Оѕтїстік Ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика академиясы


Қысқаша теориялық мағлұмат



бет20/41
Дата27.05.2023
өлшемі5,39 Mb.
#177830
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
Байланысты:
Метод-Физика-ФК-каз

Қысқаша теориялық мағлұмат.

Тынысалу деп – ағза жасушаларының қоршаған ортамен көмірқышқылгазы, оттегі және газ алмасуын айтады. Бұл кезде өкпе вентиляциясы, өкпеде газ алмасуы, қанның газды тасмалдауы және ұлпалардың тыныс алуы орын алады.
Өкпе вентиляциясы және газ алмасуынсыз тыныс алудың басқа фазаларын жоғарғы ыңғайлы жолмен қамтамасыз етуге болмайды. Бұл тыныс алудың жетіспеушілігін тудырады. Сондықтан өкпе вентиляциясы және газ алмасуды зерттеу, оттегінің парциалды қысымы және артерия, вена қан тамырларындағы көмірқышқылгазын анықтаумен бірге тыныс алу жетіспеушілігінің диогностикалық негізі болады.
Өкпе вентиляциясының ұлпа аралық тыныс алу қажеттілігі сәйкес тыныс алу жүйесін реттеуші келісілген жұмысын, өкпе паренхимасын, ауа өткізетін жолдардың күйін, тыныс алу бұлшықеттерін, кеуденің сүйек-бұлшықетті қаңқасын қамтамасыз етеді. Өкпе вентиляциясын тыныс алудың негзгі үдерісі деп қарастырады. Оның бұзылуы 3/4 жағдайда тыныс алудың жетіспеушілігін тудырады.
Өкпедегі газ алмасуы - белсенді альвеолдардың ауданының қосындысына, сурфактанттардың қасиетіне, өкпе паренхимасына, кіші қан айналу шеңберінің күйіне тәуелді болады.
Өкпе вентиляциясы қалыпты жағдайда тыныс алу бұлшықеттерінің ырғақты жиырылуы кезінде дем алумен дем шығару ырғақты алмасып тұратын екі фазалы үдеріс. Дем алған кезде альвеолдарда отрипательді қысым пайда болуынан атмосферадағы ауа өкпеге түсе бастайды. Дем алған кездегі ауаның көлемі және оның қозғалу жылдамдығы бұлшықеттердің жиырылу қабілетінің дамыумен, тыныс алу бұлшықеттері өндіретін күшінің шамасымен сонымен қатар тыныс алу жолдарындағы кедергілермен және өкпенің созылғыштығымен анықталады. Дем алудың соңында альвеолдардағы қысым атмосфералық қысыммен бірдей болғандықтан ауаның қозғалысы тоқталады.
Өкпе созылған кездегі жинақталған энергия қоры жәй тыныс алғанда селқос дем шығарылуын қамтамасыз етеді. Вентиляция күшейген кезде шығару бұлшықеттері іске қосылады. Дем шығару фазасында өкпеге серпімді ретракция әсерінен өндірілетін күш әсер етеді нәтижесінде альвеолдардағы қысым атмосфералық қысыммен артық болды. Сондықтан өкпедегі ауаны сыртқа шығарады.
Ағзаның тұтынуына, сыртқы ортаның күйіне, тыныс алу жүйесінің күйіне байланысты вентиляцилық үдерістер әртүрлі пішінге ие бола алады. Қалыпты жағдайда жәй тыныс алған кезде ағзаның вентиляцилық мүмкіндіктерінің аздаған бөлігі ғана қатысады. Физикалық жүктеме және оның әсерінің артуы дем алудың терең және жиілеуімен сипатталатын тыныс алу үдерісін ең жоғарғы өкпе вентиляциясына (ЖӨВ) біртіндеп алып келеді.
Өкпенің вентиляциялық жетіспеушілігін тыныс алудың клиникалық қолдануын ескере отырып бағалау обструктивті және рестриктивті, аралас деп бөлінеді.
1. Өкпенің вентиляциясының обструктивті бұзылуы альвеолдарға түсетін ауа ағынының бұзылуына байланысты болады. Олар өкпеден тыс болатын себептердің (жоғарғы ауа өткізетін жолдардың деформациясы, көмекейдің патологиялық өзгерісі, бөгде заттар және т.б.) және өкпе мен бронхтың бір қатар патологиялық өзгерістерінің (бронхтың жазық бұлшықеттерінің жиырылуы, бронхтың шырышты қабатының қабынуы немесе ісуі, бронхта бөлінетін қақырықтың тұтқырлығы немесе мөлшерінің артуы, олардың деформациясы және т.б. себептер) әсерінен болуы мүмкін.
2. Рестриктивті бұзылу өкпедегі және өкпеден тыс факторлардың әсерінен болуы мүмкін. Кең тараған өкпедегі себептерге өкпе ұлпаларының инфильтративті және қабыну кезіндегі өзгерістері , пневмосклероз, өкпенің фиброзы, отамалау әсерінен өкпе көлемінің кішірейюі, ателектаза немесе туыла біткен гипоплазия және т.б. жатады. Өкпеден тыс факторлардың ішінде рестриктивті бұзылудың дамуына плевраның патологиялық өзгерісі, пневмоторакс, көкірек жасушасының сүйек-бұлшықет аппаратының патологиялық өзгерісі, әртүрлі себептердің әсерінен диафрагманың қозғалғыштығының төмендеуі, іш құрылысының ауруы және ауыртушы әсер (болевой синдром) себепші болады. Тыныс алудың рестриктивті бұзылуы кіші қан айналу шеңберінде тоқырау пайда болуынан болатын жүрек қызметінің әлсіреуінен және басқа себептердің әсерінен пайда болуы мүмкін.
3. Бұзылудың аралас түрі әртүрлі себептердің бірігуінен пайда болады. Сондықтан кейде аурудың диагнозын анықтау кезінде қайсы бұзылу негізгі екенін анықтау қиынға түседі.
Кейде өкпенің қалыпты вентиляциялық қызметі кезінде тыныс алудың жетіспеушілігі тыныс алу үдерісінің басқа кезеңдеріндегі бұзылудың әсерінен дамуы мүмкін. Бұл жағдайда ФВД –ны зерттеу нақты диагностикалық мәлімет бере алмайды. Сондықтан тек өкпеде газ алмасудың диагностикасын жасап қоймай, қан айналу жүйесінің газды тасымалдауын және ұлпа аралық тыныс алуды зерттеу керек. Өкпенің вентиляциялық қызметін зерттеу дәрігерге қаралушының жағдайын кешенді бағалауға қолданылады.
Өкпенің вентиляциялық қызметін клиникалық бағалау науқастың тыныс алу түрлерін дұрыс орындаған кезде алынған нәтижелерді қалыпты шамалармен салыстырылуға негізделген. Қалыпты шамалар деп зертелетін түр үшін өкпенің қалыпты күйінің параметірлерін сипаттайтын шамаларды айтады. Қалыпты шамалардың мәні дәрігерге қаралушының жынысына, жасына, бойының ұзындығына және оның шығу тегіне байланысты болады. Ал балаларда қалыпты шамалар жынысы мен бойының ұзындығына қарағанда жасына аз дәрежеде байланысты болады.
Егер дәрігерге қаралушының зерттеу нәтижесі мүмкін болатын қалыпты шамадан 80%-ға артса, онда өкпенің вентиляциясының бұзылуы жоқ деп есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет