Оѕтїстік ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика академиясы


Иллюстрациялық материалдар



бет47/49
Дата15.03.2023
өлшемі7,98 Mb.
#172573
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
Лекция-Процессы-и-аппараты-фармацевтических-производств-2-курс-4-семестр-15-сагат-каз
542214, 164425, №1 ТЖБ Физика 9-сынып, Test ICT, « аза тілі» п нінен 2-то сан бойынша жиынты ба алау тапсырмала, БИ ҮЙІРМЕСІ КАУІПСІЗДІК
4. Иллюстрациялық материалдар: Виртуалды қондырғылар. Негізгі аппараттар бейнеленген плакаттар.


5. Әдебиет:
Негізгі:

  1. Промышленная технология лекарств, Том 1. Под ред. Чуешова В.И. – Х.: МТК-Книга, Издательства НФАУ, 2002 – 560 с.

  2. Касаткин А.Г. Основные процессы и аппараты химической технологии.9-е изд. - М.: Химия, 1973

  3. Плаксин Ю.М., Малахов Н.Н., Ларин В.А. Процессы и аппараты пищевых производств. – М.: КолосС, 2008. – 760 с.

  4. Ақбердиев Ә.С. Тамақ өндірісінің процестері және аппараттары, Алматы; 1998 ж.

  5. Кавецкий Г.Д. Процессы и аппараты пищевой технологии. - М.: Колос, 2000.

Қосымша:

  1. Романков П.Г., Курочкина М.И. Гидромеханические процессы химической технологии.3-е изд. - Л.: Химия,.

  2. Фармацевтическая технология. Под ред. И.И. Краснюка и Г.В. Михайловой–Москва, Академия – 2006 г.

  3. Гинзбург А.С. Основы теории и техники сушки пищевых продуктов.-М.: Агропромиздат, 1985.-335 с.



6. БАҚЫЛАУ сұрақтар (кері байланысы):

  1. Қандай процесті кептіру деп атаймыз?

  2. Фармацевтика өндірісінде кептірудің қандай түрлері өолданылады?

  3. Кептірудің қозғаушы күші неде?

  4. Бірінші кезеңде кептіру жылдамдығын қандай факторлар анықтайды?

  5. Екіші кезеңде кептіру жылдамдығын қандай факторлар анықтайды?

  6. Ылғалдың материалмен байланыс түрлерін атаңыз.

1. Тақырыбы 15: Экстракция.


2. Мақсаты: Студенттерді «сұйық – сұйық» жүйесіндегі экстракция процесінің теориялық және практикалық негіздерімен таныстыру.


3. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ:

  1. Экстракция туралы негізгі мәліметтер.

  2. «Сұйық – сұйық» жүйесіндегі экстракция әдістері.

  3. Экстракциялық аппараттардың құрылысы.



Экстракция – сұйықта еріген затты басқа сұйықпен шығарып алу. Бұл кезде шығарылатын құрамдас бір сұйық фазадан екінші сұйық фазаға өтеді. Экстрагентте шығарылатын құрамдас жақсы ериді және алғашқы қоспаның бақа құрамдастары аз ериді немесе тіптен ерімейді.
Фармацевтикалық технологифда экстракция процесін кеңінен қолданады.
Қатты фазадағы массаберу процесі сұйықтағы массаберуден әлдеқайда бөлек болады , сондықтан «сұйық – сұйық» жүйедегі экстракция «сұйық – қатты дене» жүйесіндегі экстракциядан бөлек қарастырылуы керек.
«Сұйық – сұйық» жүйесіндегі экстракция өзара ерімейтін немесе бір бірінде аз еритін екі сұйық фазалардың арасындағы диффузиялық процесс.
Процестің жылдамдығын арттыру үшін алғашқы ерітіндіні және экстрагентті өзара көп рет жанастырады. Олардың әсерлесуі нәтижесінде экстракт, шығарылып алынатын құрамдастың экстрагенттегі ерітіндісі, рафинат, экстракцияланатын құрамдастың белгілі мөлшері шығарылған алғашқы ерітіндінің қалдығы, алынады. Алынған сұйық фазаларды (экстракт және рафинат) бір бірлерінен тұндыру, кейде центрифугалау немесе басқа механикалық әдіспен бөледі. Сонан кейін экстракттан мақсатты өнімді бөледі және экстрагентті рафинаттан регенерациялайды.
Экстракттан мақсатты өнім ректификациялау, немесе реэстракция жолымен бөлінеді. Рафинатта еріген және онымен кететін экстракттың шығынын азайту үшін, экстрагентті ректификациялау немесе басқа еріткішпен экстракциялау арқылы бөледі, және экстрагентті қайта пайдалануға жібереді.
ХШ-1 суретте үздіксіз экстракциялау процесінің тәсімі көрсетілген. Экстракция процесі мұнаралы экстракторда өтеді, сонан кейін экстрактан мақсатты өнім ректификациялық мұнарада 2 бөледі, ал экстрагентті рафинаттан ректификациялық мұнарада 3 бөледі.

Фазалардың көлемінде немесе жанасу беттерінде химиялық реакциялардың өтуі салдарынан кейбір жағдайларда экстракция процесі күрделіленеді. Алғашқы ерітіндіні өте жақсы бөлу үшін экстракцияның арнайы әдістері қолданылуы мүмкін. Мысалы органикалық заттардан тұратын алғашқы ерітіндіні өзара ерімейтін екі экстрагенттердің көмегімен өңдеу тиімді екен, бұл кезде мақсатты құрамдас осы экстрагенттердің әрқайсысында да ериді.
Экстракция процесінің сұйық қоспаларды бөлуге арналған басқа процестерден (ректификацией, айдау, буландыру және т.б.) артықшылығы оның төмен жұмысшы температурасы.
Экстракция процесі бөлмелік температураларда жиі өткізіледі. Бұл кезде ерітіндіні буландыруға жылуды шығындаудың керегі болмайды. Сонымен қатар көптеген еріткіштерден мақсатты құрамдасты ең жақсы ерітетін, алғашқы қоспадан химиялық құрамы бөлек, бөлу процесін толық жүргізетін еріткішті таңдау мүмкіндігі бар. Сонымен бірге қосымша құрамдасты - экстрагентті қолдану оны регенерациялауды керек етеді, экстракция процесінің аппаратуралық безендірілуін күделілендіреді, бағасын жоғарылатады.
Ұшатын заттарды бөлгенде экстракция процесін пайдалану тек қана ректификация процесін өткізуге қиындықтар туындағанда тиімді болады. Мысалы, жақынқайнайтын құрамдастардан тұратын қоспаларды бөлу, азеотропиялық қоспаларды бөлу, аз концентрациялы зиян қоспаларды немесе бағалы қоспаларды бөлу және т.б. Аталған қиындықтарға мысал ретінде сірке қышқылын аз концентрациялы судағы ерітіндісінен бөлу үшін экстаркцияны пайдалану тиімді, өйткені қайнау температураларының үлкен айырмашылықтарына қарамастан, судың көп мөлшерін буландыру көп шығынды талап етеді. Сондықтан сірке қышықылын оның аз концентрациялы судағы ерітіндісінен бөлу үшін этилацетатпен (немесе этилацетат пен бензолдың қоспасымен) экстракциялайды.
Жоғары температураға төзімсіз заттарды, мысалы антибиотиктерді, бөлу үшін тек қана экстракция қолданылады. Оларды ректификация және буландыру әдістерімен бөлсек, химиялық тұрғыл\дан ыдырап кетуі мүмкін, сәйкесінше керекті қасиеттерін жоғалтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет