Ответ 1-12- ге дейін бар! Менеджменттің мақсаты,маңызы және оның құрлымы Менеджметтің негізгі категориялары



бет8/16
Дата23.05.2020
өлшемі45,22 Kb.
#70705
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
Дене тәрбиесі және спорт менеджменті

4.Спорт менеджментінің мәні

“Менеджмент” ұғымының анықтамасына  сүйенетін болсақ, онда менеджмент  дегеніміз қазіргі индустриялық  қоғамда жұмыс істейтін экономикалық  орган. Менеджмент қабылдаған  кез келген әрекет, кез келген  шешім –бұл экономикалық сипаттағы  шаралар.

Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады.

Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс.

Менеджменттің міндетіне, басшылық  етуіне жаңа рыноктарды игеруіне  жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру  жатады. Егер кәсіпорын нашар  әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда  оның жаңа қожайыны жұмысшыларды  емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен,  менеджмент дегеніміз ұжым (коллектив)  жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорын  жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер  мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды, олардың жұмысын жандандыруды, әрі  тиімділігін арттыруды көздеу  қажет.

Менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа тәуелді етеді де, бұлар материалдық жағдайларға тәуелсіз ретінде қарастырылады, өйткені соңғы айтылғанның алуан түрлілігінде шек жоқ.

Менеджментке алуан түрде түсінік  бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі  тұжырымдары көп жағдайда ұқсас  келеді. Гальвецияның пікірінше,  басқару процесі-өнер, оның басты  мәні мен мазмұны нақты жағдайда  қарап ғылымды (басқару саласындағы  ұйымдық ілім негізін) қолдану.

Тіпті маман болмағанның өзінде  де, біздің кез келгеніміздің  басқару ғылымы мен өнері туралы  азын-аулақ хабарымыз болатыны  сөзсіз.

Менеджмент — нарықтық экономика  жағдайында өндірісті тиімді  басқарудың теориясы мен практикасы.

Менеджмент – нақты мақсатты  жүзеге асыру үшін кәсіпорын  жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға  байланысты адамдар қызметінің  түрі.

Менеджмент — бұл өнім, технология, өндірісті  ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік  қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару  принциптерінің, тәсілдері мен формаларының  жиынтығы.

Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау  функциясы мазмұнының өзгеруімен, фактілерді жан-жақты зерттеуімен,  кәсіпорындардың ойдағыдай іс-әрекетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастыруымен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасауымен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.

Менеджменттің бірнеше ұғымы  бар: “Менеджмент-бұл жұмыс істеп  тұрған коммерциялық кәсіпорынның  арнайы органы”. Егер батыста  кез келген кәсіпорын жөнінде  сөз бола қалса, адамдар әуелі  сол кәсіпорындағы бүкіл басшылыққа  ден қояды, өйткені кәсіпорынды  қоғамға танытатын да тек басшылар.

5.Менеджмент құрылымы мен принциптері 

Эммерсон  ойлап шығарған “өнімділіктің 12 принципі”  жұртқа кеңінен мәлім болды. (1912). Мұнда ол кәсіпорынды басқарудың принциптерін қарастырды, әрі тұжырымдады. Эммерсонның пікірінше, мұндай принциптерге мыналар жатады:

дәл тұжырымдалған мақсат, басқарудың барлық деңгейінде бұған жетуге әрбір басшы мен қол астындағылар ұмтылады;

болашақ мақсатты ескере отырып, әрбір жаңа процесті талдауға шынайы дұрыс көңіл бөлу;

білікті кеңес беру — өндіріске және басқаруға байланысты арнайы білімнің қажеттігі және барлық мәселеде білікті кеңес бірлесіп ақылдасқанда ғана нәтижелі болады;

тәртіп – барлық ұжым (коллектив) мүшелерінің белгіленген тәртіп пен ережеге бағынуы;

қызметкерлерге әділ төрелік;

басшыны қажетті мәліметтермен қамтамасыз ететін жедел, сенімді, толық, дәл және тұрақты есеп;

ұжым қызметін мұқият, жедел, басқаруды қамтамасыз ететін диспетчерлік жұмыс;

ұйымдастырудағы бүкіл кемшілікті дәл белгілеуге және одан келетін шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін нормалар мен жұмыс кестелері;

ең тәуір нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін уақыт, күш-қуат және өзіндік құнның үйлесімдерін қамтамасыз ететін жағдайларды қалыпқа келтіру;

уақытты белгілеуді және операцияның кезегімен орындалуын ұсынатын операциялар нормасы;

атқарылатын жұмыстардың барлық ережесін нақты бекітуді қамтамасыз ететін жазбаша стандартты нұсқаулар;

әрбір жұмысшылар еңбегін көтермелеу мақсатында еңбек өнімділігі үшін сыйлыққа ақы төлеу.

Г. Эммерсон өндірісті және басқарманы ұйымдастырудың күрделі міндеттерін  жан-жақты ойластырып шешудің қажеттігін және тиімділігін тұңғыш рет атап көрсетті. Әсіресе, тиімділік тұрғысынан рационализациялауды (ұтымды етуді) қарастыруы (ол алғаш рет енгізген ұғым) ерекше көңіл аударарлық. Тиімділік деп, шығын мен нәтиже арасындағы ең қолайлы  ара қатынасты атап көрсетті.

Менеджменттің негізгі принциптері – деп  басқарудың практикалық міндеттерін  қоярдағы басқарудың жүйесіне түрлі  құрылымның (элементтің) аралығындағы байланыстарды, (қарым – қатынастарды) жүргізудің жалпылама заңдылықтарын  түсіндіреді.

Менеджменттің негізгі принциптері мынадай:

Орталықтан және жергілікті жерден басқаруын ыңғайлы байланыстыру;

Құқықтарды, міндеттемелерді және жауапкершілікті байланыстыру;

Басқаруды демократизациялау;

Форд  басқаруды ұйымдастырудың мынадай  принциптерін қолданды:

- барлық  өндіріс процесін, ондағы сатыларды  байланыстарды дәл есептеу және  жоспарлау;

- жұмыс  жағдайын есептеу және жоспарлау;

- шикізаттарды, материалдарды, механизмдерді, жұмысшы  күштерін әзірлеу;

- өндірісті  стандартты технология бойынша  жүзеге асыру;

- өндірісті  жетілдіру жолдарын үнемі іздестіру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет