Нығмет Сауранбаевтың пікірі:
|
Академик Нығмет Сауранбаевтың айтуынша, диалектілерді жүздің не рудың тілінен пайда болған деу қате пікір, олар XV ғасырда қазақ тілі қалыптасқаннан кейін, халық өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік, шаруашылық-мәдени өзгерістердің себебінен пайда болған құбылыс екен.
|
Диалект
Қоғам
Шарушылық
Мәдениет
Әлеуметтік
Сәрсен Аманжолов оңтүстік диалектісінің ерекшеліктері туралы
Фонетикалық ерекшеліктері:
С мен ш алмасуы: мысық - мышық, есек - ешек, масқара – машқара
|
Д мен л алмасуы: теңдік - теңлік, тыңда - тыңла, маңдай - маңлай, аңдамау - аңламау
|
Б мен п алмасуы: болат - полат, бітіру - пітіру, бейнет - пейнет, бақыр - пақыр, байқау - пайқау
|
Ң мен н ауысуы: ертең - ертен, өлең - өлен, қалың - қалын
|
М мен п алмасуы: маңай - паңай, мақта - пахта, мешпет - пешпент
|
К мен г алмасуы: күріш - гүріш, көң - гөң т. б. Бұл алмасу оңтүстік диалектісіндегі оғыз тілдерінің әсерін көрсетеді
|
А мен ә алмасуы: қатты - кәтті, қайтып - кәйтіп, керісінше, әйел - айал, едәуір - адауір
|
Б мен у ауысуы: кебіс - кеуіш, кәпір - кеуір, шылапшын - шылаушын
|
Достарыңызбен бөлісу: |