5. Зерттелінетін затты тамызатын диспокартқа арнайы дозатормен 11 мкл қан сарысуын алып, сәйкес ұяшықтарды толтыру керек.
6.Апликаторды тік ұстап, диспокарттың сәйкес ұяшықтарын жайлап басу керек. Бұл кезде апликатордың тістерінің кеуекті беті зерттелінетін затты өзіне сіңіріп алады. Апликатордың әрбір тісіне диспокарттың белгілі бір ұяшығы сәйкес келеді. Апликатормен алынған бірінші нәтижені сүзгіш қағазғаі ал содан кейін АЦ мембранаға аппликатордың көмегімен қан сарысуын тамызу керек. Ол үшін апликаторды АЦ мембрананың катод жағындағы арнайы көпірдің саңлауына 3-5 секунд ішінде жанасатында етіп орнату керек.
7. АЦ мембранасы орнатылған көпірдің нүкте қойылған жағын міндетті түрде катодқа сәйкестендіріп камераның ішіне орнату керек.
8. ЭФ камераның қақпағын жабу керек.
8.1. «Display» пернесін басып, «жоғары» және «төмен» пернелері арқылы экрандағы кернеуді 200 В-қа қою керек.
8.2. «Display» пернесін басу арқылы экрандағы ток шамасының 5 мА – ден аспау керектігін қадағалау керек.
8.3. «Display» пернесін басып, «жоғары» және «төмен» пернелері арқылы экрандағы уақытты 30 мин.-қа қою керек.
8.4. «Start» пернесін басу керек, сол кезде уақыттың кері санауы басталады.
Ескерту: Камераның желісін түсіне қарай, қызыл түсін – қызылға, қара түсін – қараға қосу керек.
9.Уақыт біткеннен кейін ток көзінен ажыратып, камераның қақпағын тік жоғары қисайтпай ашу керек. АЦ мембранаға тамшылардың тамып кетпеуін қатаң түрде қадағалау қажет.
10. «Red Ponceau S» 150 мл. көлемінде боялған ерітінді құйылатын ыдыс дайындап, АЦ мембранасын 5-10 минут боялған ерітіндіге батырып, оны міндетті түрде бірнеше рет араластырып отыру керек.
11. Боялған мембрананы түссіздендіру және жуу үшін 200-300мл. «Destaining & Trasparency» ерітінді құйылатын ыдыс дайындау керек.
12. АЦ мембранасын салап жуу керек. Егер мембрана қағазы көгілдір болса - 3 минут сары түсті болса - 4 минут ерітіндіде ұстау қажет.
13. АЦ мембрананың бетіндегі ерітіндінің қалдықтарын, ауа көпіршіктерінен тазарту үшін шыны пластинканың бетіне орналастырып, екінші шыны пластинканмен жәйлап қыру керек.