмен. Ата-ана баланың жағдайын жасауға көмектесе алмайды. Мектеп тарапынан көмек беру.
  • Мұғалім мен ата-ана байланысының төмендігі. Ата-анамен жиі қарым-қатынаста болу жолдарын қарастыру. Баланың төмендеу себептерін ата-анаға іс-әрекет барысында ашып көрсету.
  • Денсаулығының нашарлығы.(денсаулығы жөнінде әр мұғалім білу керек)
  • Еріншектік пен жалқаулықтың қалыптасуы. Жалқаулықты бала бойында болдырмау үшін істеріне баға беріп, еңбекпен келген нанның тәтті болатынын сезіндіру керек.
  • Ата-ана қадағалауының төмендігі. Ата-ана мен мұғалім арасындағы жиі қарым-қатынас ата-ана қадағалауына мүмкіндік ашады.
  • Сабақты себепсіз босатуы. Мұғалім баланың сабақтан қалу себептерін айқындап, ата-анамен кездесіп,пікір алысу және мектеп басшыларына хабарлап отыру керек.
  • Қоғамдық ортадағы кері әсерлер. Үйде, мектепте, жас жағынан үлкендермен араласпауын қадағалау. Бос уақытын үйірме, спорт түрлерінің секцияларына сынып балалармен бірге баруын қалыптастыру.
  • НӘТИЖЕЛІ
  • ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ
  • 10 АЛТЫН ЕРЕЖЕСІ

1-ереже

  • Баланың бойында өзін-өзі
  • құрметтеу сезімін және өзіне
  • деген сенімділікті
  • қалыптастыру
  • Сіздің балаңызға деген көзқарасыңыз оның өміріне үлкен әсерін тигізуі мүмкін. Басқаша айтқанда, егер сіз оның бойындағы дарынын байқасаңыз
  • оның өз-өзіне деген сенімін
  • қалыптастырасыз. Ал егер мұндай
  • көзқарасты балаларыңыздың бойына дамытсаңыз, ол бүкіл әлемге осындай бағаға
  • лайық екенін дәлелдеуге тырысады.

Аңыз: Өз мақсатыңа берік бол!

  • Ерте ерте ертеде, ешкі жүні келтеде көл жағасына кішкентай бақалар жиналыпты. Олар өзара жүгіруден жарыс ұйымдастырады. Басты мақсаты мұнараның шыңына шығу болатын. Бақалардың бұл әрекетін ешкім елемесе де, күлкі үшін көп көрермен жиналады. Ал жарыс басталады.
  • Көрермендердің ешқайсысы бақалардың мұнара шыңына жететініне сенбегені рас. Көпшілік арасынан мынадай сөздер естіліп жатты: “бұл өте қиын! Олардың шыңға шығуы мүмкін емес!” немесе: “Бәрібір құлайсыңдар! Мұнара өте биік!”
  • Кішкентай бақалар бірінен соң бірі құлай бастады... Тек күш жинап алғандары ғана жоғары өрлей берді... Көрермендерде сонда да “Бұл мүмкін емес. Олардың біреуі де шыға алмайды!”-деп айқайлай берді.
  • Бақалардың көбісі шаршап, құлай берді... Тек олардың біреуі ғана жоғары көтеріле берді... Ол ең соңында жалғыз өзі мұнараның ең шыңын бағындырды! Барлығы таң қалды. Ол күш-қуатты қайдан алды?
  • Сөйтсек жеңімпаз бақаның құлағы естімейді екен!
  • Ол көпшіліктің кертартпа пікірін естімеген.

2-ереже

  • Өмірде де, қызметте де
  • табысқа жету үшін ең
  • қажетті дағдыны, яғни
  • қарым-қатынас
  • дағдысын
  • дамытуға көмектесіңіз.
  • Кез келген қиындықтар мен жетістіктер адамдармен қарым-қатынас жасау барысында туындайды.

Көптеген ата-аналар баласының бақытты болуы үшін ең алдымен білім керек деп есептейді. Ал шын мәнінде, кеңінен тараған “күш-білімде” деген ұғым мүлде дұрыс емес: Академиялық білім өз алдына күш бола алмайды, ол тек потенциалдық күш қана.

  • Көптеген ата-аналар баласының бақытты болуы үшін ең алдымен білім керек деп есептейді. Ал шын мәнінде, кеңінен тараған “күш-білімде” деген ұғым мүлде дұрыс емес: Академиялық білім өз алдына күш бола алмайды, ол тек потенциалдық күш қана.
  • бір зерттеу нәтижесі бойынша жыл сайын компаниялар 1000 жуық университет түлектерін жұмысқа қабылдайды екен. Олардың барлығыда заманауи еңбек нарығында жақсы жұмыс тапқысы келетін ақылды, жоғары білікті адамдар. Алайда 12 айдың ішінде бұл адамдардың 60% компаниялардан кетеді екен. Мұның себебі неде? Олардың біразы жұмысқа бейім емес, біразы бұл жұмыс оларға лайық емес деп есептейді. Ал мұндай ахуалдың ең негізгі себебі, түп тамыры университет түлектерінің өз әріптестерімен және басшыларымен тіл табысаа алмауында жатыр.
  • Сіз толағай теңіз білімге қол жеткізуіңіз мүмкін, бірақ айналаңыздағы адамдармен қалай қарым-қатынас жасауды үйренбесеңіз, ол білімнің ешқандай пайдасы бола қоймас.
  • Сіздің міндетіңіз балаңыздың адамдармен арасындағы қиындықтарын шешіп беру емес, оған дұрыс жол көрсетіп, өздігінен әрекет жасауға мүмкіндік беру.

3-ереже

  • Қарым-қатынастың алтын
  • ережесі –
  • Тыңдаңыз, мұқият тыңдаңыз!
  • Тыңдау әрекеті тек құлақ арқылы ғана емес, көздің, мұқият зейіннің, тіпті жүректің қатысуымен жүзеге асады.

Адам өз өмірінде көптеген нәрсені үйренеді: оқу, санау, жазу, күрделі тригонометриялдық тапсырмаларды шешу, химиялық реакция формулаларын құрастыру, интегралдар мен дифференциалдарды табу,т.с.с. Бірақ өмірде аса қажетті бір дағды ескерусіз қалып қояды. Ол – тыңдау қабілеті. Тыңдай білуге бізді ешкім үйретпейді, ал онсыз ешқандай оқу да, қарым-қатынас та мүмкін емес. Тыңдауға мектепте де, тіпті жоғары оқу орнында да үйретпейді. Жер шарындағы ересек адамдардың 5% ғана тыңдау дағдыларына үйренген.

  • Адам өз өмірінде көптеген нәрсені үйренеді: оқу, санау, жазу, күрделі тригонометриялдық тапсырмаларды шешу, химиялық реакция формулаларын құрастыру, интегралдар мен дифференциалдарды табу,т.с.с. Бірақ өмірде аса қажетті бір дағды ескерусіз қалып қояды. Ол – тыңдау қабілеті. Тыңдай білуге бізді ешкім үйретпейді, ал онсыз ешқандай оқу да, қарым-қатынас та мүмкін емес. Тыңдауға мектепте де, тіпті жоғары оқу орнында да үйретпейді. Жер шарындағы ересек адамдардың 5% ғана тыңдау дағдыларына үйренген.
  • Әр кезде мен мынадай өкінішті қорытындыға келемін: ата-ана мен бала арасындағы қашықтық өте үлкен. Олар бір-бірін тыңдамайды. Мұндай жағдайда №1 қауіп туындайды: зейін қойып тыңдамау.
  • Кейде өзіміз әңгімелескен адаммен арада байланыстыратын ешқандай “көпір” болмайды.
  • Мұның айқын дәлелін Марк Твеннің оқиғасынан байқауға болады. Ол адамдардың шын мәнінде де бір-бірінің сөзін зейінмен тыңдамайтынын дәлелдеген. Бірде оны қонаққа шақырады. Ол кешігіп келеді де, оныңкешірім сұрауын күтіп отырға үй иесіне былай дейді: “Құрметті ханым мен сонша кешігіп келгеніме кешірім өтінемін. Бұл жерге келердің алдында менің тағы бір шаруам бар еді: өзімнің кәрі апайымның мойнын қайырып өлтіруім керек болды, ал бұған өзім күткеннен гөрі біршама көп уақыт қажет болды”. Сонда үй иесі оған: “қайткен күнде де келгеніңіз өте жақсы болды”,-деп қана жауап береді.
  • Көріп отырғанымыздай, Марк Твеннің не үшін кешіккенімен ол әйелдің жұмысы жоқ. Ол тек қонағының кешірім сұрап иілгенін күтіп тұр еді, қалағанын алды. Ал қонағының кешігу себебін түсіндіргенін естіген жоқ. Бұл зейін қойып тыңдамау деп атауға болады.

4-ереже

  • Ата-анасының жылы
  • шырайына, күлкісі мен
  • шаттығына
  • бөленіпөскен
  • бала анағұрлым бақытты.
  • “Күлкі адамға тиімді басқаруға, нәтижелі оқытуға және сауданы табысты жүргізуге көмектеседі. Ол балаларды анағұрлым бақытты етіп тәрбиелейді. Сондықтан да оқу барысында жазалаудан гөрі ынталандыру әдісі анағұрлым тиімді қозғаушы күш болып табылады.

Күлкі – ағзаны тазартудың табиғи жүйесі. Ішкі ағзалар ширақталып, асқазан-ішек жүйесінің жұмысы жақсарады.

  • Күлкі – ағзаны тазартудың табиғи жүйесі. Ішкі ағзалар ширақталып, асқазан-ішек жүйесінің жұмысы жақсарады.
  • Күлкі – ерте қартаюдың алдын алып, адамды жасартады және өмірді ұзартады.
  • Күлкі – стресті жойып, адамды босаңсытады.
  • Күлкі – көңіл-күйдің барлығын жеңілдететін күшті психотерапиялық құрал.
  • Күлкі – қорқыныш сезімін жеңуге және батылдыққа үйретеді.

5-ереже

  • Адамды анықтайтын үш
  • нәрсені есте сақтаңыз:
  • еңбек, шыншылдық,
  • жетістіктер

Бірақ кейде осының бәрін түсінгенше, бүкіл өмірің өтіп кетеді.

  • Ешқашан қайтып оралмайтын үш нәрсе: Уақыт, айтылған сөз, мүмкіндіктер.
  • Үш нәрсені жоғалтуға болмайды: Сабыр, үміт, ар-намыс.
  • Өмірде ең қымбат үш нәрсе бар: Махаббат, сенім, достық.
  • Өмірде үш нәрсеге сенуге болмайды: Мансап, сәттілік, әл-ауқат.
  • Адамды үш нәрсе анықтайды: Еңбек,шыншылдық, жетістіктер.

6-ереже

  • Көп жағдайда адамдар білім тапшылығынан емес, сәтсіздіктен қашу амалынан жеңіске жете алмайды.
  • Қателіктерден қорықпай, олардан нәтиже шығаруға дағдыландыру.

7-ереже

  • Деструктивті сыншылдықтың зияны мен зардабы адамзат тарихындағы барлық соғыс шығынынан да асып түседі.
  • Баланы басалмай сынап-мінеуден аулақ болыңыз.

Мектепте алған бағасы үшін үнемі сынға алынып отыратын балалардың көп ұзамай оқитын пәндерге деген қызығушылығы төмендейді. Олар тіпті мектепті жек көре бастайды, мүлдем көңілі қалып түңіледі. Деструтивті шыншылдық адамның өзіне деген сенімділігін бәсеңдетеді де, ол іштей құлдырауға ұшырайды, соның салдарынан үнемі қателікке жол беретін болады. Деструктивті сыншылдық жайында былай дейді: “Көптеген ата-аналар өз баласына жеке меншігі есебінде қарайды”. Олардың түсінігінше, ата-анасының тілін алған бала ғана жақсы. Егер бала олардың айтқанын орындамаса, әкесінен не анасынан сөгіс естиді. Осылайша ата-ана өзі қаламасада баласына берген махаббаты мен қамқорлығын кері кері қайтарып алады.

  • Мектепте алған бағасы үшін үнемі сынға алынып отыратын балалардың көп ұзамай оқитын пәндерге деген қызығушылығы төмендейді. Олар тіпті мектепті жек көре бастайды, мүлдем көңілі қалып түңіледі. Деструтивті шыншылдық адамның өзіне деген сенімділігін бәсеңдетеді де, ол іштей құлдырауға ұшырайды, соның салдарынан үнемі қателікке жол беретін болады. Деструктивті сыншылдық жайында былай дейді: “Көптеген ата-аналар өз баласына жеке меншігі есебінде қарайды”. Олардың түсінігінше, ата-анасының тілін алған бала ғана жақсы. Егер бала олардың айтқанын орындамаса, әкесінен не анасынан сөгіс естиді. Осылайша ата-ана өзі қаламасада баласына берген махаббаты мен қамқорлығын кері кері қайтарып алады.

8-ереже

  • Өмір тым қысқа, ал бізге берілген нәрсенің барлығы шектеулі, сондықтан өз уақытымызды дұрыс пайдалануымыз керек. Бұл үшін барлық ресурстарды (күш-жігер, уақыт, ақша т.б.) тиісті мақсатта қолданған жөн.
  • Балаңызды өз алдына мақсат қоюға және жеке мүдделерін анықтауға үйретіңіз.

9-ереже

  • “Адалдың берекесі тарыдай, түбі таудай. Арамның берекесі таудай, түбі қылдай”.
  • Баланың қаржылық интелектісін дамыту.

Өкінішке орай, қазіргі таңда көпшілік арасында “ауырдың үстімен, жеңілдің астымен” жүру ұстамы кеңінен тарап кеткені байқалады. Еліміздің жарқын болашағы үшін өскелең ұрпақтың бойында өзіне деген сенімділігі мен еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастырып, өз ісінің нағыз шебері мен майталманы етіп тәрбиелеудің маңызы зор. Астың дәмін тұз келтіретін сияқты, өмірдің мәнін жұмыс келтіреді. Бірақ алдымен еңбекті сүйе білу керек, сонда ғана ол жемісті болып, бақыт сыйлайды.

  • Өкінішке орай, қазіргі таңда көпшілік арасында “ауырдың үстімен, жеңілдің астымен” жүру ұстамы кеңінен тарап кеткені байқалады. Еліміздің жарқын болашағы үшін өскелең ұрпақтың бойында өзіне деген сенімділігі мен еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастырып, өз ісінің нағыз шебері мен майталманы етіп тәрбиелеудің маңызы зор. Астың дәмін тұз келтіретін сияқты, өмірдің мәнін жұмыс келтіреді. Бірақ алдымен еңбекті сүйе білу керек, сонда ғана ол жемісті болып, бақыт сыйлайды.

10-ереже

  • Өмірді Жаратқанның ең қымбат сыйы ретінде қадірлей білу.
  • Белгілі отбасылық дәрігер Виржиния Сатирдің пайымдауынша, баланың өмір сүруі үшін оны күніне 4 рет құшақтау керек, денсаулығы мықты болуы үшін күніне 8 рет құшағымызға қысуымыз керек, ал олардың өсуі үшін 12 құшақ қажет екен.

Өмірдің бар қызығы да, мән-мағынасы да – бала.

  • Өмірдің бар қызығы да, мән-мағынасы да – бала.
  • Назарларыңызға рахмет!!!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет