Ответ 1-12- ге дейін бар! Менеджменттің мақсаты,маңызы және оның құрлымы Менеджметтің негізгі категориялары


Менеджметтің негізгі категориялары



бет6/16
Дата23.05.2020
өлшемі45,22 Kb.
#70705
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Дене тәрбиесі және спорт менеджменті

2.Менеджметтің негізгі категориялары

Басқару  мен  менеджментте  бірдей  категориялар  пайдаланылады,  бұларға   жататын  ұғымдар  мынадай – “басқарудың  объектісі  мен  субъектісің, “олардың  арасындағы  тура  және  кері  байланысң, “басқару  жүйесің, “қоршаған  ортаң.

Менеджмент  пен  басқарудың  негізгі  категорияларын    кәсіпорындар  мен  ұйымдар  деңгейінде  қарастырғанда,  олардың  іс-жұмысының  ерекшелігін  және  шаруашылық  субъектілердің    іс-қимылдарының  жалпы  міндеттерін  ескерген  жөн.

Басқару  объектісі – бұл  бақарылатындардың  барлығы, яғни  сала, кәсіпорын, бөлімшелер  және  т.б.  Менеджментте  басқару  объектісі  ретінде  әр  уақытта  белгілі  бір  мақсатқа  жету  үшін  өздерінің  іс-қызметтерін  үйлестіретін    және  бағытталатын  адамдар  тобы  қарастырылады.  Басқару  субъектісі – бұл  басқарушылардың  барлығы,  яғни  саланың, кәсіпорынның, бөлімшелердің  басқару  аппараты.

Басқарудың  объектісі  мен  субъектісінің  арасында  тура  және  кері  байланыс  болады.  Тура  байланыс – бұл  басқару  объектісіне   субъектіден түсетін   әмір (команда). Басқару  объектісі  мен  субъектісінің  жиынтығы   тура  және  кері  байланыстармен   бірге  басқару  жүйесін  құрайды.

Басқару  жүйесінде  басқару  объектісін  басқарылылатын  жүйелілік, ал  субъектісін – басқаратын  жүйелілік  деп  жиі  айтылады. Басқару  жүйесін  бірқатар  жалпы  шарттары    сипаттайды.  Ең  алдымен  басқарылатын  жүйеліліктің   басқарушы  жүйеліліктің    ықпалымен  өзінің  параметрін (немесе  қасиетін)  өзгертетін  қасиеті  болып табылады.  Бұл  орайда  басқарудың  тиімділігі    үшін  критерийлер  мен  көрсеткіштер  қажет,  олардың  ішінде  басқару  объектісінің    іс-қызметінің    маңызды  паремтрін   неғұрлым  толық  көрсететіндер

Басқару  субъектісі  объектіге  берілген  мақсатқа  сәйкес  ықпалын  жүргізеді. Бұл  үшін  басқарылатын  жүйе  бөлігі  басқару  объектісіне  көрсетілген  ықпалынан  кейін  оның    жағдайы  қандай  екенін  анық  білуі  керек.

Мақсатқа  анық  бет  бұру  үшін  басқару  субъектісіне  объектіге  ықпал  көрсетілгенше  және  көрсетілгеннен  кейінгі    жағдайлары  бойвынша  ақпарат    түсіп  отыруы  қажет,  басқаша  айтқанда  басқару  жүйесінде    тура  және  кері  байланыс  айқын  түрде  ұйымдастырылуы  керек.  Сонымен  ақырында,  басқарудың  қайсы  бір  экономикалық    жүйесі  болса  да, онда    белгілі  материалдық,  еңбек, қаржы  және  басқа  ресурстар    болуы  керек.

Әрбір  кәсіпорын  қоршаған  ортамен    өзара  әрекетте  болады.  Қоршаған  орта – бұл  осы  кәсіпорынды   қоршағанның  барлығы: жеткізушілер  мен сатып алушылар, бәсекелестік  ұйымдар, мәдениет, саяси  ахуал  және  т.б.   Қоршаған  орта  қай  ұйым  болса  да,  оған  кадрларды,  еңбек  қаруын, шикізатты, материалдарды  және  қуат  таситындарды  бере  отырып,  белсенді  әсерін  көрсетеді. Өз  кезегінде  кәсіпорын    қоршаған  ортаға  тауарлар   мен  қызметті  өңдіргенде   және  өткізгенде   өзінің  ықпалын  тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет