Оѕтїстік Ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет19/41
Дата27.05.2023
өлшемі5,39 Mb.
#177830
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41
Байланысты:
Метод-Физика-ФК-каз

Жұмыстың орындалу реті:



І. ЖЕЛВЫД -ді өлшеу реті:
1. Дәрігерге қаралушы туралы мәліметтерді (жынысы, жасы, бойының ұзындығы) енгізіп, «ВВОД» пернесін басу керек.
2. Байқаудың түрін таңдау керек. Ол үшін «ЖЕЛ» пернесін басса, экранда спирограмма тұрғызуға арналған координаталық тор шығады.
3. Дәрігерге қаралушының мұрны қысқышпен қысылып, аузына салынған мүштік еріндерімен толық жабылғаннан кейін, байқау қалай жүргізілетіндігі туралы кеңес беру керек.
4. «Старт» пернесін басу керек. Дәрігерге қаралушыға бірқалыпты дем алуын бастауды ұсынып, экранға шығарылған спирограммаға қарай отырып тыныс алуды бақылау және қажет болса қосымша кеңес беру керек.
5. Ауа ағыны қабылдағышқа түскеннен кейін спирограмма тұрғызыла бастайды. З – 6 рет жай тыныс алғаннан кейін экранда ауа мөлшерінің есептелген мәні шығады. Содан кейін науқасқа «Баяу терең дем алыңыз» және «Баяу терең дем шығарыңыз» деп нұсқау беру керек. Содан кейін дәрігерге қаралушы еркін дем алады.
6. «Стоп» пернесін басу керек.
7. Егер бақылау дұрыс жасалса, онда «ВВОД» пернесін басу керек оның қорытындысы кстеде сақталады.
*Егер бақылаудың қорытындысы қанағаттандырмаса, онда «СТАРТ» пернесін басу арқылы бақылауды қайта жасау керек.
8. Экранға шығарылған бақылау қорытындысын баспадан шығару үшін «Печать» пернесін басу керек.
ІІ. ФЖЕЛ-ді өлшеу реті:
1. «ЖЕЛ» байқауын түсіріп болғаннан кейін «ФЖЕЛ» пернесін басса, экранда «ағын-көлем» тұзағын тұрғызуға арналған координаталық тор шығады.
2.Дәрігерге қаралушыға еркін дем алуға кеңес бергеннен кейін, «Старт» пернесін басу керек.
3. «2-5» рет еркін дем алғаннан кейін экранның төменгі жағында терең дем алу және дем шығару туралы ескерту шығады содан кейін дәрігерге қаралушыға «Терең дем ал және шұғыл дем шығар» деп нұсқау беру керек. Егер қондырғы зерттеуді дұрыс тіркесе, онда экранда зерттеудің сызбасы шығады.
4. Терең дем шығарғаннан кейін қондырғы автоматты түрде зерттеуді аяқтайды.
*Егер белгілі бір себептермен зерттеу орындалмаса, онда «Стоп» пернесін басу керек.
5. Егер тыныс алу дұрыс орындалса, зерттеу нәтижесін сақтау сақту үшін «Ввод» пернесін басу керек.
6. Экранға шығарылған бақылау қорытындысын баспадан шығару үшін «Печать» пернесін басу керек.
ІІІ. МВЛ-ді өлшеу реті:
1. «МВЛ» пернесін басса, экранда спирограмма тұрғызуға арналған координаталық тор шығады.
2.Дәрігерге қаралушыға терең жиі дем алуға кеңес бергеннен кейін, «Старт» пернесін басу керек.
3. 15 секундтан кейін қондырғы автоматты түрде зерттеуді аяқтайды. Экранда нәтиже пайда болғаннан кейін «Стоп» пернесін басу керек.
4. Егер тыныс алу дұрыс орындалса, зерттеу нәтижесін сақтау сақту үшін «Ввод» пернесін басу керек.
5. Экранға шығарылған бақылау қорытындысын баспадан шығару үшін «Печать» пернесін басу керек.
Барлық керекті өлшеулер жүргізіліп болғаннан кейін, өлшеу қорытындысы экранға шығарылыды (5 сурет).

  1. Бақылау түрінің атауы;

  2. Дәрігерге қаралушының реттік нөмірі және ол туралы мәліметтер (жынысы, жасы, бойы);

  3. Литрмен берілген ауа көлемінің шкаласы;

  4. Секундпен берілген уақыт шкаласы;

Зерттеу бойынша түсірілген график;

  1. Зерттеу күні;

  2. Зерттеу уақыты;

  3. П
    араметрлердің таблицасы (параметрлердің белгіленуі, өлшем бірлігі, өлшенген шама, нормативтік құжатқа сәйкес мүмкін болу керек шама, пайызбен берілген өлшенген шаманың мүмкін болу керек шамаға қатынасы).



ІҮ. Алынған нәтижелерді 1-кестедегі спирометрия кезінде анықталған қалыпты шамалармен салыстырып, қорытынды жасау керек.


1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет