Спирометрия – тыныс алу көлемін өлшейтін әдіс. Графикалық жолмен зерттеу нәтижелерін тіркеу арқылы алынған графикалық сызықты спирограмма деп атайды. Спирограммада абсцисса осіне уақыт, ал ордината осіне ауа көлемі салынады.
Тыныс алу кезінде өкпе-бронх жүйесіндегі ауа көлемі өзгереді. Бұл өзгерістерді спирометриялық қондырғы тіркеп, спирограмма түрінде береді. Қалапты спирограмманың негізгі элементтерін қарастырайық (6 сурет).
Бірнеше рет тыныс алған кездегі ауа көлемінің қосындысын сиымдылықты көрсеткіш деп атайды.
Тыныс алу көлемі (Дыхательный объём - ДО) деп тыныс алған кезде өкпеге түсетін ауа көлемін айтады.
Тыныштық күйде ересек адамның ДО-сы 500—800 мл құрайды.
Альвеолға жететін және газ алмасуға қатысатын ДО-ның бөлігін альвеолярлы көлем (альвеолярным объёмом -АО) - деп атайды. Қалыпты жағдайда АО, ДО-ның 60-70% құрайды. Ал ДО-ның қалған бөлігі өлі аймақтың қызметі (функционального мёртвого пространства -ФМП) - деп аталады. АО мен ФМП –ны тікелей спирометриялық әдіспен өлшеу мүмкін емес, сондықтан олар үшін газдарды еріту әдісі қолданады.
Тыныс алу жиілігі (Частота дыхания -ЧД) - деп бір минут ішінде науқастың тыныс алу циклының санын айтады.
Тыныс алудың минуттық көлемі (Минутный объём дыхания -МОД) немесе өкпенің минуттық вентиляциясы (МВЛ — минутная вентиляция лёгких) МОД = ЧД*ДО формуласымен есептелінеді.
Минуттық альвеолярлы вентиляцияны (минутную альвеолярную вентиляцию МАВ) егер АО белгілі болса, МАВ = ЧД *АО формуласымен анықталады.
МАВ және МОД ағзаның энергетикалық алмасуға қажеттілігімен анықталады. Тыныс алу жүйесінің белгілі бір дәрежеде резервті мүмкіндігі болғандықтан ДО, ЧД, МОД тыныштық күйде берілген қалыпты шамамен салыстырғанда азырақ төмендейді. МОД –тың алмасудың қажеттілігінен артық болу жағдайын гипервентиляция, ал кемуін гиповентиляция деп атайды. Осыған ұқсас альвеолярлы гипервентиляция және гиповентиляция күйлері қарастырылуы мүмкін.
Дем алу және дем шығарудың резервті көлемі (Резервные объёмы вдоха и выдоха - РОВД и РОВЫД) — деп дәрігерге қаралушының тыныш дем алған немесе демді шығарғаннан кейін сәйкес қосымша дем алатын немесе демді шығаратын ең көп ауа көлемін айтады.
Дем алудың сиымдылығы (Ёмкость вдоха - ЕВД) ДО және РОВД қосындысына тең болады және терең тыныш дем алған кездегі ауа көлеміне сәйкес келеді. болады.
Дем алған кездегі өкпенің өмірлік сиымдылығы (Жизненная ёмкость лёгких - ЖЕЛ) – деп ДО және РО дем алу және дем шығарудың қосындысын айтады. Басқаша ЖЕЛ – деп дәрігерге қаралушының ең үлкен дем шығарғаннан кейінгі дем алғандағы ең көп ауа көлемімен дем алу мүмкіндігі.
Өкпенің қалдық көлемі (Остаточный объём лёгких - ООЛ) – деп толық дем шығарғаннан кейін өкпеде қалатын ауа көлемін айтады.
Өкпенің жалпы сиымдылығы (Общая ёмкость лёгких - ОЕЛ) – деп ЖЕЛ мен ООЛ – қосындысына тең шаманы айтады. ООЛ – жастарда 25-30%, ал ересектерде 35% құрайды.
Өкпенің функционалдық қалдық сиымдылығы (Функциональная остаточная ёмкость лёгких - ФОЕ) – деп жәй дем шығарғаннан кейінгі өкпеде қалған ауа көлемін айтады. Ол ФОЕ = ООЛ + РОВЫД формуласымен анықталады.
Спирометрия кезінде анықталатын параметрлер (1-кесте):
Параметрлер
|
Фзиологиялық ауытқулардың шегі
|
ДО
|
Тыныс алу көлемі (Дыхательный объем)
|
0,05-2,5 л
|
ЧД
|
Тыныс алу жиілігі (Частота дыхания)
|
минутына 8-80
|
МОД
|
Тыныс алудың минуттық көлемі (Минутный объем дыхания)
|
1,5-12 л
|
Тt
|
Тыныс алу циклының ұзақтығы (Длительность дыхательного цикла)
|
0,75-7,5 с
|
ЖЕЛВД
|
Дем алған кездегі өкпенің өмірлік сиымдылығы (Жизненная емкость легких на вдохе)
|
0,5-8,0 л
|
ЖЕЛВЫД
|
Дем шығарған кездегі өкпенің өмірлік сиымдылығы (Жизненная емкость легких на выдохе)
|
0,5-8,0 л
|
РОВЫД
|
Резервті дем шығару көлемі (Резервный объем выдоха)
|
0,1-1,5 л
|
РОВД
|
Резервті дем алу көлемі (Резервный объем вдоха)
|
0,1-3,5 л
|
ЕВД
|
Дем алу сиымдылығы (Емкость вдоха)
|
0,2-5,0 л
|
ФЖЕЛ
|
Өкпенің жылдамдатылған өмірлік сиымдылығы (Форсированная жизненная емкость легких)
|
0,5-8,0 л
|
МВЛ
|
Өкпенің ең үлкен вентиляциясы (Максимальная вентиляция легких)
|
5-200 л
|
ОЕЛ = ЖЕЛ+ООЛ
ЖЕЛ = ДО + РОвд + РОвыд
ЖЕЛ = Евд + РОвыд
Евд = ДО+РОвд
МОД = ДО*ЧД
Ағзадағы алмасудың деңгейі артқан кезде тыныс алу көлемі және тыныс алу жиілігі артады. Ағзаның 1 минут ішінде вентиляциялайтын ең көп ауа көлемін өкпенің ең үлкен вентиляциясы (максимальной вентиляции лёгких- МВЛ) – деп атайды. МВЛ = ДОмакс * ЧДмакс.
Достарыңызбен бөлісу: |