Ақпараттық РНҚ – ң биологиялық рөлі. аРНҚ ДНҚ жасаушысының нақты аумағындағы көшірмесі бола тұрып, бір белоктың алғашқы құрылымының ақпаратын сақтайды. 3 нуклеотидтың кезектестігі аРНҚ молекулаларында аминқышқылының нақты түрін кодтайды. Бұл ақпаратты аРНҚ-ның кішігірім жасушасы ядродан ядролық саңылау арқылы өтіп белок синтезделетін орын – рибосомаға жеркізеді. Сондықтан аРНҚ-ны кейде материалдық деп атайды. Генетикалық код 1965-1967жж. Х. Г. Коронмен ашылған. Сол үшін ол Нобель сыйлығының иегері атанған.
Тасымалдаушы РНҚ.Белок синтезінде амин қышқылдарын рибосомаға жеткізетін РНҚ-ны тасымалдаушы деп атайды. Бұл кішігірім жасушалар 3 нуклеотидтік кезектестікті – антикодондарды өз шыңында тасымалдайды. Олардың көмегімен тРНҚ комплементарлық принциптері бойынша аРНҚ-ның кодондарына жалғасады. тРНҚ жасушасының қарама – қарсы ұшы аминқышқылдарына жалғасады. Бұнда тек бір нақты, оның антикодондарына сай түрі ғана қатысады.