Оѕтїстік Ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет18/41
Дата27.05.2023
өлшемі5,39 Mb.
#177830
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
Байланысты:
Метод-Физика-ФК-каз

1. Тақырыбы: №6 жұмыс. Спирометр құралы арқылы берілген функционалды зерттеулерді тіркеу және талдау.


2. Мақсаты: Студенттерді өкпе ауруларының табиғатын зертеуге, сыртқы тыныс алу қызметін өлшеуге арналған аспап, «Спиро С-100» спирометрінің құрылысын және жұмыс істеу принципін үйрету.


3. Оқыту мақсаты: Әртүрлі медициналық мамандықтарда тыныс алу жүйесінің қызметін зерттеу маңызды мәселе болып келеді. Зерттеу нәтижелері бронх-өкпе жүйесіндегі ауытқуларды дер кезінде байқап, науқастың жағдайын, аурудың деңгейін, оның өзгерісін нақты бағалауға және емдеу жолдарын дұрыс таңдап алуға мүмкіндік береді. Өкпедегі ауа ағысының айналымын зерттемей анестезиологиялық іс-әрекетті дұрыс таңдап алу мүмкін емес.


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Студентің біліп келуге тиісті мәліметтері:

  1. «Спиро С-100» спирометрінің құрылысын және жұмыс істеу принципін».

  2. Зерттеудің жаңа әдістерін.

  • Студентің меңгеріп келуге тиісті дағдылары:

  1. Науқасты зерттеуге дайындауды.

  2. «Спиро С-100» спирометрімен дұрыс жұмыс істей алуды.

  3. Зерттеу нәтижелерін дұрыс талдай алуды.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар



  • Қондырғының құрылысы:

1.Спирометрдің басқару бөліктері.
2
. Спирометр пернелерінің атқаратын қызметі.
1) «Питание» пернесі - спирометрді іске қосады және өшіреді. Өшіру үшін пернені ең кемінде 3 секунтдай басып тұру керек.
2) «Настр.» пернесі - спирометрдің негізгі параметрлерін баптау режиміне қосады.
3) «Пациент» пернесі - науқас туралы ақпарат береді.
4
) «Фарм.» пернесі - спирометрдің жадына жазылған науқасқа жасалған фармокологиялық байқауды (проба), оның нөмірі бойынша іздейді.
5) «Проба» пернесі – берілген байқауды фармокологиялық байқаумен салыстыру арқылы таңдап алу үшін қолданылады.
6) «ЖЕЛ», «ФЖЕЛ», «МВЛ» пернелері - режимдерді таңдау үшін қолданылады.
7) «Старт»,«Стоп» пернелері – таңдап алынған режимдердің басталуын және аяқталуын көрсетеді.
8) «Прагон» пернесін - қысқа мерзімде басқан кезде қағаз шамамен 10 мм-ге жылжиды. Егер пернені ұзақ уақыт басып тұрса осы уақыт ішінде қағаз жылжи береді.
9) «Печать» пернесі - байқаудың нәтижені баспаға шығарады.
10) «Ввод» пернесі - енгізілген сан мәндерін енгізіліп болғандығын көрсетеді.
11) «Удал.» пернесі - енгізілген мәліметтерді өшіреді.
12) Клавиатураның сандар жазылған бөлігі сандарды енгізу үшін қолданады.

3. Жұмысты бастау реті.


С пирометрді қосқаннан кейін оның экранында дәрігерге қаралушы туралы мәліметтерді енгізетін мәзір шығады (3 сурет).
Егер қоршаған ортаның күйі (бөлменің температурасы, ауаның қысымы, спирометрдің орны) өзгермесе, онда дәрігерге қаралушы туралы мәліметтерді енгізіп зерттеуді жүргізу керек.
1. Өкпе вентиляциясын зерттеуге дәрігерге қаралушыны дайындау.
Дәрігерге қаралушы кез келген сыртқы дем алу функциясын (функция внешнего дыхания - ФВД ) зерттеу алдында:

  • зерттеуге дейін 24 сағат ішінде темекі тартпауы, арақ-шарап ішпеуі керек.

  • зерттеуге дейін 2 сағат ішінде емдік дене шынықтыруға қатыспау, денеге ауыр жүктеме түсірмеу, баспалдақпен жоғары көтерілмеу керек.

  • зерттеуге кеудені қыспайтын жеңіл киіммен келу керек.

  • зерттеуге дейін 2 сағат ішінде тойып тамақ ішпеу керек.

  • бронхты босаңсытатын ингаляциалық құралдарды қолданбау керек. Егер қолданса, онда дәрігерге қолданған уақытысын, дозасын айту керек.

2. Спирометрия әдісімен өлшеудің жалпы ережелері:
1. Жұмыс жүргізер алдында қондырғыны зерттеу жүргізуге дайындау керек. Ол үшін бөлменің температурасын, ауаның қысымын өлшеп қондырғының жадына енгізу керек.
2. Өкпе вентиляциясын зерттеуді ыңғайлы, тыныш жағдайда жүргізу керек. Яғни дәрігерге қаралушы зерттеуге дейін ең азы 10 минут дем алу керек.
3. Мұрынды қысып тұратын әр дәрігерге қаралушыға арналған қысқыш қолдану керек.
4. Зерттеу алдында:
• дәрігерге қаралушы туралы толық мәліметті (жасы, жынысы, бойы және т.б.) енгізу керек
• бөлме температурасын, ауаның қысымын, ылғалдылығын білу керек.
• дәрігерге қаралушының соңғы кезде қабылдаған дәрі-дәрмектерін, оның дозасын, соңғы қабылдаған уақыты туралы мәліметтерді білу керек.
5. Дәрігерге қаралушы кеудесін, мойынын қысып тұратын киімдерін шешу керек.
6. Екі байқау аралығында 1-2 минуттан үзіліс жасау керек.
7. Спирометрдің ауа ағындарын қабылдайтын бөлімімен мүштектің жалғанған жерінде саңлау болмау керек.
8. Зерттеу кезінде науқастың орындайтын іс әрекетін нақты мәнерлі дауыс ырғағымен айтып тұру керек.
9
. Дәрігерге қаралушы зерттеу кезінде жөтелсе, онда үзіліс жасап, содан кейін жалғастыру керек.
а — мүштік ауыз қуысына дұрыс енгізілген.
б — мүштік ауыз қуысына терең енгізілмеген яғни тіл, тіс оның саңлауын жартылай жабуы мүмкін.
в — мүштік ауыз қуысына терең енгізілген яғни тілдің түбіне күш түсіреді.


1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет