Оѕтїстік Ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика академиясы


Электроэнцефалографты жұмысқа дайындау



бет23/41
Дата27.05.2023
өлшемі5,39 Mb.
#177830
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41
Байланысты:
Метод-Физика-ФК-каз

Электроэнцефалографты жұмысқа дайындау.

Науқастың денесіне электродтарды орнатар алдында оларды химиялық жолмен залалсыздандыру керек. Ол үшін электродтарды 80 минут бойы концентрациясы – 3% сутегінің асқын тотығына (перекись водорода) немесе 30 минут бойы концентрациясы – 1% хлорамин ерітіндісіне батырады. Науқастың басына қойылатын электродтарды ұстап тұратын торлы шлем 1% хлорамин ерітіндісіне батырылған бөз салфеткамен екі рет (әр сүртілу арасы 15 минут) сүртілуі керек. Электродтарды орнатар алдында науқас денесінің электрод орнатылатын жерін Никифоров қоспасымен (1:1 қатынастағы этил спирті мен эфир) сүрту керек.

  • Ж ұмыстың орындалу реті.

Бағдарламаны іске қосу, ЭЭГ жазу және жұмысты аяқтау:
1. “Нейрон-Спектр” бағдарламасын іске қосу үшін тышқанмен есептер тақтасындағы Пуск батырмасын басу керек. Одан «Программы → НейроСофт → Нейрон-Спектр» команда мәзірін таңдап алу керек.
Бағдарлама жүктелген кезде (сурет. 1.1). оның негізгі терезесі көрінеді. Оның жоғарғы жолында «Обследование, Протокол, Вид, Настройка, Окно, ?» мәзір, ал төмен жағында саймандар тақтасы орналасқан. Терезенің астында жағдай жолы орналасқан.
Бағдарламаны басқару мәзір командалары арқылы орындалады. Көбінесе жиі қолданылатын мәзір команда-лары саймандар тақтасындағы батырмалардың қызметін қайталайды.
3. Саймандар тақтасын тышқанның көмегімен экранның жоғарғы жағына немесе жаңа орындарға орналастыруға болады. Ол үшін тақтаны қозғалтуға мүмкіндік беретін белгіні тышқан көрсеткішімен іліп алып жаңа орынға жылжытып қоюға болады.
4. Бағдарлама барлық іс-әрекетке түсініктеме беретін анықтамалық жүйемен қамтамасыз етілген. Түсініксіз сұрақ туындаған жағдайда [F1] пернесін немесе “Справка” батырмасын басу арқылы анықтамалық ақпараттарды шақыруға болады.
5. ЭЭГ –ны тіркеу кезінде бағдарлама компьютердің орталық жүйелік қорабын және қосалқы жүйелік бөліктерін белсенді қолданатындықтан басқа бағдарламаларды қосуға рұқсат етілмейді.
6 . Бірінші рет келген науқастың электроэнцефалограммасын жазу үшін мәзірден «Обследование → Новое → Новый пациент» командасын таңдап, саймандар тақтасынан сәйкес батырманы басу керек . Сол кезде «Создание карточки пациента» деген сұхбаттасу терезесі пайда болады (сурет 1.2.).
1.2. - суретіндегі «Общие» деген бетке науқас туралы мәліметтер енгізіледі. «Картотека» деген жолда науқастың жаңа сырқат кітапшасы түзіледі. Егер беріген картотека ұнамаса, онда «Выбрать» батырмасын басу арқылы басқа картотека түзуге болады.
Картотекаға науқастың аты-жөнін, жынысын, туған жылын, дәрігерлік бөлімнің атын енгізу керек.
«Диагноз» деген жерге алдын-ала қойылған диагнозын енгізу керек. «Стандартные диагнозы» деген батырманы басу арқылы қалыпты диагноздардан таңдап алуға болады (сурет 1.2.).
Ескерту: дәрігерлік бөлімнің атын, науқастың диагнозын енгізу міндетті емес.
«Дополнительно» деген бетке науқас туралы қосымша мәліметтер енгізіледі (сурет 1.3.).
Ең соңында сырқат кітапшасы толтырылғаннан кейін «ОК» батырмасын басу керек.
7 . Егер деректер қорында науқастың сырқат кітапшасы бар болса, онда картотекадан «Обследование → Новое → Пациент» командасын пайдаланады. Экранда «Выбор карточки пациента» деген сұхбаттасу терезесі пайда болады. (сурет 1.4.). Науқастың сырқат кітапшасын таңдағаннан кейін «ОК» батырмасын басу керек.

8. Электродтарды қосу.


8.1 Зерттеу алдында электродтарды 5-10 минут ішінде 0,9%-натрий-хлор (физ. раствор) ертіндісінде ұстау керек.
8.2 Тармақтар жиынын қондырғының кіріс бөлігіне қосу керек.
8.3 Науқастың басына электродтарды шлем торды қолдану арқылы (1.5. сурет) орнату керек.
8 .4 Мидың биоэлектрлік белсенді күйін дәл сипаттау үшін электродтарды дұрыс орнату керек. Бұл жағдайда электродтардың сагиталды сызыққа салыстырғанда симметриялы орналасуын қатаң сақтау керек. Яғни электродтар мидың барлық конвекситальды беттерінің негізгі бөлімдерінің (маңдай, еңбек, орталық, самай) үстіне бір-бірінен бірдей қашықтықта болатындай етіп орналастырады. Тәжірибелік медицинада электродтарды орналастырудың “10-20%” бүкіл әлемдік жүйесі қолданылады (1.6. сурет).
8.5. Электродтарға тармақтар жиынын қосу керек.
9. Мидың биоэлектрлік потенциалын жазу реті:
9.1. Саймандар тақтасынан (СТ) «Мониторинг» батырмасын немесе F9 пернесін басу керек.
9.2. Содан кейін саймандар тақтасындағы «жазу- запись» батырмасын басып, оң жақтағы тақтадан қоздырудың түрлерін: ФЗ - фон арқылы жазу (фоновая запись), ОГ- көз ашық кзіндегі жазу (открытые глаза), ЗГ- көз жұмулы кзіндегі жазу (закрытые глаза), ГВ – терең 5-6 рет дем алып-дем шығарған кездегі жазу (глубокий вдох-выдох, примерно 5-6 вдохов-выдохов) – ФТ – (фото қоздыру арқылы жазу – бұл кезде индикатор шамы өшіп-жанады) әр 10 сек сайын таңдау арқылы жазып алу керек.
9.3. Жазуды аяқтау үшін саймандар тақтасынан «Стоп» батырмасын немесе Esc пернесін басу керек.
9.4. Жазылған энцефалограмманы баспаға шығару үшін саймандар тақтасынан алдымен «Предварительный просмотр» батырмасын басып көріп алғаннан кейін «Печать» батырмасын басу керек.
10. Жұмысты аяқтау үшін мынандай үш әдіс қолданылады:
• «Обследование» мәзірінен «Выход» командасын шақыру керек.
[Аlt+F4] пернелер комбинациясын басу керек.
• тышқанмен сол жақ батырмасын терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы «х» белгісіне қойып басқанда бағдарлама жабылады.
11. Жұмыс аяқталғаннан кейін электродтарды ажыратып тазартылған сумен жуып, кептіріп орнына қою керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет