Ответ 1-12- ге дейін бар! Менеджменттің мақсаты,маңызы және оның құрлымы Менеджметтің негізгі категориялары


Менеджменттің негізгі категориялары



бет5/16
Дата23.05.2020
өлшемі45,22 Kb.
#70705
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Дене тәрбиесі және спорт менеджменті

66.Менеджменттің негізгі категориялары

67.Дене тәрбиесі және спорт басқарудың мемлекеттік және мемлекеттік емес органдары

68. Спорт мектептерінде оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастырудың тәртібі туралы регламент

69.Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министр

70. Спорт менеджментінің шетелдік моделі

71.Шетелдік спорт клубтарынын маркетингі

72.Коммерциялық спорттағы менеджмент

73. Жаттықтыру процесінің жоспарлау

74. Жатыктыру сабағы процесін негізгі түрлері

75.Спорттық менеджментті ақпараттық тамту

1.Менеджменттің мақсаты ,маңызы және оның құрлымы

Менеджмент  басқарудың    мақсатына  адамдардың    еңбек  белсенділігін     арқылы  көтеріп,  олардыңң  тиімді    жұмысының  негізінде   жетуді  ұйғарады.  Ғылымның  бұл  түрін  білу  барысында    басқарудың  мақсаттарын  қою  мен  дәлелдеу  үшін  нақты  білім  және    тәжірибелік  дағды  алуға  болады,  осы  мақсаттарға  жету    жолында  персоналдың   күш-қуатын  жинастыруға, ғылыми  дәлелденген  шешімдерді  қабылдауға, кадрлар  жұмысын  жүйелеуге, кәсіпорындарды  біртұтас  жүйе  түрінде  басқаруға  мүмкіндік  береді.

Әртүрлі  ғылымдар  секілді  менеджменттің  де   теориясы  болады,  онда  осы  пәнге  тән  қасиеттер, міндеттер, категориялар, заңдылықтар, принциптер, әдістер, функциялар  және  өзінің   ізденіс  жолы  қамтылады.

Басқару  адамдардың  парасаттылық  нысаналы  іс-қызметінің  көмегімен    қоршаған  әлемді  бағындыру  және  тіртіпке  келтіру  жұмысынан  тұратындығы    бұрыннан  белгілі. Менеджмент – басқарудың  маңызды  құрамдас  бөлігі, оның  пәні  басқару  үрдісіндегі    әлеуметтік  қатынастардан  тұрады. Сөйтіп, менеджменттің  ғылым  ретінде  айналыфсатын  пәні  басқару  үрдісінідегі    адамдардың  арасындағы  қалыптасатын  қатынастар.

Менеджментті  кәсіпкерлік  іс-қызметтің  түрі  деп   қарастыруға  да  болады. Осы  көзқарасқа  қарай  менеджментті  алдын-ала  белгіленген  экономикалық  нәтижеге  жеті  үшін  адамдардың  күш-қуатын нысаналы    түрде  шоғырландыруды    ұйғаратын  іс-қызметтің    бір  түрі  деп  түсінген  дұрыс.

Әр салада  басқару    іс-қызметтің  жалпы  қағидаларымен  бірге  өзіне  тән  ерекшелігі  болады. Аграрлық  сфераны  алатын болсақ, онда  басқару  қатынастарының    ерекшелігі  ең  алдымен    оның  іс-жұмысының    көлеміне, сонымен  бірге  жұмыскерлердің    санына  қарай   әрбір  елдің  экономикасының  ірі  салаларының    бірі  болып  есептелетініне  байланысты. Кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  іс-жұмысына  өздерінің  ықпалын  тигізетін    сыртқы  факторлардың  қатарына    жататындардың  бірін  көрсетпесек  те,  келесілерді  айтуға  болады: халықтың  төлем  қабілеті  бар  сұранысты, өндірістің, тауарды  сыртқа  шығарудың  және  оны  шеттен  әкелудің, бәсекенің, табиғат пен ауа-райының  демографияның  жиі  жағдайын. Сонымен  қатар, бұл  кәсіпорындардың  және  ұйымдардың  іс-қимылы  олардың  қолындағы  жердің, техниканың    малдың, материалдық  құралдардың  және  ақша  қаржысының  болуына  ғана  емес,  сонымен  бірге    оларда  ең  алдымен  жұмыс  істейтін    адамдардың  барлығына  байланысты.

Менеджмент  стратегиялық  және  тактикалық    мақсаттарға  оңтайлы  жетуде  әрбір  кәсіпорындардың  және  олардың  персоналдарын  нысаналы  және   келісімді  жұмысаен  қамтамасыз  ететін  басқару  іс-қызметіне  ерекше  түрінен  тұрады. Ал  басқару  үрдісі  белгілі  мақсатқа  жетуге  бағытталған  дәйекті  түрдегі  істің  жиынтығының  көрінісі.

Мененджмент  макро  және  микроэкономиканың  негізгі  қағидаларына  негізделеді.  Бірақ, бұл  бірыңғай  экономикалық   пән  болып  табылмайды. Оның  ғылым  болып  құрылуына  айтарлықтай  ролдә  психология, педогогика, социология, кибернетика  және  математика  атқарады. Онымен  қатар, менеджменттің  өзі  маркетингті, коммерциялық  іс-қызметті  және  басқару  іс  жұмысын    жүргізумен  байланысты   басқа  қолданбьалы  пәндерді    зерттеуге  негіз  болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет