Ескерту! Жұмыс аяқталғаннан кейін электродтарды ерітіндіде қалдыруға болмайды.
Электродтарды тазалау үшін үшкір заттар (скальпель, ине, пинцет және т.б) қолданылмайды.
Электродтарды сыртқы соққыдан бұзылуға алып келетін механикалық әсерден сақтау керек.
Электродарды қаныққан булы (қышқыл, негіз, күкіртті сутек) ортада сақтауға тыйым салынады.
Қысқаша теория.
Электроэнцефалография (ЭЭГ) – ми қабаттарының жұмыс істеу кезіндегі биоэлектрлік белсенділігін зерттейтін әдіс. Жүйке жасуша мембранасының тыныштық күйдегі потенциалы 60-70 мкВ. Зат алмасу баяулаған немесе тоқтаған кезде нейрондардың электрлік белсенділігі төмендейді, сонан соң толық тоқтайды. Бұл мидың клиникалық және биологиялық қызметінің толық тоқталғандығының көрсеткіші. Жекеленген нейрондардың деңгейінде өтетін электрлік үдерістерді, сол нейрондарға тікелей енгізілген микроэлектродтардың көмегімен тіркеуге болады. Сау адамның ЭЭГ – сында біріктірілген (синхронды) ми құрылымының жақсы ұйымдастырылған ырғақты тербелістері болады. Кәзіргі кезде мидың функционалдық белсенділігін реттеу, негізінен, бағаналық құрылымдармен және бірен-саран мидың алдыңғы преоптикалық аймағы арқылы орындалатындығы белгілі.
О сы құрылымдардың ішінде орталық мидың ретикулярлық формациясының деңгейінде, алдыңғы мидың преоптикалық ядросында, көпірдің төменгі жағындағы құрылуға кедергі жасайтын арнайы емес таламидтік ядроларында және сопақша мида белсенді жүйелер орналасқан.
Диффузиялық және механизмдер-дің ретикулярлық ұйымдастыры-луы және ми қыртысының екі жақты кескіні бұл жүйелерге ортақ болып табылады.
Сондықтан ми қыртысы бөлігінің жергілікті белсенділігі, барлық белсенді- тежеуші құрылымдар-дың үдерістерін және мидың барлық бөлігіне олардың әсерінің таралуын тудырады. Мидың биоэлектрлік белсенділігі туралы толық мәлімет алу үшін басқа тері бетіне қойылатын немесе инелі электродтарды мұқият орналастыру керек.
Бұл жағдайда электродтарды сагиталды сызыққа салыстырғанда симметриялығын қатаң сақтау керек. Электродтарды мидың барлық конвекситалды беттерінің негізгі бөлімдерінің (маңдай, еңбек, орталық, самай) үстіне бір-бірінен бірдей қашықтықта болатындай етіп орналастырады. Тәжірибелік медицинада электродтарды орналастырудың “10-20%” бүкіл әлемдік жүйесі қолданылады (сурет 1.6).
Электроэнцефалографияда шартты түрде монополярлы (референтті) және биполярлы деп бөлінетін екі тармақ қолданылады.