Оѕтїстік Ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет29/41
Дата27.05.2023
өлшемі5,39 Mb.
#177830
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41
Байланысты:
Метод-Физика-ФК-каз

1. Тақырыбы: №9 жұмыс. Поляриметр көмегімен оптикалық белсенді заттардың концентрациясын анықтау.


2. Мақсаты: Табиғи және поляризацияланған жарықтың кейбiр қасиеттерiн білу.


3. Оқыту мақсаты: Поляриметр құрылысымен танысу және оның көмегiмен оптикалық белсендi (активтi) заттардың концентрациясын анықтауды үйрету.


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Табиғи және поляризацияланған жарықтың айырмашылығы неде?
2. Малюс заңы қалай өрнектеледі?
3. Поляриметрдің оптикалық құрлысы қандай бөліктерден тұрады?
4. Оптикалық – белсенді заттар дегеніміз не?
5.Поляриметр фармацияда не үшін қолданылады?


5. Білім берудің және оқытудың әдістері: жұптасып жұмыс жасау.

  • Өлшеу жұмыстарына қажеттi құрал-жабдықтар:

1. П-161 поляриметрі.
2. Жарық көзі.
3. Кювета.
4. Концентрациясы белгілі қант ерітіндісі.
5. Концентрациясы белгісіз қант ерітіндісі



  • Қондырғының құрылысы:

1 Анализатор бөлiгi 2 Есептегiш лупа
3 Жалғағыш түтiк 4 Айна
5 Штатив 6 Кювета
7 Окуляр 8 Анализаторды айналдырғыш дөңгелек
9 Поляризатор бөлiгi 10 Көру түтiгi


1-сурет. 2-сурет.




Қондырғының анализатор бөлiгi (1) жарықты поляризациялаушы бөлiгiмен (9) жалғағыш түтiк (3) арқылы қосылған. Жалғағыш түтiкке ерiтiндiнi құятын ұзындығы 0,95 дм кювета (6) орналастырылады және оған айна (4) бекiтiлген. Окулярдың көмегiмен көру аймағының үшке бөлiнгенiн, ал оны бұрау арқылы оның кескiнiн анық көруге болады (2сурет). Поляриметр қондырғысы (3сурет) поляризатордан (4), қызғылт  сары түстi жарық (2) фильтрiнен, кварцты (5) пластинкадан тұрады.

3сурет. Поляриметрдiң оптикалық сызбасы.

1жарық көзi,


2жарық фильтрi,
3объектив,
4поляризатор
5кварцты пластинка,
6кювета,
7анализатор,
объектив,
9окуляр.


I. Лимба және нониус.
Оптикалық белсендi заттардың поляризация жазықтығын бұру бұрышы өте аз болғандықтан, бұл құралда өте кiшi бұрыштық шамаларды дәл өлшеу үшiн лимб және нониус қолданылады (4-сурет).

4-сурет.

Қозғалмайтын жоғарғы шкала лимб деп аталынады. Оның нөльдiк белгiсiнiң оң және сол жағы бiрдей 20 бөлiкке бөлiнген. Лимба шкаласының әр бөлiгiнiң құны 0-қа тең. Осы жазықтықта лимба шкаласымен шектесiп, оңға және солға қозғалатын төменгi шкала  нониус орналасқан. Оның нөльдiк белгiсiнiң екi жағы да бiрдей 10 бөлiкке бөлiнген. Нониус шкаласының әр бөлiгiнiң құны 0,10-қа тең.


Өлшенетiн бұрыштың таңбасы нониустың 0 белгiсiнiң орналасу жағдайына тәуелдi: егер нониустың 0 белгiсi лимба шкаласындағы 0 белгiнiң оң жағында орналасса, онда өлшенген бұрыш-оң, ал сол жағында орналасса-терiс таңбалы болады.
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет