Оңтүстік Қазақстан Облысы Шымкент қаласы №87 жалпы орта мектеп Құдайбергенқызы Зауре



Дата23.05.2017
өлшемі45,22 Kb.
#16619
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан Облысы

Шымкент қаласы

87 жалпы орта мектеп



Құдайбергенқызы Зауре

«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: №87 жалпы орта мектеп Мерзiм:_3.02.2017ж.

Тақырып: «Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ»

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сыйластық, мейірімділік

Мұғалiм: Құдайбергенқызы З. Сынып: 6 «Ә»


Сабақтың мақсаты: оқушылардың адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік туралы түсініктерін кеңейту арқылы, құндылықтың мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: оқушылардың адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік туралы түсініктерін кеңейту;

Дамытушылық:оқушылардың табиғатты сақтау, аялау сезімдерін арттыру;

Тәрбиелік: табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу;

Ресурстар: (Интербелсенді тақта,Өмір ағашы)

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi. ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!


Сабақ барысын талдау:

Үй тапсырмасын тексеру.

2-тапсырма

Жойылып, құрып кету қаупі төніп тұрған табиғат ғажаптары атынан өтініш хат дайындау.Мәлімет жинау.






Дәйексөз:

«Таза болса, табиғат.

Аман болар адамзат»

Ф.Оңғарсынова

  • Нақыл сөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?

  • Табиғаттың тазалығын сақтауға қандай үлес қосар едіңдер?

  • Адамзат пен табиғаттың байланысын айтып өтіңдер?

  • Мысал келтіріп өтіңдер?




Әңгiмелеу: Мұғалімнің сыйы «Бір тал гүл» әңгімелеу

1.Гүлдің ерекшелігі неде деп ойлайсындар?

2.Ол жай адамның өмірін қалай өзгертті?

3.Табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығы неде деп ойлайсындар?

4Әңгімеден қандай ой түюге болады?





Шығармашылық жұмыс:

1-топ


Табиғат аясында өзіңді –өзің ұстай білу ережесінін құру .

2-топ


Табиғатқа арнап өлең шумақтарын шығару . Ақындық шеберліктерін таныту

3-топ


Табиғат сұлулығын суреттеу





Топпен ән айту:

«Әрқашан күн сөнбесін »

Сөзін жазған І.Мәмбетов

Әнін жазған А.Островский




Үй тапсырмасы:

«Денсаулықтың он құпиясы» әңгімесін оқу.




Табиғат сен тіршілік тұнып тұрған,

Сен Күнсің, көтерілген күліп қырдан

Сен –көлсің

Сен-ормансың,

Сен-бұлбұлсың

Адамға сұлулықты шын ұқтырған.Табиғатқа арнап қандай тамаша теңеу айтсақ та жарасады.Қане балалар табиғатқа деген өз сүйіспеншіліктеріңді жылы тілектеріңмен қортындылайық.Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

Сүйіспеншілік. Сүйіспеншілік. Сүйіспеншілік бар жерде.



Сүйіспеншілік. Сүйіспеншілік. Сүйіспеншілік бүкіл әлемде!





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет